аржылық жалдау жөніндегі операциялардың есебі
10. Қаржылық жалдау жөніндегі операциялардың есебі
“Жалдау есебі ” деген №17 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық жал- бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің балансында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған НҚ объектілері белгіленген келісім бағасы бойынша немесе жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда, жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.
Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқығымен біршама дәрежеде байланысты болса және жалгерге табыс етілген болса, сондай-ақ егер:
1.Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса.
2.Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80%-інен астам болса.
3.Жал мерзімінің соңында жалданған активтің қалдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдық құнының 20%-нан кем болмаса.
4.Жалдау ақысының жалдық барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90%-нан асатын болса.
5.Жал мерзімінің соңнда жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса, жал қаржылық болып табылады.
I. Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе, егер ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы:
а) қаржыландырғаны үшін төлемнен (пайыз төлеу шығындарынан);
ә) міндеттемені кемітетін төлемнен (негізгі міндеттемені өтеуден) тұрады.
Жал мерзімінің соңында меншіктену құқы жалгерге өтетіндігіне онша сенімділік жоқ болса, екі мерзімнің неғұрлым қысқасының ішінде мүлікке амортизацияның барлық сомасы есептеледі: 1-шісі – жалдау кезеңі, 2- шісі – ұтымды қаржыландыру мерзімінің кезеңі. Есепте жалгер мынадай жинақтамалы шоттарды қолданады.
1.12-бөлімінің шоттары (2411-2417) «Ұзақ мерзімді жалданған НҚ» субшоты. Бұл шоттар-негізгі,активтік,күрделі және инвентарлық болып келеді. Бұл шоттардың дебеті бойынша ұзақ мерзімді жалданған НҚ ай басындағы қалдығы,ай ішіндегі түсімдері көрсетіледі. Кредиті бойынша -олардың шығарылуы көрсетіледі. Жалданған НҚ талдамалы есебі негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкаларында (НҚ №6) жүргізіледі. 2.4150 –«Жалдау міндеттемелері» шоты-негізгі,пассивтік,есеп айырысу шоты. Кредиті бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзимді жалға алынған НҚ үшін жалға берушіге берешегінің ай басындағы және соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасы ағымдағы ай үшін есептеледі. Дебеті бойынша берешектің жалға берушіге төленуі көрсетіледі. Талдамалы есеп «Әр түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулерді есепке алу ведомосында»жүргізіледі (тек жалгер пайдаланады). 3.13-бөлімшенің шоттары(2421-2429), «Ұзақ мерзімге жалданған НҚ тозуы»субшоты. Мұнда жалға алушы субъектілер ұзақ мерзімге жалданған НҚ құны толық төленгеннен кейін амортизацияның қолданыстағы нормалары бойынша ұзақ мерзімге жалданған НҚ есептелген тозудың сомасы ескеріледі.Жыл мерзімінде есептелген тозу негізгі құралдардың тозуына қосылады. II.Жалға берушінің бухгалтерлік есебінде(баланс)жалға берілетін мүлік жалға таза күрделі салымға тең болатындай дебеттік берешек ретінде көрсетіледі. Жалдау ақысын кіріс бөлігінде жалға беруші әрбір есепті кезеңде жалға беруге салынған күрделі салымнан алынған табыстар ретінде таниды. Түсуге тиісті жалдау міндеттемелерінің есебі 2180- «Өзге дебиторлық берешек» шотында жүргізіледі. Оған «Түсуге тиісті жалдық міндеттемелер» субшоты ашылады,бұл шот- негізгі,активтік және есеп айырысу шоты. Дебеті бойынша – жалға алушы субъектілердің жалдау ақысы бойынша берешегінің ай басындағы және ай соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасын есепті ай үшін есептейді. Кредиті бойынша – жалдау ақысы бойынша берешектің өтелуі көрініс табады. Талдамалы есеп жалға алушы әрбір субъект бойынша «Әр түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесуді есепке алу ведомосінде» жүргізіледі.
