Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІ



САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІ

Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде отынның бір бөлегі ғана пайдалы жұмысқа жұмсалады. Қалған жылу двигательдің бөлшектерін жылыту үшін және жанған заттармен бірге сыртқа келіп отырады.

Жұмыс циклінің орташа температурасы 800-9000 С шамасында болады. Мұндай температурада двигательді қолдан салқындату керек. Өтпеген күнде двигательдің бөлшектері қатты ысып, майлау майларының жанып кетуі, шамадан артық кеңейіп және поршеньдері сыналанып нығыздалап қалуы, подшипниктердің еріп кетуі т.б. ақаулар пайда болулары мүмкін. Сондықтан двигательдің дұрыс жұмыс жасауы үшін оның салқындату жүйесінің болуы, ол арқылы қызған бөлшектердің жылуын бөліп отыру керек .

       Қаралып отырған двигательдерде еріксіз циркуляциялайтыны бар сұйықпен салқындату жүйесі қолданылады. Салқындатқыш сұйық ретінде суды, ал төменгі температурада- қату температурасы төмен сұйықтар қолданылады. Салқындатқыш сұйықтың температурасы жұмыс істеп тұрған двигательдер үшін 80-900 шамасына болады. Двигатель шамадан тыс салқындамауы керек, өйткені пайдалы жылу босқа кетеді де, салқындаған (суыған) жағар май үйкеліске кететін қуатты арттыра түседі; жанар қоспасының бір бөлегі сұйыққа айналып цилиндрлердің қабырғаларындағы майларды шайып кетеді де бөлшектердің тозуын тездетеді. Двигательдің сұйықпен салқындатылған жүйесіне кіретін бөліктері: блоктың салқындатқыш қабы, цилиндрлердің қалпақшасы, радиатор, су насосы, желдеткіш, термостат, қосу шлагалары, су крандары, жалюздер мен салқындатқыш сүйықтың температурасын көрсететін датчик.

Жұмыс істеп тұрған двигательдің бөлшектері өзінің жылуын салқындатқыш сұйыққа беріп өздері салқындап отырады. Жылынған сұйық радиаторға барып онда салқындағаннан кейін қайтадан блоктың салқындатқыш қабына келеді. Желдеткіш ауаның ағымын радиатордың өзектері арқылы өткізуі салдарынан радиатордағы сұйақ салқындап отырады. Салқындаған сұйықты радиатордан блоктың қабына қайта қайтуды су насосы қамтамасыз етеді. Сұйықтың жедел салқындауы термостат, жалюздер немесе желдеткішті автоматты қосып, не ажырататын жүйе арқылы реттеледі. Салқындату қабы радиатормен, келте трубалармен және резиналанған матадан істелген шланглермен жалғастырылады. Салқындатқыш сұйықты радиатордың аузынан құяды.

Сұйықтың температурасын электр көрсеткішімен немесе сигнал лампасымен тексеріп біліп отырады. Ол приборлардың құрылысы мен жұмыс істеу принціпін «Электр жабдықтары» бөлімінде айтылған.

Двигательдің салқындату жүйесін таза «жұмсақ» сумен толтарыды, жаңбыр немесе қардың суы болса өте жақсы. Артезиан, бұлақ немесе теңіз суын қолдануға болмайды. Өзен мен көлдердің тұщы суын радиаторға құймас бұрын қайнатып жұмсартады да, бес–алты қабат дәкеден жасалға сүзгімен сүзеді.

Кермек суды қайнатқанда қақ пен тұнба бөліп шығарады, ал мұндай сулармен жылтыратып өнделген заттарды жуса, кепкеннен кейін ақ дақ қалып қояды. Судың кермектігін сабынмен білуге де болады. Су тұщы болса сабын толық еріп, сабындағанда көбікті көп бөледі,ал кермек суда сабын іріп нашар ериді, әрі көпірмейді. Судың кермектігін аңықтау үшін тұз өлшеуіш пайдаланылады. Артезиан не бұлақ суын ионитті сүзгіден өткізгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Салқындату жүйесінен құйып алған суды қайтадан пайдалануға болады. Суды жиі алмастыруға болмайды, өйткені салқындату жүйесінің бөлшектерін коррозияға шалдығуын тездетіп, нақ тұруын көбейтеді.

