Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОТЫН БЕРУ, АУАНЫ ТАЗАРТУ, ЖАНҒЫШ ҚОСПАНЫ ЖЫЛЫТУ



ОТЫН БЕРУ, АУАНЫ ТАЗАРТУ, ЖАНҒЫШ ҚОСПАНЫ ЖЫЛЫТУ

Отын насосы. Қаралып отырған автомодильдерде отын оның құйылған багінен диафрагмалы насос арқылы карбюраторға беріледі.

       Отын насосы (66-сурет) негізінен 3 бөліктен: корпус, қалпақша (жоғары бөлеі) және қақпақтан тұрады. Корпусының ішінде білікке орналасқан қос иінді рычаг болады. Оның кейін қайтармалы серіппесі және қолмен іске қосатын тетігі бар. Корпус пен отын насосының қалпақшасының аралығына бірнеше матадан жасалып, бензин өткізбейтін лак сіңірілген диафрагма бекітілген. Оның екі табақшасы болып, штокке жинастырылған. Қос иінді рычаг текстолиттен істелген тіреуіш шайба арқылы штокқа әсер етеді. Диафрагманың астына айдағыш серіппе орналасқан.

       Насостың қалпақшасына енгізу және шығару клапандары орналасқан. Бұл клапандар бағыттаушы стержень, резина, шайба және серіппеден тұрады. Енгізу клапанның жоғарғы бетіне торлы сүзгі қойылған.

 ГАЗ-24 двигателінде отын насосы оның бөлгіш білігінің эксцентригі арқылы, ЗИЛ-130 двигателінде штанг арқылы іске қосылады. ЗМЗ –53 двигателінде эксцентрик бөлгіш біліктің алдыңғы басына шпонка арқылы бекітіліп орналастырылған (20, б-сурет).

Эксцентрик не штанг қос иінді рычагтың сыртқы бетімен қөтерілгенде, ішкі (екінші) басы диафрагманы басуынан оның үстінде қысым пайда болады (66, а-сурет). Сол пайда болған қасамның әсерінен отын труба арқылы бактан насостың енгізу тесігінің алдындағы тордан енгізу клапанына келеді де, насостың басқыш серіппесі жиырылады. Эксцентриктің дөңесі қос иінді рычагтың сыртқы ұшына келгенде диафрагма басқыш серіппенің әсерінен жоғары қөтеріледі де, камерада қысым пайда болады. Отын шығару клапаны арқылы өтіп шығару каналына, одан әрі түтік арқылы карбюратордың қалтқылы камерасына (66, б-сурет) құйылады.

Отынның пульсациясы шығару клапанының үстіндегі ауа камерасының әсерінен азайып отырады. насос жұмыс істеп тұрған кезде ауа камерасының ішіндегі қысымның әсерінен отын карбюраторға үздіксіз құйылып отырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.