Жалға берушіде 1.Бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарды жалға берген кезде Д-т 7410 К-т 2411-2417. 2.Бұрын есептелген тозу құны сомасында Д-т 2421-2429 К-т 2411-2417(бастапқы) 3.Негізгі құралдар келісілген құнмен беріледі Д-т 2180 К-т 6210 4.Есептелген жалдау пайызының сомасына Д-т 2180 К-т4420 5.Есепті кезең басталған кезде жалдық % кіріс ретінде есетен шығарылады Д-т 4420 К-т 6110 6.Жалгерден жалдау ақысы келіп түсті: а)амортизация бөлігінде Д-т 1040,1050,1010,1020, К-т 2160 ә)жалдық % бөлігінде Д-т 1040,1050,1010,1020 К-т 2170 7.Жыл қорытындысы бойынша есептен шығарылатындар: а)жиынтық кірісті кеміту шығындары Д-т 5410 К-т 7410 ә) жиынтық кірісті өсіру табыстары Д-т 6210 К-т 5410 Жалгерде 1.Жалға алынған НҚ объектілерінің келісім құнына Д-т 2411-2417/жалд НҚ К-т 4150 2. Жалдау ақысы НҚ объектілері бойынша амортизация есептелді Д-т 7210 ,7110 К-т 2421-2429/2 3. Жалдау ақысы есептелген кезде жалдық % бөлінгенде Д-т 7310 К-т 4160 (% есептелген) 4. Жалдау ақысы аударылған: а) амортизация бөлінгенде Д-т 4150 К-т 1040,1050,1010,1020 ә)жалдық % бөлінгенде Д-т 4160 К-т 1040,1050,1010,1020. 5. Есепті кезеңнің соңында шығыстар жинтық кірістің кемуіне есептен шығарылады Д-т 5410 К-т 7310 (7210,7110) 6. Жал мерзімі аяқтаған бойда НҚ объектісінің меншікке өтуі: а)НҚ объектісінің құнында Д-т 2411-24117/1 К-т2411-2417/2; ә) тозудың сомасында Д-т2421-2429/2 К-т2421-2429/1 Жалға берушінің есебінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады: 1. Егер арнайы осы мақсат үшін сатып алынған активтер (НҚ объектілері) жалға берілсе: а)қаржылық жалдау шартында келісілген құнға Д-т 2160 К-т 2411-2417 ә) жалдың барлық мерзіміне тиесілі % сомасын да Д-т 217 К-т 4420 2. Егер жалдау шартында мерзімі аяқталғаннан кейінгі НҚ өтемін төлеп алудың бағасы көзделсе,онда: а) жалгерге ұсынылған шоттың сомасына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 К-т 4150 ә)ҚҚС сомасына (үйлерден басқасының) Д-т 1210 К-т 3130 б)жалгерден өтемін төлеп алу құны алынды Д-т 1040,1050,1010 К-т 1210 3. Жыл соңында табыс жиынтық кірістің кемуіне жатқызылады Д-т 6210 К-т 5410. Жалгердің есебінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады: 1. Жалдау мерзімінің соңында НҚ өтемін төлеп алу былайша көрсетіледі: ә) жалға берушінің шоты бойынша өтемін төлеп алу құнына( ҚҚС-сыз) Д-т 2411-2417/1 К-т 3310 2. Егер жалдау шарты аяқталған бойда НҚ жалға берушіге қайтарылмасы, Д-т 2421-2429/9 К-т 2411-241725/2. 3. Егер НҚ жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылса,онда: ә) есептелген тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 2411-2417/2 Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарды жабу үшін жалгер кәсіпорын жалдау шартында көзделген күрделі жөндеудің сметалық құнына орай тең үлестермен резерв (қор) жасай алады. Күрделі жөндеуге жұмсалған нақты шығындар оның аяқталуына қарай құрылған резерв есебінен есептеп шығарылады. Егер шарт талабы бойынша,жалгер жөндеуді жалға берушінің есебінен жүргізсе,онда күрделі жөндеудің шығындары есептелген жалдау ақысының есебінен есептен шығарылады(жалдық төлемдердің кемуіне) Д-т 4430 К-т 2920.
