Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БАС МӨЛШЕРЛЕУ ЖҮЙЕСІ



БАС МӨЛШЕРЛЕУ ЖҮЙЕСІ

Орташа күшпен (зая жұмыс істеген бір қалыпты жай айналыстан толық күшке шейін) істеген двигательдің толық қуат беруі міндетті емес, сондықтан отынды үнемдеу үшін карбюратор дайындайтын жанғыш қоспа кедейлетілген болуы керек. Двигатель орташа күшпен істеп тұрған кезде қоспаның кедейлетілген құрамын карбюратордың негізгі мөлшерлеу жүйесі реттеп отырады.

Қаралып отырған двигательдің карбюраторында отынды пневматикалық тежеуіші бар жүйе қолданылады. Ол қимасы тұрақты бір қалыпты сыңар, не қос диффузордан, калибрленген тесіктен, бүріккіш рөлін атқаратын эмульсиялық түтік пен эмульсиялық түтігі бар ауа жиклерлерінен тұрады. Отын жиклері қалтқылы камера мен ауа жиклерінің арасындағы қаналға орналасқан.

Дроссель кеңірек ашылған сайын немесе двигательдің иінді білігінің айналым жиілігі артқанда бүріккіштен өтетін отын қөбейіп, диффузордағы ауа қысымының сиреуі арта түседі. Өйткені диффузордың қимасы бірқалыпты болғандықтан отын жиклеріндегі қысымды кеміту арқылы отынның келуін тежеп, қоспаның байымауын қадағалап отырады. Бүріккіштегі қысымды азайту үшін оған ауа жиклері арқылы ауа жіберіледі. Диффузордағы қысымның сиреуі неғұрлым қөп болса, соғұрлым ауа жиклерінен ауаны қөбірек өткізіп отынды тежеуге болады. Міне, бұл уақытта бүріккіштен отын мен ауаның эмульсиясы шығады да қоспа кедейленеді.

 

КАРБЮРАТОРДЫҢ ҚОСЫМША ТЕТІКТЕРІ

Зая жүріс жүйесі.   Двигатель зая жүріспен жұмыс істеген кезде пайдаланылатын қоспаның аз болуынан дроссель жабық, араластырғыш камерасындағы қысымның сиреуі де шамалы болады, соның салдарынан негізгі мөлшерлеуші жүйенің бүріккішінен отын ақпайды. Сондықтан двигатель зая жүріспен істегенде отынды қысымның ыдырауы аз жері дроссельден әрірек беру керек.

Зая жұмыс жүйесіне отын жиклері, ауа жиклері, каналдар мен реттеуші винт кіреді. Дроссель жабық болғанда сұйылған қысым араластырғыш камерасының қабырғасындағы тесік арқылы каналмен отын жиклеріне беріледі.

Отын жиклер арқылы каналға жеткенде ол әуелі ауа жиклерінен кірген ауаға қосылады, одан әрі дроссельдің жоғарғы жағындағы қосымша тесіктен өтеді. Пайда болған эмульсия дроссельдің астындағы тесіктен шыққан жерінде ауамен араласып жану камерасына бүркіледі. Дроссельдің астындағы тесіктен шығатын эмульсия реттеуіш винтімен реттеледі. Дроссельдің жоғарғы жағындағы тесік зая жүріс жүйесіндегі қысымды азайтып, зая жүрістен аз қүшке қөшуді қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай дроссель ашылар алдында оның жоғарғы жағындағы тесіктен эмульсияның өткен кезінде болады.

Іске қосу тетігі. Салқын двигательді іске қосу үшін қоспа байытылған болуы керек. Себебі іске қосу кезінде иінді біліктің айналу жылдамдығы аз болғандықтан араластырғыш камерасындағы қысымның төмендігінен отын бүріккіштен керегінше шығып үлгере алмайды. Сондықтан қысымды қөбейтіп, отын бүріккіштен мол өту үшін карбюратордың ауа кіретін келте трубасына ауа жапқыш қойылған. Ауа жапқышын тартқыш пен рычаг арқылы жапқан уақытта дроссель аздап ашылады да, араластырғыш камерасының қысымы артып негізгі мөлшерлеуші жүйе жиклері мен зая жүріс жүіесінен отынның тез өтуіне мүмкіндік туады. Жанғыш қоспа жасауға жеткілікті ауа, ауа жапқышының айналасындағы қуыстардан өтеді. Қоспаның өте байып кетпеуі үшін ауа жапқышының автоматты ауа клапаны болады. Ол клапан двигательді іске қосқан уақытта, яғни қысым артқанда ашылады.

Экономайзер. Двигатель толық күшпен жұмыс істеген уақытта оның қуаты да ең үлкен шамаға жетуі керек. Ол үшін қоспаның мөлшері мен оның байытылуы барынша арттырылуы тиіс. Ал ондай байытылған қоспаны карбюратордың араластырғыш камерасына экономайзермен қосымша отын беру арқылы ғана алуға болады.

М е х а н и қ а л ы қ ж е т е г і б а р э к о н о м а й з е р. Серіппелі клапаннан, экономайзер жиклері мен жетектен (бұл жетек жылдамдатқыш-насостың рөлін атқарады) тұрады. Дроссель ¾-тен артығырақ (толық күш) ашқанда, оның білігіне шығыршық пен тартқыш арқылы қосылған рычаг жетек штогін төмен басады да, ол экономайзердің клапанын, қосымша отын қалтқылы камерасының клапанды тесігі арқылы негізгі мөлшерлеуші жүйенің бүріккішіне беріледі.

Тездеткіш (жылдамдатқыш) насос. Күшті өсіру үшін дроссельді кенет ашқанда қоспаның кедейленуінен двигательдің өшіп қалуы мүмкін. Қоспаның кенеттен кедейленетін себебі, жиклерден отынның өту жылдамдығын өсірген уақытта арта бастаған ауа ағымынан кейін қалып, двигательдің қабылдағыштық қабілеті (аз күшпен істеуден толық күш беруге бірден қөшу қабілеті) нашарлайды. Бұл уақытта тездеткіш-насостың жәрдемімен двигательдің қабылдау қабілетін өсіреді.

Тездеткіш насос қалтқылы камерасымен кері клапанмен жабылатын тесік арқылы жалғасатын құдықшадан, серіппе мен штогі бар поршеньнен, жетектен, сорғыш клапан мен тездеткіш насосының бүріккішінен тұрады. Дроссельді тез ашқанда рычагтың әсерімен насос жетегінің тартқышы төмен түседі. Жетек пен планка серіппе арқылы поршеньді төмен басқанда поршень отынды қысады. Отынның қысымының әсерінен кері клапан жабылады да, отын айдағыш клапанды қөтеріп, бүріккіш арқылы араластырғыш камерасына бүркіледі, бұл отынның кедейленуіне жол бермейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.