Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алғашқы қауымдық мәдениеттің синкреттік сипаты.



1. Алғашқы қауымдық мәдениеттің синкреттік сипаты.

2.Алғашқы діндердің феномені (анимизм, сиқыршылық, фетишизм, тотемизм, шамандық

Алғашқы қоғам мәдениеті ықпалы ол өмip сүрген уақыт шегінен асып шыкты. Алғашқы қоғам мәдениетіне көркем элементтердің 6ipлiгi, синкретизмі тән. Адам бейнесі әлі қалыптасып' болған' жок, ол мифтерде бейнеленген қоршаған әлемнің 6ip бөлігі ретінде каралады. Миф белгілі 6ip деңгейде киялдың, елестің дамуымен байланысты болды және бастапқыда магиялық дәстүр мен әдет- ғұрыпка сай келді. Алғашқы қоғам мәдениеті бертінде ғана - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылды.Алғашқы қоғам мәдениеті өзінің тарихи дамуында _бірқатар кезеңдерден өтті: мустье өнepi ("жаранын" 'бейнелену). мезолит дәуірі (схемалық белгілері бар галька), неолит дәyipi (декоративті керамика, мүсін, өрнек, жартастағы бейнелер, петроглифтер.Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылған ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәурінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне дәуірі «Палеолит» термині герктің «палайос» - көне, «литос» - тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). 

Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптаса бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар. Адамзат баласынң бұл алғашқы екі ошағының арасында байланыстар басталып, нәсілдік, техникалық шаруашылық байланыстардың іргетасы қалана бастады. Кейінгі палеолит дәуірінде Еуропа тұрғындарында еуропалық нәсілдің белгілері, оңтүстік Орта қара теңіз төңірегінде – негроидтік, ал шығыстағы Азияда – монголоидтік нәсілдердің алғашқы нышандары біліне бастады. Біздің аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі  - аң аулау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Аңшы өзінің барлық болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екендігін кәміл сенді.

Магияның (сиқырлаудың) негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм – адамдардың өздерінің ата-тегін жануарлармен, дүниесімен (сонымен бірге табиғат күштері мен өсімдіктер дүниесімен де байланыстырылып қарастырылатын кездер де болған) тығыз байланыста қарастыруы.

Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдыс-аяқтар жасауды игерді. Алғашқы қауымдық құрылымның кемелденген кезеңі - неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіріесе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпалар бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінң бірі – фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) болып саналады. Фетишизм – табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.