Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып. Индустриальды өркениет және ХХ ғасырдағы мәдениет мәселелері.



№4-Тақырып. Индустриальды өркениет және ХХ ғасырдағы мәдениет мәселелері.

1. Жаңа замандағы мәдениет теориясы

2. XX ғасырдағы мәдениеттану мектептері.

ХХ ғасырға келетін болсақ, бұл кезеңде мәдениеттану философиядан тысқары тұратын, бірақ онымен мәдениет философиясы арқылы байланысқан жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Бұрынан қалыптасқан үйлесімділіктің рационалдық негіздерін іздеуден бас тартылды, ал мұның өзі мәдени дәстүрлерді ой елегінен өткізіп қайта қарау болып табылатын сана-сезімнің философиялық ізденістерін тығырыққа тіреді. ХХ ғасырда өткен кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі жетістіктердің негізінде бірнеше мәдениеттану мектептері қалыптасты. Олар:

а) Қоғамдық тарихи мектеп;

б) натуралистік мекеп;

в) социологиялық мектеп;

г) рәміздік мектеп;

А) Қоғамдық -тарихи мектеп.

Бұл мектептің қалыптасуының тамыры тереңде жатыр, өйткені оның классикалық дәстүрлері Кант, Гегель мен Гумбольдт сияқты ұлы философтардың шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Қоғамдық-тарихи мектептің қалыптасуына тарихшылар мен философтар ерекше атсалысты, бірақ олардың қатарында діни адамдардың да болғандығын атап көрсетуіміз керек. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері. Батыс Еуропада Шпенглер мен Тойнби, ал Ресейде - Н.Я.Данилевский болды. Освальд Шпенглер –әрі философ, әрі тарихшы. Өз заманында дүниені дүр сілкіндірген «Закат Европы» деген еңбектің авторы. Бұл еңбегінде ол тарихты түрлі мәдениеттердің алмасуы деп қарастырады. Мәдениет саласында жалпы азаматтық мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа шығарды. Ол мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөледі. Олар: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, антикалық, исламдық, батыс еуропалық және орталық Америкадағы майя мәдениеті. Ол жаңа туындап қалыпатасып келе жатқан мәдениет қатарына орыс-сібір мәдениетін жатқызады. Әрбір мәдениеттің өмір сүру ұзақтығын жобамен бір мың жыл деп белгілейді. Олардың арасында өзара тең, мәнді байланыс болуы мүмкін емес деп есептейді. Оның пікірінше, өмір сүруін тоқтатуға бет алған кез-келген мәдениет дамудан «тоқырауға», творчестволық шырқаудан «құлдырауға», жаннан «интеллектіге», батырлық іс-әрекеттен «утилитарлық қызметке» айналады.

Арнольд Джозеф Тойнбиағылшынның тарихшысы, социологі, 12 томдық «Исследования истории» деп алатын көлемді еңбектің авторы. Алғашқы кезде Тойнби Шпенглердің ықпалымен өркениет шеңберіндегі адамзат дамуын ғылыми ой елегінен өткізуге тырысып, «өркениет» терминін «мәдениет» ұғымына синоним есебінде қарастырды.Өркениетті бар болғаны 8 түрге бөлген О.Шпенглерге қарағанда, Тойнби өз заманының терең ғылыи зерттеулеріне сүйене отырып алғашқыда 20-дан 30-ға дейін атап, ал кейінен өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетіп, мәдениеттің тұрақталған 13 түріне тоқталды. Тойнби тарихтың қозғаушы күштерінің қатарына ұлы тұлғалар мен творчество адамдарын да жатқызды.

Б)Натуралистік мектеп. Бұл мектептің басты ерекшелігі – мәдениеттің биологиялық сипатын әсірелеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар: негізінен, дәрігерлер, психологтар және биологтар. Мәдениеттану ғылымы саласында натуралистік мектептен кеңінен танымал болған «әлеуметтік дарвинизм» қабысады. Натуралистік мектептің қалыптасуына биологиядан басқа ХХ ғасырда пайда болған екі ғылым саласы: фрейдизм мен этология ерекше роль атқарды.   

Зигмунд Фрейд –австриялық невропатолог,психиатр және психолог, психикалық талдау мен фрейдизмнің негізін салушы. Ғылымдағы бұл бағыт мәдени құбылыстарды, творчестволық процестерді түсіндіруде, тіпті бүкіл қоғамның дамуын анықтап көрсетуде де психологиялық концепцияларды қолдануды қажет деп тапты. Фрейд пен оның ізбасарлары мәдениет- «жеке адам психикасының қоғамдық экрандағы көрінісі» деп қарастырды. Фрейдтің ойынша, мәдениет, біріншіден, адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған білімі мен өмірлік тәжірибесін қамтиды.   

В) Социологиялық мектеп.Бұл мектептің мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеулері – қоғамның өзіне, оның құрылымы мен әлеуметтік институттарына бағытталған. Әрине өзіне тән бағыт-бағдары болғанымен социологиялық мектеп басқа мектептерден «қытай қорғаны» арқылы бөлініп тұр, ешбір байланысы жоқ десек қателескен болар едік. Шын мәнінде, әр мектеп өкілдерінің концепциялары көп жағдайда бір-бірімен үндес, сабақтас келеді. Социологиялық мектептің көрнекті өкілдерінің бірі- Томас Стернз Элиот ол американ ақыны, модерндік бағыттың сыншысы, «Заметки к определению культуры» деген еңбектің авторы. «Мәдениет дегеніміз, - деп жазды Элиот, белгілі бір жерді мекендейтін халықтың тұрмыс-тіршілігі». Социологиылық мектептің тағы бір көрнекті өкілі әрі экономист, әрі социолог, «Социология истории и культуры» деген еңбектің авторы, неміс ғалымы – Альфред Вебер. Ол тарихты бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ өз заңдарымен дербес дамитын үш процеске бөлудің тамаша теориясын ұсынды. Олар. әлеуметтік процесс, өркениеттік поцесс және мәдени процесс.

Г)Рәміздік мектеп –жаппай ақпарат құралдарының қарқынды дамуының нәтижесінде кейінен қалыптасқан мектеп болды да, ХХ ғасырда қалыптасқан мектептердің арасында үлкен беделге ие болды. Олай болса, кейбір философтар мен социологтардың, қазіргі замандағы ғылыми-техникалық революцияның орнын «ақпараттық революция» жасады деген пікірлері дұрысқа шыққан сияқты.

Рәміздік мектептің көптеген өкілдерінің ішіндегі ең көрнектілері, осы мектептің «атасы» болып саналатын ұлы ғалымдар – Э.Кассирер мен К.Леви-Строс.

 №5. Тақырып. Архаикалық мәдениет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.