Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





репеленттер – жәндіктерді үркітуге арналған заттар.



16. репеленттер – жәндіктерді үркітуге арналған заттар.

17. фунгицидтер – әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар.

18. ихтиоцидтер – зиянкес арам балық түрлерін жоюға арналған химиялық заттар.

19. хемостерилянттар – зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар.

20. Антитрактанттар – зиянды жәндіктерді өзінен алшақтататындар.

    Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа бөлінеді:

-органикалық қосылыстар (фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды пиретройдтар, нитрофенолдар, тио- және дитиокарбамин,триазин туындылары);

-бейорганикалық қосылыстар (сынап, мыс, циан, родон және фтордың құрамдас қосындылары);

- бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер (пиретриндер, антибиотиктер).

    Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі (өсімдік бойына сіңіру арқылы), контактілі (малдың терісі арқылы) және фумиганттар (тыныс алу жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер ағзаға енгеннен кейінгі әсеріне байланысты: 1. таңдамалы - бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектерге қарсы. 2. орташа таңдамалы - Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен. 3. әсер ету аясы кең препараттар - жасанды пиретроидтар (кенелермен басқа да зиянкестерді өлтіре әсер ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар. 4. әсер ету аясы өте кең препараттар (Нитрафен) –(зиянкестерді, кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарды жою үшін) болып бөлінеді.

Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай

гигиеналық жіктелуі.

1. Қарынға еккендегі уытты дәрежесіне қарай (ЛМ50 мг/кг) пестицидтер 4-ке бөлінеді:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.