|
|||
Енгізу трубопроводы. Жанғыш қоспа карбюратордан двигательдің цилиндрлеріне енгізу трубопроводы арқылы беріліп отырады.Қалтқылы камера жанар майға толып, инелі клапан ершіктегі тесікті жапқан кезле насос пен карбюраторды жалғастыратын трубаның ішінде пайда болған қысым диафрагма үстіндегі бос орынға жайылады. Мұндай жағдайда насостың диафрагмасы өзінің төменгі деңгейінде болып, пайда болған қысымға сорғыш серіппенің күші жетпейді де қос иінді рычаг эксцентрик пен кейін тепкіш серіппенің әсерінен бос айналады. Жұмыс істемей тұрған двигательдің карбюраторының қалтқылы камерасына жанар май құю үшін насос корпусының бір бүйіріне орналасқан қол рычагы қолданылады. Бұл рычаг тегістеп кесілген білікшесі мен кейін тепкіш серіппесі бар. Серіппе жазылған кезде білікшенің тегіс жері (бөлегі) күйентенің үстіне келеді де, бұған әсер ете алмайды. Қол рычагты орнынан қозғаған кезде білікше өзінің жұмырланған сыртымен қос иінді рычагтың ішкі шетін басады да, диафрагманы төмен ысырады. Насосты қол рычагымен іске қосу үшін қос иінді рычагтың екінші (сыртқы) басы эксцентриктен бос болуы керек. Егер жұмыс істемей тұрған двигательдің насосының диафрагмасы өзінің төменгі жағдайында (орнында) болса, двигательдің иінді білігін іске қосу тұтқасымен бір айналдырып, қос иінді рычагтың басын эксцентриктен босатып алу керек. Отын сүзгілері мен тұндырғаштары отынды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан тазартуға арналған. Отынның торлы сүзгілері бактың аузына, отын насосы корпусының қақпағына және қалтқылы камераның штуцеріне орналстырылған. ЗИЛ-130 және ГАЗ-53А жүк автомобильдерінің қоректендіру жүйесіне қосымша екі-екіден сүзгі тұндырғыш орналасқан. Сүзгі-тұндырғыштың біреуі ішінара тазартқыш ретінде жанар май багінің аузына қойылған. Бұл сүзгі (67, а-сурет) корпусымен алынбалы тұндырғыштан тұрады. Тұндырғыштың ішінде тіреуге кигізілен жұқа пластиналардан құрастырылған сүзуші элементтерінің биіктігі 0,05 мм болып, олардың штапталған шығыңқы жерлері болады, сондықтан пластиналар аралығында 0,05 мм саңылау қалып отырады. отын бактан ену тесігі арқылы тұндырғыш сүзгіге кіреді де, тұндырғышты көлемі отын түтігінің қөлемінен үлкен болғандықтан кірген жанар майдың ағу жылдамдығы азайып, механикалық ұсақ қоспалар мен су қалдықтарының тұнып шөгуіне мүмкіндік туады. Отын пластинкалардың арасында саңлаулардан өтіп, ішіндегі механикалық қоспалардан екінші рет тазартылады. Отынды толық тазарту сүзгісі карбюратордың алдына орналасқан. бұл сүзгінің (67, б-сурет) корпусы, стақан тәрізді тұндырғышы, серіппелі сүзгіш элементтері және гайкалы бекітетін қапсырмасы болады. Сүзуші элементтер керамика, не рулон қылып оралған ұсақ тордан істеледі. Механикалық қоспалардың бір бөлігі тұндырғыш-стаканның түбіне шөксе, екінші жартысы сүзуші элементтердің бетіне қонып жабысып қалып отырады. Ауа сүзгіші двигательдің цилиндріне кірген ауаны шаңнан т.