Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сондай-ақ, уытты заттар тегіне байланысты органикалық, органикалық емес, табиғи және жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді.



    Сондай-ақ, уытты заттар тегіне байланысты органикалық, органикалық емес, табиғи және жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді.

    Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын химикаттардың, жасанды азықтық қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап етеді.

   Әдетте, уларды қолданылуына, уыттылық дәрежесіне, қауыптілігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеген жөн. Мысалы: өндірістік қолданылуына байланысты пестицидтер (зиянкестерге қарсы қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді:

1. акарицидтер – кенелерге қарсы қолданылатын заттар.

2. арборицидтер – пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын заттар

3. альгицидтер – су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар.

4. аттрактанттар – зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар.

5. афицидтер – өсімдік битіне қарсы қолданатын заттар.

6. гербицидтер – арам шөптерді жоятын заттар.

7. дефолианттар – техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар.

8. десиканттар – өсімдіктерді құрғататын заттар.

9. зооцидтер немесе родентицидтер – кеміргіштерге қарсы қолданатын заттар.

10. инсектицидтер – зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар.

11. моллюскоцидтер немесе лимацидтер – ұлулар мен олардың шырыштарына қарсы қолданылатын заттар.

12. ларвицидтер – жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер ететіндер. 

13. нематоцидтер – жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар.

14. овицидтер – шыбын шіркейдің жұмыртқаларын жоятын заттар.

15. ретарданттар – өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.