Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Удың жануарлар ағзасына әсері



Удың жануарлар ағзасына әсері

    Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету механизмін қарастырады.

   Токсикокинетика- малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу,таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.

    Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі – контактілі (жанасу), екіншісі- ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.

    Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:

- Малдың уға сезімталдығы.

- Ағзаның жағдайы.

- Удың ағзаға ену жолдары.

- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

 

               

Малдың улы заттарға сезімталдығы

     Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылық малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.

   Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В» витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.

       



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.