Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Улануды клиникалық бағалау



Улануды клиникалық бағалау

   Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту сатысы және ерекшелік сипаттары бар.

   Олардың негізгілері болып мыналар табылады:

-аурудың аяқ асты болуы, қарқынды өту кезі және ауырған жануарлар мен құстардың жіті өлімі.

-аурудың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі)

-бірнеше жануарлардың бір уақытта улануы (ауруы).

-контагиоздың болмауы (жұғымталдығы).

-жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің білінуі.

    Улануды балау айтарлықтай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек клиникалық белгілеріне қарап, балау қоя беру әрқашан мүмкін бола бермейді.

    Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет- шаруашылықта жұқпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру қажет. Өйткені, жұқпалы аурулар мен уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы, жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға «уланған» деп балау қойсақ, нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды «жұқпалы аурумен ауырған» деген шешімге келсек немесе балауда кеткен басқа да қателіктер шаруашылыққа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын үлкен экономикалық шығын немесе зардап әкеледі. 

   Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау қоюда дене температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы, уланудың басым көпшілігінде, жануарлардың дене температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура әдетте жоғары болады.

   Улануға клиникалық балау қойғанда төмендегі екі белгі дұрыс бағыт беруі мүмкін:

1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).

2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.б.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.