Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері



Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері

     Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді.

- Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. - Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.

    Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады.

    Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколойдтар жатады.                   

   Ағзаға түскен улы зат ұлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер удың физиклық - химиялық қасиеттерімен анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсызданыдыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.

 

Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды

залалсыздандыру жолдары

      Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), ұлпалар мен торшаларға таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде таңдамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондықтан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әсіресе алиментарлы (азықтық) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады. Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады. Мұндай жағдайлар көбінесе созылмалы улану кезінде байқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек ұлпасында немесе хлорорганикалық қосылыстардың май ұлпаларында шөгуінен ( қор - депо) пайда болады. Бұл ауыр металдар мен басқада көптеген улы заттарға да қатысты.

    Көп жағдайда улардың ағзада әртүрлі қосындыларға айналуы қиынға түседі. Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы залалсыздандыратын орын болып табылады.

    Ағзада өтетін тотығу-тотықсыздану реакциялары немесе кешенді құрылымдар түзілуі улы заттардың құрылысын өзгертіп, концентрациясын төмендетіп, моллекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу реакциясы өте жақсы жүреді, бұл көптеген улы заттарға да әсер етеді. Нитриттердің - нитратқа, альдегидтердің - қышқылдарға, бензолдың - фенолға, морфиннің - оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.

   Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді. Осының нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар күкіртпен қосылады. Ескертетін нәрсе: удың залалсыздануына ағзаның әртүрлі жүйелері де әсер етеді. Бұл жағдайда ферментті жүйелер де ескеріледі. Кейбір улар ферменттердің маңыздылығын төмендетеді және ағзаның улануына әкеліп соғады. Бұған мысал: фосфорорганикалық заттар холинэстеразаның ингибиторы болып табылады.

    Кейбір улар ағзада тез бұзылады, керісінше біреулері біртіндеп өзгереді. Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар жинақталып,кумулятивті әсер етеді.

      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.