Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жайылымдар мен шыбындық жерлерді дұрыс бақылауға алып, қадағаламау.



   Жайылымдар мен шыбындық жерлерді дұрыс бақылауға алып, қадағаламау.

    Өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білмеу.

    Егін және мал шаруашылығының мамандарының бір-бірімен байланысының жоқтығы.

    Егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минеральды тыңайтқыштар, улы өсімдіктер туралы білімдерінің таяздығы.

   Ауыл шаруашылық мамандарының арасындағы уытты заттар және олардың зияндығы туралы үгіт-насихат жұмыстарының нашар жүргізілуі.

 

Уланулар туралы жалпы түсінік.

Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.

    Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosіs toxіca) немесе өлімге душар болуы (dosіs letalіs) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.

   Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг). Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса, улылығы аз зат болып есептелінеді.

Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне

(өлшем бірліктеріне) сипаттама :

    LІMac - (Лима атты автордың атымен байланысты)- малдарға ішке бергенде және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функционалдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты заттардың 1 мәрте еккендегі (мг/кг) ең төменгі мөлшері.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.