Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері



Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері

Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі

 

         Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол заманда улар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін «Улар» деген атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар «у» деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды.

       Бұл ретте ұлы ғұлама ғалымдардың «у» туралы, улы заттардың табиғаты жайында, айтқан ой түсініктемелерін келтіре кетейік: «Өз табиғатында әсері өлімге соқтыратын заттардың барлығыда улар» (Әбу Әли Ибн Сина); «Улар - тіршіліктің құпия жақтарын зерттеуге арналған нәзік құралдар»(И.Павлов); «Улар тірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін бұзатын, яғни уландыратын (токсикалық әсері) немесе тіршілік етуді тоқтататын заттар( (С.В. Аничиков); (У дегеніміз ағзадағы биохимиялық құбылыстардың қалыпты жағдайда өтуін бұзатын, сол арқылы физиологиялық қызметті әртүрлі дәрежеде тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты бөлек химиялық қосылыстар»(С. Н. Голиков);

    Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В. Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: «У» дегеніміз – тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат. Мысалы, ас тұзының көп мөлшері  құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.

      Улану- жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану- салдары.

      Улы заттар ағзаға ас қорыту , тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos-бөтен) әсерінен болады.

                     



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.