б. қоспалардан тазартуға арналған. Егер ауаны тазартпаса 1 сағат жұмыс істеген двигательдің цилиндріне шамамен 20 г шаң кіруі мүмкін. Бұл цилиндрдің қабырғаларына, поршеньдері мен оның сақиналарының үйкеліп істен тез шығуына себепші болады. Автомобильдерде қолданылып жүрген инерциялы-майлы типті ауаны екі сатылы тазарта алатын ауа сүзгісі (68-сурет) май ваннасының корпусынан, сүзуші элементтерден және келте трубалардан тұрады. Май ваннасының корпусына тіреп ұстап тұратын стакан, ал қақпағына ауа кіретін келте труба бекітілген. Ауа сүзгісін карбюраторға бекіту үшін оның келте трубасы карбюратордың фланецына винтпен бекітілсе, сүзгінің копусы келте трубаға тарту винті мен құлақты гайкамен бекітіледі. Сүзгінің ішіне ұйтқып кірген шаң араласқан ауа толқыны төмен қарай бағытталып алдындағы май ваннасының бетіне соғылып өзінің бағытын кенет өзгертіп, сүзуші элементтерге қарай бұрады. Ауаның шығыны аз болса май ваннасы екіге бөліп тұрған ішкі және сыртқы бөліктеріндегі майдың деңейі бірдей болады. Ауа өзінің ағынымен майды бірге ала барып сүзуші элементтердің төменгі бетіне жағып ылғалдайды. Ауа ағыны күшейіп, яғни ауа қөп кірген сайын май ваннасының ішкі бөлігінде пайда болған қысымның әсерінен сүзуші элементтер мен май ваннасының ішкі бөлігін қосатын қабырғаның тесіктерінен май кіреді де сыртқы бөліктегі майдың деңгейі төмендейді (азаяды). Ауаның шығыны азайған сайын майдың алғашқы деңгейі де өз қалпына келеді. Май қонған шаң бөлшектерін жуып отырады, содан соң бұл бөлшектер өзсалмағымен ваннаның төбіне шөгеді. Ваннадағы май деңгейінің өзгеріп отыруы двигательдің әр түрлі режимде істеу кезінде сүзуші элементтердің үздіксіз жуылып және кірген ауаның май бетіменәрдайым жанасып отыруын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, тазарған ауа келте труба арқылы карбюраторға, одан цилиндрлерге үздіксіз кіріп отырады. ЗИЛ-130 двигателінің сүзісіне ауа двигательдің капотындағы ауа каналдары арқылы оларды қосып тұрушы резинадан жасалған келте трубамен беріледі (69-сурет). Ауа каналы арқылы атмосферадағы ауа да (автомобильді жоғары температурада пайдаланған кезде), сондай-ақ капот астындағы ауа да (автомобильді суық кезде пайдаланған кезде) ауа каналына орналасқан жапқыштың жағдайына байланысты кіріп отыруы мүмкін. Отын багы. Автомобильдің багінде жұмыс істеуіне керекті отын сақталады. Бак жұқа болаттан жасалып, оның мықтылығын арттыру және автомобиль жүріп келе жатқан кезде жанар май кенеттен толықсып отырмауын қамтамасыз ету үшін оның ішіне бірнеше кедергі қабырғалар орнатылған. Бактың жоғарғы жағында жанар май құятын қозғалмалы келте трубасы мен торлы трубасы бар (70-сурет). Бактың аузы бу мен ауа өткізбейтін клапанды тығынмен жабылады. Мұндай тығын бактан жанар май буының еркін шықпауын қамтамасыз етіп, шығынын азайтса, екіншіден двиательді іске қосуға керекті оның ұшпа бөлігін сақтайды және ішіндегі қысымның бір қалыпта болуын қамтамасыз етеді. Бактың үстіңгі бетіне жанар май жүретін торлы сүзгісі бар труба мен жанар май деңгейін (шамасымен) қөрсетіп отыратын датчик бекітіледі. Бактың түбіндегі тұнба мен бензин қалдығын құйып алуға арналған тығыны бар тесігі болады. ГАЗ-24 «Волга» автомобилі багының сыйымдылығы – 55 л, ГАЗ-53А – 90 л және ЗИЛ-130 – 170 л. Отын бактан насосқа, оданкарбюраторға жез түтік арқылы жанар май трубасы арқылы беріледі. Трубаның шеттері жуандалып ниппельді гайкалармен штуцерге мықты етіліп бекітіледі. Енгізу трубопроводы. Жанғыш қоспа карбюратордан двигательдің цилиндрлеріне енгізу трубопроводы арқылы беріліп отырады.
|
|||
|