Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ағзаның жағдайы



Ағзаның жағдайы

     Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі, олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті әдетте жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты болады. Кейбір у түріне ұрғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.

    Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы заттарға қарсы тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті төмендейді.

    Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер түрінде байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы уланукезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауы да мүмкін Бірақ, ол залалсыздандырудың негізгі мүшесі – бауырға айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

    Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уақыт енуі, олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және гиперсенсибилизациясына әкеліп соқтыруы мүмкін.

 

Удың ағзаға ену жолдары

      Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық - химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, құрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.

     Тыныс алу (ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар (көміртегі тотығы , күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкепе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.

    Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.