Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Улы заттардың жіктелуі. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).. Экзогенді улар - ағзаға сыртқ



Улы заттардың жіктелуі

     Кәзіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы , яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары кәзіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін .

    Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа бөлінеді:

1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).

2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар . Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал тектес, өсімдік тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар.

   Минерал тектес уытты заттарға: ауыр металл тұздарын жатқызамыз.

   Органикалық уытты заттарға : пестицидтер, органикалық қышқылдар т.б. жатады.

   Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады.

    Жануар тектес уытты заттарға : жылан, балық, өрмекші және әртүрлі буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және басқада микроорганизмдердің токсиндері жатады.

   Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар, сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады. Мұнан басқа мал дәрігерлігі саласында - токсикологияға тікелей қатысы жоқ ерекше улар тобы - бактериалық улар деп аталатын улар болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.