Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КАРБЮРАТОРДЫ РЕТТЕУ



КАРБЮРАТОРДЫ РЕТТЕУ

Карбюраторды зая жүрістің аз айналымында реттеу.  Зая жүрістің аз айналымында двигательдің тұрақты жұмыс істеуі және отынды үнемді жұмсауы жанғыш қоспаның мөлшері мен құрамына (сапасына) байланысты. Керек қоспаның құрамы мен шамасын карбюратордың зая жүріс жүйесін реттеу арқылы алуға болады. Мұндай реттеу жұмыстарын белгілі бір температураға шейін жылынған (қызған) двигательдің карбюраторының ауа жапқышы толық ашық кезінде жүргізіледі. К-126Г карбюраторын екі жолмен: дроссельдің (қоспаның шамасы) тірек винті мен құрамын (қоспаның сапасын) реттейтін (68, а-сурет) винттері арқылы жасайды. Реттеу үшін дроссельдің тірек винтін двигательдің иінді білігінің мүмкіндігінше ең аз айнымалымен жұмыс істеуіне жеткенше айналдырылады, ол үшін дроссельді өзгертпей, қоспа сапасының винтін оңға, я солға бұрау арқылы иінді біліктің ең көп афналу моментін табу керек. Одан кейін дроссельдің тірек винтін айналдыра отырып, иіндібіліктің мүмкіндігінше ең аз, бірақ тұрақты айналу моментін табады. Реттеу жұмысының дұрыс не бұрыстығын анықтау үшін дроссельді ашып, шұғыл жауып тексергенде двигатель тоқтап қалмау жұмыс істеуін жалғай берсе, нда оның дұрыс реттелгені. Егер двигатель тоқтап қалса, дроссельдің тірек винтін жарты айналымға бұрып, одан кейін қайта тексереді.

К-88А және К-126Б карбюраторларының әрбір камерасының сапа винті болғандыұтан (64, б-сурет) зая жүрістің ең аз айналымын реттеу жолы да басқаша болады. Ол үшін жұмыс істемей тұрған двигательдің қоспа сапаларының винттерінің әр қайсысын алдарындағы тіреулерге шейін бұрап, кейін әр қайсысын 2-3 қайтара кері айналдырады. Бұдан кейін двигательді іске қосып, дроссельдің тірек винтін бұрау арқылы оның ең аз айналымында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Содан кейін сапа винттерінің бірін әр ретте ¼ айналымға дейін бұрап, қоспаны кедейлендіре отырып, двигатель шашалып үзік-үзік жұмыс істей бастаған кезде сол винтті ½ айналымға кері бұрайды. Осы ретпен қоспаның сапасын өзгертетін екінші винтті де бұрап реттейді.

Қоспаның сапасын реттеп болғаннан кейін дроссельдің тірек винтін двигательдің иінді білігі ең аз айналыммен жұмыс істегенге дейін бұрап, одан соң екі винтпен кезек реттей отырып, қоспа құрамын кедейлендіреді. Әдетте жоғарыда кқрсетілген жолмен 2-3 реттеуден кейін үш винттің де дұрыс орнын табуға болады.

Карбюратордың қатқылы камерасындағы отынның деңгейін тексеру және реттеу жолдары. Қалтқылы каиерадағы отын деңгейінің дәл болуы бүріккіштердің дұрыс жұмысын жасауын қамтамасыз етеді. Қалтқала камерадағы отынның деңгейі жанғыш қоспаның құрамына үлкен әсер етеді, яғни отын деңгейінің шамадан тыс артуы қоспаның баюына әсер етсе, деңгейінің төмен болуы – кедейленуіне әсер етеді.

К-126Г және К-126Б карбюраторларының ішіндегі отынның деңгейін қалтқылы камераның қабырғасына орналасқан әйнек арқылы қарап қөруге болады. Отынның деңгейін көру үшін, автомобиль тегіс жерде тұруы және двигатель кем деенде 5 минуттей ең аз айналыммен зая жүріспен жұмыс істеуі керек. К-126Г карбюраторындағы отынның деңгейі қалтқылы камераның төменгі ажыратылатын жерінен 18,5-20,5 мм аралығында болуы керек. Қ-126Б карбюраторындағы отынның деңгейі карбюратор корпусы мен қалтқылы камерасынаң қақпағының ажыратылатын жерінен 19-21 мм қашықтықта тұруы тиіс.

К-88А карбюраторындағы отынның деңгейі екі түрлі жолмен анықталады. Двигатель аз айналыммен зая жүрісте істеп тұрған кезде тексеретін тығынын ағытып алып, сол тесіктен отынның деңгейін анықтайды (ол үшін қараушының көзі тексеру тесігінің тұсында болу керек). Дұрыс реттелген болса отынның деңгейі тесіктен көрініп тұрады да, бірақ одан ағып кетпеуі керек.

Отынның деңгейін екінші жолмен (65-сурет) анықтау үшін механикалық жетекті экономайзер каналын жауып тұратын тығынды ағытып, оның орнына резиналы және шыны түтікті штуцер кіргізеді де, бензин насосының қолмен әрекетін жасайтын рычагының жәрдемімен қалтқылы камерасына отын толтырады. Шыны түтіктің жоғарғы ұшы карбюратордың қақпағының копусының ажыратылған жерінен жоғары орналастырылады. Түтіктегі отын деңгейі мен карбюратордың ажыратылатын жерінің аралығының қашықтығы шамамен 18-19 мм болу керек.

Егер қалтқылы камерадағы отынның деңгейі белгіленген деңгейден төмен, ия жоғары болса қалтқы рычагының тіреуіш пластинкасын не бір жағына, не екінші жағына майыстыру немесе инелі клапанның ершігінің астындағы төсенішті өзгерту арқылы реттеуге болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.