Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ. ЖАНҒЫШ ҚОСПА



ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ. ЖАНҒЫШ ҚОСПА

Карбюраторлы автомобиль тізбегі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан – крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізіне крекинг-бензин қолданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сипатталады.

Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700-0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10500-11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп – 1 кг отын түгел жанғанда шығаратын жылудың шамасын атайды. Ол калориямен өлшенеді).

Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуіне, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлігі өте жоғары 200 м/сек жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қаспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз – жоғары температурада жұмыс істейтін қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ һөздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уақытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жағарлағанда қоспаның тұтынуы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечасының қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алу жүйесі ажыратылғанда да, двиатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

Отынның детонацияға қарсы тұтынушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға-қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға қарсылығын оған антидетондар (этиль сұйығы) қосу арқылы өзгертіп отырады. этиль сұйығын бензинге қоқанда бензиннің 1 л-не 1,0 см3 сұйық қосады.

Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткізгіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұйығындағыдай өте қауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

Әр түлі двигательдер үшін бенхиннің бірнеше маркалары – ЗМЗ-53 және ЗИЛ-130 двигательдері үшін А-76, ал ГАЗ-24 двигателі үшін АИ-93 немесе «Экстра» бензиндері қолданылады. Бұл бензиндер бір-бірінен тек қана октан санымен белгіленген цифрлармен ажыратылады.

Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уақыт ішінде (0,02-0,01сек) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

Қоспадағы бензиннің толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін.

Байытылған қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бұл қоспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның құрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрі отынның үнемділігі артады.

Кедей қоспаның құрамында 1 қ бензине 16 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер 1 кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттеі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

Салқын двигательді іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрдің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сондай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін одан бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасыаз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық азбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылған қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет.

Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді.

Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын арттырады.

Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.