Егер ауаның температурасы 00 С-ден төмен болса, салқындату жүйесіне сумен бірге төменгі температурада қататын сұйық–антифриз құйған дұрыс. Антифриздің екі түрлі маркасы - 40 және 65 болады. Антифриз этиленгликоль мен судың қоспасынан тұрады. 40 маркалы антифриз (ашық сары түсі) температурасы орташа орталық аудандарда пайдаланылатын автомобиольдерге қолданылады. Оның қату температурасы –400 С. 65 маркалы антифриз (қызғылт сары түсі) төменгі температура жағдайында жұмыс істейтін автомобильдерге қолданылады. Оның қату температутары – 650С. Антифриз улы, сондықтан оны қолданғанда өте сақ болуы керек. Адам денесіне тисе уландырады. Бұл сұйықтардың көлемінің кеңею коэффициенті судыкінен үлкен болғандықтан салқындату жүйесіне құйғанда оның жалпы көлемінің 93-95 процентің ғана толтыру керек. Егер двигательдің салқындату жүйесіндегі антифриз денгейі оның булануы арқылы азайып кетсе үстіне су толтырып құйылады.

Радиатор блоктағы ысмытылған сұйықтықты труба арқылы жылуды айналадағы ауаға беріп салқынтату үшін керек. Ол жоғарғы және төменгі бачоктардан, келте трубадан, бу шығаратын түтіктен, өзек және бекітетін бөлшектерден тұрады.

Көбіне радиатор жезден жасалады. Сұйықтың негізгі салқындайтын орны радиатордың өзегі болып есептеледі. Түтікті радиатордың өзегі қөптеген сопақша, немесе дөңелек түтіктерден тұрады. Түтіктердің салқындату бетін көбейту радиатордың қатаңдығын арттыратын жіңішке қөлденең пластиндерді қою арқылы орындалады. Бачоктың жоғарғы және төменгі жағының двигательдің салқындату қабымен қосатын келте трубасы болады. Жоғарғы бачоктың су т.б. сұйықтар құятын аузы бар. Сұйықтың құятын аузына бу шығатын түтік қойылады.

Қаралып отырған двигательдерде жабық салқындату жүйесі қолданылады, олардың жүйе қуысы атмосферадан радиатордың су құятын аузын нығыздап жабатын тығынмен бөлінген. Тығынның бу шығаратын және ауа кіретін клапондары бар. Бу клапаны салқындату жүйесінде қысымның 0,28-0,55 кс/см2 болуына жол береді (ЗИЛ-130 двигателінде 1кгс/см2 дейін), бұл атмосфералық қысымнан жоғары. Сөйтіп, мұның өзі жүйедеі су температурасының 108-1120 С дейін (ЗИЛ-130 двигателінде 1190С дейін) қайнау артуына және буланудан судың едәуір азаюына жағдай жасайды. Жүйе ішінде қысым шамадан тыс көбейгенде клапан автоматты түрде ашылады.

Сұйық салқындап және оның буларының конденсациялануынан жүйеде сұйықтық сирейтіндіктен радиаторға сыртқы ауаны жіберіп тұратын ауа клапанына бөгет жасайды. Радиатор ішінің сиреуі түтіктердің жапырылып толуына әкеліп отырады.

Автомобиль жүріп келе жатқанда жайсыз жолдарда ұрылып-соғылуын жұмсарту үшін радиаторды кронштейнге бекітетін жерге резина жастық қойылады.

Желдеткіш – радиатордың өзегі мен оның ішіндегі салқындатқыш сұйығы арқылы өтетін ауаның ағысын арттыру қызметін арттырады. Желдеткіш шкивтің күпшегіне бекітілген төрт, немесе алты қалақшалардан тұрады. Желдеткіштің білігі су насосының білігі ретінде де қызмет етеді, ол оның корпусына екі шарикті подшипнигі арқылы бекітіледі. Корпуста майлау майы шығатын бақылау тесігі болады. Радиатор мен двигательдің ауамен салқындатуын жақсарту үшін желдеткіштің бағыттауыш құндағы бар.

ГАЗ-24 двигательдерінің барлығында, сондай-ақ кейбір ЗМЗ-53 двигателінде қажетті жылу энериясын ұстап тұру үшін желдеткіш жетегінің муфтасының электромагнитті жетегі болады. Ол салқындату жүйесіндегі температураға байланысты қысылып-ажырауы автоматты түрде өтеді. Муфта су насосы жетегінде жетек шкивімен бірге орнатылған электромагниттен және шарикті екі подшипниктерде еркін айналатын пластиналы серіппе арқылы якорьмен жалғастырылған желдеткіш күпшегінен тұрады. Электромагниттің катушкасы жылу релесі арқылы қосылған, оның датчигі радиаторға орналастырылған. Радиатордың жоғарғы бачогындағы салқындатушы сұйықтың температурасы 88-97 0С жеткенде жылу релесінің контактылары тұйықталады да ток электромагниттің катушкасына беріледі. Осының нәтижесінде пайда болып магнит өрісінің әсерімен желдеткішке орнатылған күпшекті айналдыра отырып, якорь электромагнитке тартылады. Радиатордың үстіңгі бачогындағы салқындайтын сұйықтың температурасы 78-850С төмендегенде реленің контактасы ажырайды да желдеткіш тоқтайды.