11. Негізгі құралдарды түгендеу
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгедеу жүргізеді. НҚ түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар: 1. Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда,НҚ нақты қолда барын анықтау. 2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы НҚ сақталуын бақылау. 3. Жиынтығы бұзылған және күйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсыз НҚ объектілерін анықтау. 4.НҚ артық немесе пайдаланылмайтын объектілері қайтадан бөлінуге немесе сатылуға тиіс. 5. Машиналарды,механизімдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру. Есепті жылдағы түгендеудің санын,оларды жүргізу күндерін,олардың әрқайсысынада тексерілген мүліктердің тізілімін,түгендеу жүргізу мінддетті болған жағдайларды қоспағанда,шаруашылық субъектісі белгілейді.
Түгендеуді:
· Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен.
· Кәсіпорын мүлкінжалға бергенде,өтемін төлеп алғанда,сатқанда,сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізу міндетті.
Инвентарлық карточкалардың, инвентарлық тізімдердің бар-жоғын,техникалық құжаттардың қолда бары мен жағдайы және жалға берілген немесе субъет жалға,не сақтауға алған НҚ басқа құжаттарының қолда бары тексеріледі. Құжаттар жоқ болса, олардың алынуын немесе ресімделуін қамтамасыз ету керек. Бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде немесе техникалық құжаттамада ауытқу және жаңылыс анықталса,тиісті түзетулер мен растаулар енгізілу керек. Түгендеудің жүргізу үшін шаруашылық субъектісі қызметкерлерінен,бухгалтерия қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуымен комиссия құралады. Коммиссия міндетті түрде объектілерді тесереді және «НҚ инвентарлық тізіліміне»(№ Ин 1-нысан)оның толық атауын,мақсатын, инвентарлық нөмерін,негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін енгізеді. Үйлер мен ғимараттарды және басқа қазғалмайтын мүліктерді түгендеген кезде аталған объектілердің субъектіге тиесілі екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді. Субъектінің пайдаланудағы (меншігі)жер учаскелеріне,су қоймаларына және басқа табиғат ресурстарына иелік ету құқын беретін құжаттардың бар-жагын тексереді. Есепке қабылданбаған объектілер,оларды сипаттайтын деректер бухгалтерлік есептің тіркелімінде жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталған жағдайда,комиссия жетіспейтін6сондай-ақ осы объектілер бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді инвентарлық тізімдемеге және инвентарлық карточкаға қосады. Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп,жүргізілуі тиіс. Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан салынғанын немесе сатып алынғанын,өндірістік шығындардың қаржылану көздерін анықтап,оны хаттамада көрсетуге тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемелерге көшіріледі. Өнім беретін ересек немесе жұмысқа пайдаланылатын малдар түгенлеу тізімдемесіне енгізіліп,онда мыналар көрсетіледі:
1. Жануардың нөмері(брикасы немесе таңбасы)
2. Жануардың лақап аты
3. Туған жылы
4. Тұқымы
5. Түр-тұсі
6. Аттардан,түиелерден,қашырлардан,бұғылардан басқаларының тірі салмағы.
7. Бастапқа (ағымдағы)құны.
