Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИБОРЛАРЫ



ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИБОРЛАРЫ

       Қоректендіру жүйесі сақтауға қолданылатын прибордан, отынды тазарту және оны беретін, ауа тазартатын және отын булары мен ауадан жанатын қоспа дайындауға арналған прибордан тұрады. Мұндай приборларға (46-сурет): отын багы, сүзгі тұндырғыш және насос, карбюратор, ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіштер кіреді. Бұл приборлардың әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.

Отын багы – автомобилтдің май құймай белгілі бір қашықтыққа жүруі үшін керекті бензин құятын ыдыс. оны жүк автомобильдерінің кузовының астына, жеңіл автомобильдердің артқы жүк салатын баажының астына бекітеді.

       Отын сүзгі тұндырғышы – отынды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан тазарту үшін керек. Оны жүк автомобильдерінің бензин багінің жанына рамаға бекітеді.

Отын насосы – отынды бактан карбюраторға жеткізіп беру үшін керек. Оны ГАЗ-24 автомобилі двигателінің бөлгіш біліі жағынан картерге, ЗИЛ-130 двигателінің цилиндрлерінің қатар арсына немесе ЗМЗ-53 двигателінің бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне бекітеді.

Отын мұқият тазартатын сүзгі - карбюратордың (ЗИЛ-130) алдыңғы жағына орналасқан.

Карбюратор – бензин мен ауадан жанғыш қоспаны дайындау үшін керек. Ол двигательдің енгізу трубопроводына орналастырылған.

Ауа сүзгісі – ауаны механикалық қоспалардан тазарту үшін керек. Ол карбюратордың үстіне, кейде бөлек жерге орнатылып, карбюратормен қосып жалғастыруға арналған жезден жасалған түтік.

Енгізу трубопроводтары карбюратордың енгізу каналдарымен және шығару каналын өшіргішпен жалғастыратын шығару трубопроводымен қосады.

Өшіргіш – двигательден жанып шыққан газдың дауысын бәсеңдету үшін керек.

Айналу жиілігін шектеуші иінді біліктің айналу жиілігін шектейді. Ол датчик пен шектеуіштен тұрады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.