Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Улану деп- жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын патологиялық өзгерістерді айтамыз. Улану уақыты жіті және созылмалы болып бөлінеді.



       Улану деп- жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын патологиялық өзгерістерді айтамыз. Улану уақыты жіті және созылмалы болып бөлінеді.

1. Жіті улану - құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің кенеттен байқалуымен және ауыр жағдайда өтуімен сипатталады, ол көбінесе кенеттен болатын өліммен аяқталады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен удың уыттылығы мен ағзаның жағдайынның шешуші маңызы бар.

2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.                

   Ағзаға ұзақ уақыт ішінде, улы заттардың аз мөлшерінің енуі, созылмалы уланудың негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану, жануарлардың өлуіне әкеп соқтырмайды, бірақ олардың өнімділігін айтарлықтай төмендетеді. Бұдан бөлек, мұндай жануарларды союға мәжбүр болған жағдайда, олардың етінде у қалдығының аздаған мөлшерінің кездесуі мүмкін екенін ескере отырып, олардан алынған етке сақтықпен қараған жөн . Бұл, әсіресе, паренхиматозды мүшелерге және бірінші кезекте, бауырға тән.

   Соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы пестицидтердің кең таралып, нығаюына байланысты, улы заттардың өсімдіктерден адам ағзасына жануарлар арқылы енуі маңызды мәселе болып отыр. Медициналық токсикология бұл проблемаға ертеден-ақ үлкен көңіл бөлуде. Бұл мәселеге ветеринарлық токсикологияның да қызығушылығы жоғалған жоқ.

 

Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі

      Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді.

      Біріншіден, шаруашылықта улы химикаттар түріндегі кездесетін улы заттар бар ма немесе кездесе ме, соны анықтап алу керек. Улы химикаттарға – фтор, барий, мышьяк, сынап, мырышжәне басқа заттар, сондай-ақ, инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, дефолианттаржәне т.б. жатады. Бұл категорияға кейбір минералды тыңайтқыштарды да жатқызуға болады. Кәзіргі уақытта, мұндай пестицидтерді қолданбайтын бірде-бір шаруашылық жоқ. Сондықтан да, олардың тек қана номенклатурасын, санын, әр препараттың қасиетін, пайдалану туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен бірге, шаруашылықтағы жануарлар мен ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу керек.   

    Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге жақын орналасса.

    Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға байланысты. Құстарға, сондай ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін, деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет етеді.

     Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минеральды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.

Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі – мочевина т.б.) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да малдардың улануына әкеліп соқтырады.

     Шөп коректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде анағұрлым көп уланады.

     Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты, жер отының сапасы өзгергенде, жайылым малдарының жаппай уланатыны белгілі жағдай.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.