Ірі қаралардың,жұмысқа пайдаланылатын малдардың,шошқалардың,қойлар мен басқа жануарлардың аса құндылары(асыл тұқымдылары)тізімдемеге енгізіледі. Тізімдемеге жыныстық,жасаралық топтары бойынша әр топтағы бас саны мен тірі салмақты көрсете отырып енгізеді. Егер комиссия күрделі сипаттағы өндірістік жұмыстардың(қабаттарды қосып салу, жаңа үй-жайларды салу)немесе құрылыстар мен ғимараттарды ішінара жоюдың (жекеленген құрылымдық элемменттерді сындыру)бухгалтерлік есепте көрсетілмегеннін анықтаса,тиісті құжаттар бойынша объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап,өндірістік өзгерістер туралы деректерді тізімдемеге жазу қажет. Сонымен бірге комиссия кінәлі адамдарды және қайсыбір объектілердегі құрылымдық өзгерістердің бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде көрсетілмей қалуының себептерін анықтауға тиіс. Түгендеу сәтінде кәсіпорыннан тыс жерде болған негізгі құралдар (алыс жолдағы теңіз және өзен кемесі,теміржол және қозғалмалы құрамы,автомашиналар, күрделі жөндеуге жөнелтілген автомашиналар мен жабдықтар) кәсіпорынан уақытша шыққан сәтке дейін түгенделеді. Пайдалануға жарамайтын және қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізімдемесіне енбейді. Түгедеу комиссиясы мұндай объектілерге пайдалануға енгізілген мерзімі мен осы объектілердің жарамсыздыққа ұшырауының себептерін(бүліну,толықтай тозу және басқалар)көрсете отырып, жекелеген тізімдеме жасайды. Меншікті НҚ түгендеумен қатар жалданған және жауапты сақтаудағы НҚ тексеріледі. Осы объектілер бойынша әрбір шаруашылық субъектісіне(жалға берушіге) жекелей түгендеу тізімдемесі жасалады.Мұнда объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Онда белгіленген мәліметтерден басқа,шаруашылық субъектісінің(жалға берушінің)атауы,жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы жалғаберушіге жіберіледі. Түгендеу нәтижесін анықтау үшін бухгалтерияда «НҚ түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомосы»(№ Ин. 18-нысаны) жасалады. Оған есептік деректердің ауытқуы анықталған объектілер енгізіледі. НҚ жетіспеушілік немесе артықшылық фактілері белгілі болған кездетүгендеу коммисиясы материалды-жауапты адамдардан айырмашылықтың себептері туралы жазбаша түсініктеме жинайды. Ескерілген НҚ жаңа түгендеу картчкаларын жазып береді (деректерді НҚ есепке алудың түгендеу тізімдемесін,тізімдеріне немесе түгендеу кітабына енгізеді ),баланстан есептен шығарылған,жетіспейтін НҚ карточкаларын картотеканың «Мұрағат (архив )»бөліміне орналастырады. Түгендеу коммиссиясы отырысының хаттамасын шаруашылық субъектісінің басшысы түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталған айда ескерілуге тиіс. 1.Ескерілмегені белгілі болған НҚ объектілерінің құны: а) тозу сомасына (НҚ объектісінің техникалық күйіне қарай есеп айырысу жолыменанықталған) Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-120,0; ә)баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6280 НҚ объектілерінің жетіспеушілігі анықталған кезде; б)бұрын есептеген тозудың сомасына(бухгалтерлік есептіің деректері бойынша)Д-т 2421-2429 К-т 2421-2429 в)баланстың құнына Д-т 1280/кемшілік жәнежоғалту К-т 2411-2417 г)егер кінәлә адам анықталмаса немесе сот өтеп беруден бас тартса,Д-т 7210 К-т 1280/кемшілік және жоғалту -350,0. 1. Егер кінәлі адам анықталса немесе сот шешімі бойынша кінәлі болып табылса: а)НҚ баланстық құнында Д-т 1254/материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу К-т 1280/кемшілік және жоғалту -35,0; ә)жетіспейтін НҚ объектілерінің нарықтық және баланстық құндарының арасында айырмашылыққа Д-т 1254/материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу К-т 3520; б)кемшілікті өтеу шамасына қарай Д-т 1010,3350 К-т 1254/материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу в)сонымен бірге Д-т 3520 К-т 6280
|