Су насосы салқындату жүйесіндегі сұйықты еріксіз циркуляциялау үшін қолданылады. Насостың негізгі бөліктері: корпус, білік пен оның қалақшасы және өздігінен нығыздалатын сальник. Су насосы желдеткішпен бірге блоктың алдыңғы бүйіріне бекітіліп иінді біліктің шкивінен тек рементмен іске қосылады. ЗИЛ-130 двигателінде жетек рульмен басқарудың гидрокүшейткіш насосының шкивін де қозғалысқа келтіреді, ЗМЗ-53 двигателіне тартқыш ролик, ал ГАЗ-24 двигателінде генератор іске қосылады.

Су радиатордың төменгі бачогіне кіретін келте труба арқылы насостың корпусының ортасына келеді. Қанаттың қалақшалары айналғанда суды өзіне тартып, центрден тепкіш күштің әсерімен оны корпусының қабырғаларына қарай шашады. Насостың корпусындағы су цилиндр блогінің бүйіріндегі тесігі арқылы двигательдің салқындату қабына (ГАЗ-24) немесе цилиндрлер блогінің оң және сол жақ қатарына (ЗМЗ-53 және ЗИЛ-130) кіреді. Суды насостың корпусынан біліктің шығатын жеріне ығыстыруға өздігінен тығыздалғыш сальник кедергі келтіреді. Ол металл құрсауы бар резина манжеттен, серіппе және текстолит шайбадан тұрады. Манжет білікке тығыз киіліп серіппенің қөмегімен текстолит шайбаға, ал соңғысы корпустың өңделген бүйіріне қосылады. Сальник арқылы су ағатын жағдайда ол бақылау тесігі арқылы сыртқа шығады.

Жалюздер – ауаның ағысымен радиатордың интенсивті салқындауын өзгертіп отыруға арналған. Ол әрқайсысы айналып тұратын бірнеше пластиналардан тұрады. Олар жоғарғы және төменгі бастарымен топсалы бекітіліп радиатордың алдыңғы жағына қойылады. Жалюз пластина кабинадан рычагпен басқарылады. Рычагты өзіне қарай тартып, жалюзді жапса радиаторды салқындататын ауаның ағыны азаяды.

Термостат двигательді іске қосқаннан кейін оның тез жылынуына және жылыту дәрежесіне байланысты радиатор арқылы циркуляцияның интенсивтілігін өзерту жолымен салқындайтын сұйықтың температурасы автоматты реттеуге арналған. Термостат корпустан, гофрирленген цилиндр және қос клапанды штоктан тұрады. Жұқа жезден істелген гофрирленген цилиндрдің ішіне тез буланғыш сұйық эфирдің сулы ерітіндісі немесе этил спиртінің ерітіндісі құйылады. Термостат цилиндр қалпақшасының келте трубасының камерасына қойылады. Келте труба камерасының жоғарғы бөлігінде екі каналы болады. Оның үлкені радиатордың жоғарғы бачогымен, кішісі су насосының корпусымен жалғасқан. Салқындатушы сұйықтың тмпературасы 700 С төмен болса, термостаттың негізгі клапаны жабық, ал өткізуші клапан болғандықтан одан өткен сұйық қысқа жолмен (насос-салқындату қабы, термостат-насос) айналып, радиаторға соқпайды.

ЗИЛ-130 двигателінің жылыну кезінде сұйық өткізу шлангасы арқылы радиаторға соқпай циркуляцияланады. Салқындатқыш сұйықтың температурасы 700С аса термостаттың цилиндрдегі сұйық буланады да термостаттың гофрирленен цилиндрдің ішіндегі қысым артады. Сондықтан цилиндр ұзарып, негізгі клапан жоғары қөтерілуінен үлкен канал ашылып, өткізу каналы жабылады да салқындатушы сұйық үлкен (ұзақ) жолмен – радиатор арқылы айналады. ЗИЛ-130 двигателінде термостаттың клапаны толық ашылған кезде сұйық радиатор мен компрессордың салқындатқыш қабы арқылы бір мезгілде айналады.

