Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ағзадан удың бөлінуі



Ағзадан удың бөлінуі

    Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады.

- Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шығуы мүмкін,

- ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.

  - Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады. Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.

       Несеп сынамаларын зерттеген кезде көп жағдайда удың өзі емес қалдықтары табылады. Бұл атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда болуы мүмкін. Несеп бөлу мүшелері арқылы суда еритін және ағзаға қан арқылы таралатын заттар шығарылады. Несептің құрамында алколойдтар, нитраттар, эфир майлары, метал қосылыстары болады. Жіті және созылмалы улануларда несепті зерттеудің улануды балауда маңызы зор. Құсу актісі тән емес барлық малдарда улы заттар нәжіспен шығарылады. Бұл негізінен ірі қара малы мен жылқыларға қатысты. Дегенмен, құсу актісі тән болса да, улы заттың бір бөлігі нәжіс арқылы шығарылады. Бұл көбінесе, удың ішекте нашар ыдырап, қанның құрамына енбеген жағдайда болады. Осындай жолмен ағзадан алколойдтар, металл қосындылары, кейбір улы заттар өзгермеген қалпында бөлініп шығады.

      Мал дәрігерлік токсикологияда улы заттардың деммен (тыныс алу) бөлінуінің маңызы да айтарлықтай. Мысалы: шыққан ауадан сарымсақтың иісі шықса, онда ол мышьяк қосылыстарымен уланғандығын көрсетеді.

     Сонымен қатар, кейбір уытты заттар едәуір мөлшерде сүтпен бөлінеді. Әсіресе, сүттің құрамындағы хлорорганикалық қосылыстардың (ДДҮ, гексахлоран т.б.) болуы, жас төлдер мен адамдарға қауіп төндіреді. Тірі кезіндегі созылмалы улануды анықтау үшін, экскретті зерттеу құнды болып табылады (зәр, нәжіс, құсық массасы).

 

Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.