Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Енгізу трубопроводы мен цилиндрлер қалпақшасы төсеніш арқылы қосылған.



ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 двигательдерінде енгізу трубопроводтары алюминий қорытпасынан құйылып оң және сол қатардағы цилиндрдің қалпақшасына бекітілген. Енгізу трубопроводы күрделі каналдар жүйесінен тұрып, олармен жанғыш қоспа карбюратордың әрбір камерасын оң жақтағы екі және сол жақтағы екі цилиндтге бөлек-бөлек қосады. Егізу трубопроводының енгізу каналдарының аралығында цилиндрдің қалпақшасының салқындату қабымен жалғасқан кеңістік болады.

Енгізу трубопроводы мен цилиндрлер қалпақшасы төсеніш арқылы қосылған.

ГАЗ-24 двигателінің енгізу трубопроводы цилиндрдің жоғарғы қалпақшасының бір бүйіріне бекітіліп, орта шеніне шығару трубопроводымен шпилька арқылы жалғастырылған.

Шығару трубопроводтары ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 автомобильдері двигательдерінің цилиндрлерінен пайдаланып шыққан газдарды шығаруға арналған. Олар өз алдына жеке жасалып, цилиндрлер қалпақшасының сырт жағына бекітіледі.

Енгізу және шығару трубопроводтарының каналы қысқа, бұрылыстары аз және қарапайым болып жасалуы салдарынан олардан өткен жанғыш қоспа мен пайдаланып шыққан газдар ешбір кедергісіз өтеді.

Шығару трубопроводтарын темір мен асбест қоспасынан жасалған төсеніш салынып тығыздалады да, шпилькалы гайкалармен бекітеді.

Жанғыш қоспаны қыздыру. Жанғыш қоспаны әзірлеу карбюратордың араластырғыш камерасында аяқталып қалмайды, ол енгізу түтігі мен двигатель цилиндрінде де жүргізіледі. Двигательдің жұмыс істеген кезінде отынның жақсы булануы үшін енгізу түтігі қыздырылады. Осылай істеу, әсіресі, автомобильді жылдың салқын кезінде пайдаланған жағдайда және двигательге от алдырғыш шақта аса қажет. Алайда жанғыш қоспаны шамадан тыс қыздырып жіберуге де болмайды, өйткені тым қызып кетсе, қоспаның қөлемі ұлғаяды да, цилиндрде отын азайып қалады.

Сөз етіп отырған жүк автомодильдерінде жанғыш қоспа енгізу түтігінің салқындатқыш қаптамасында айналып ағатын сұйықтың жылуы арқылы қыздырылады. Төменгі температура жағдайында әлгі двигательдергеот алдырғанда енгізу түтігін салқындату системасына ыстық су құю арқылы қыздыруға болады.

ГАЗ-24 двигателінде енгізу түтігінің орта тұсының астыңғы беті шығару түтігі арқылы өтетін пайдаланылған газдармен жылытады (71-сурет). Қыздырылу дәрежесін енгізу түтігінің орта бөлігіне орнатылған жапқыш арқылы қолмен реттеуге болады. Жапқыштың секторын қозғағанда, «қыс» деген таңба тоқтатқыш шпилькаға тура келсе, қоспаны қыздыру күшейеді, ал «жаз» таңбасына сәйкестеенде – азаяды.

Өшіргіш. Пайдаланылған газдың цилиндрден шыққан шағындау қысымы мен қозғалу жылдамдығы үлкен болғандыұтан біршама шуыл естіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.