Кейде термостаттың ішін қатты затпен де толтырады. Мұндай термостаттың корпусның ішіне церезинмен мыс ұнтағы араластырылып толтырылған мыс баллон қойылады. Баллон қақпақпен жабылған. Баллон мен қақпақтың арасына резинадан жасалған диафрагма қойылып, оның үстіне шток орналасқан, ол ось арқылы клапанға бекітілген шығыршыққа тіреледі де нық қабысып тұрады.

Термостаттың корпусында клапан қоюға арналған екі ойық болады. Двигательдің салқын кезінде баллонның ішіндегі масса қатты күйде болады да спираль серіппесінің әсерімен термостаттың клапаны жабылап тұрады. Двигательдегі салқындатқыш сұйық жылына бастағанда баллонның ішіндегі масса балқи бастайды да оның қөлемі өсіп, диафрама мен штокты итеріп клапанды ашады. Температурасы 70-830 С жеткенде массаның қөлемі үлкейіп соның әсерінен клапан толық ашылады.

Сайып келгенде, двигательдің жылу режимін бір қалыпты ұстауды қамтамасыз етуе қарағанда термостат клапанын автоматты түрде өзгерткенде радиатор арқылы өтетін сұйықтың мөлшері де өзгереді.

Іске қосушы жылытқыштар. Салқын уақыттарда ГАЗ-53 және ЗИЛ-130 двигательдерін іске қосар алдында жылытып алу үшін қолданылатын іске қосушы жылытқыштары болады. Жылытқыш двигательдердің бүйіріндегі рамаға бекітіледі. Ол бағыттаушы келте трубасы бар қазаннан, электр желдеткіш пен отын багінен, элетромагнитті бекіту клапаннан, қыздырушы свечалардан, басқару пультінен, құятын воронкадан, келте трубадан, жалғастырушы түтіктер мен шлангілерден тұрады.

Жылытқыш двигательдің салқындау жүйесімен тұрақты жалғанған. Отын бачогі двиательге қолданылатын отынмен толтырылып, электромагнитті бекіту клапаны арқылы қазанның жану камерасына ауа электр желдеткішпен беріледі. Жанғыш қоспасы алдымен қызған свечамен от алса, кейін сол жағынан оттың жалынымен жана береді. Пайдаланған газдар картердегі майды жылыту үшін келте трубамен табанға бағытталады.

Қыздыру свечаларының сөндіргіші, желдеткіш қосқышы, электромагнитті клапан, кнопкалы сақтандырғыш және бақылау спиралі басқару пультінде болады.

Двигательді жылыту үшін алдымен отын бочогінің кранын ашып, қолмен қысқышты I жағдайына қойып, жылытқышты 30-60 секунд бойы үрлеу керек, одан кейін қолмен қысқыш нольдік жағдайға келтіріліп қойылады. Қыздыру свечасын қосып бақылау спираль ашық қызыл жарық бергенде қолмен қысқыш II жағдайға ауыстырылады. Бірнеше секундтан кейін сырт еткен және гулеген дыбыстар естілісімен қыздыру свечасын токтан ажыратып, жылытқышты 20-30 секунд жұмыс істеп барып қолмен қысқыштың тұтқасы ноль жағдайына ысырып қойылады. Суды жылытқыштың воронкасы арқылы бақылау кранигінің деңгейіне дейін құйып, тығынын жабады. Содан кейін жылытқышты іске қайта қосып, ауаның температурасына сай 15-20 минут істетеді. Радиатордың су құятын аузынан бу шыға бастағанда двиательдің иінді білігін қол тұтқасымен айналдырып, двигательді іске қосады да радиаторды сумен толтырады.

Қосқыштың тұтқасын I жағдайда (үрлеу) ауыстырып, отын багының кранын жапқанда ғана жылытқыш жұмысын тоқтатады. Жылыту камерасында жанудың тоқтағанына 50-60 секунд өткеннен кейін жылытқыштың тұтқасы нольдік жағдайда қойылады.

Іліністі ажыратуға кедергі жасамау үшін двигательді іске қосқаннан кейін желдеткіштің шлангасын ажыратып алу керек.

ЗИЛ-130 автомобилінің салқындату жүйесінің сыйымдылықтары–29 л, ГАЗ – 53 - 23 л және ГАЗ – 24 «Волга» - 11,5л.

Сұйық радиатордың төменгі келте трубасының кранигі мен цилиндр блогының салқынждату қабынан ағызылады. V типтес двигательдердің болоктарының оң және сол жақтарында екі краник бар. Оларды пайдалану оңай болу үшін двигательдің жоғарғы жағына шығарылып қойған тартқышы болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.