Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып. Мәдениеттің құрылымы, түрлері және атқаратын қызметтері.



№2.Тақырып. Мәдениеттің құрылымы, түрлері және атқаратын қызметтері.

1.Мәдениеттің құрылымы : материалдық және рухани мәдениет.

2. Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құќық, саясат

3. Мәдениеттің атқаратын қызметтері.

 Мәдениеттің өзекті бөлігі өнер. Таңбалы тастағы кескіндермен тағы адамдардың ырым-белгілерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларпымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Кез-келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының күштілігі соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып, сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінге анықтама беру оңай емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін – адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады.

Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Қоғам - әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субьекттілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекттердің) байланыс нысандары. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметтері:

1. Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл- мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырады.

2. Жалғастық, мәдени мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.

3.Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызметінің сан алуан қырлары бар. Мұнда назар аударатын нәрсе- мәдениет пен білімнің арақатынасы. Адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Осы сипатта қоғамда ерекше зиялы қауым мүшелері мәдениетті сақтау және дамыту існде үлкен қызмет атқарады. Егер біз өнер арқылы әсемдікке ұмтылсақ, моральдық таным арқылы жамандық пен жақсылықты айырамыз.

4.Реттеу қызметі. Адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес. Алайда мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет «жабулы қазан» емес. Мәдениетегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерін бойына толығырақ, тереңірек дамытқандығын көрсетеді. Ол - білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.

5.Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұқбаттасуы- әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте- қарым-қатынас өрісінде болады. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушуылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық, т.б. түрлерін атайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.