Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі құралдарды есепке алудың 1-нұсқасы



Негізгі құралдарды есепке алудың 1-нұсқасы

Обьект жөндеуден және жалгерден қайтарылғаннан, тоқтатылып тұруы аяқталғаннан кейін бұл обьектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығарылған негізгі құралдардық карточкаларын «Архив» бөліміне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізге құралдардың жағдайы мен қозғалысына тиісті есеп жүргізіп, бақылауға алуға мүмкіндік береді. Салық салу мақсаттары үшін субьектілер инвентарлық карточкалардың екінші даналарын пайдалана отырып, негізгі құралдарды есепке алудың екінші картотекасын жүргізуге ( ұйымдастыруға) тиісті. Амортизациялануға жататын негізгі құралдар алдын-ала белгіленген амортизация нормалымен бірге топтарға бөлінеді. Негізгі құралдардың әрбір жіктелім тобы бойынша ай ішіндегі еркін айналымдар мен қалдықтарды ақпаратты қолмен өңдеу кезінде НҚ № 12 нысанындағы негізгі құралдардың қозғалысын есепке алудың карточкасында ескеріледі. Оған құжаттардың негізінде инвентарлық карточкаларда көрсетілген айналымдар мен қалдықтар жазылады. Оны 12-бөлімшенің шоттары бойынша бас кітаппен салыстырады. Карточкаларда негізгі құралдардың жыл (тоқсан, ай) басындағы қалдығы, келіп түсуі, шығарылуы (соның ішінде жабылуы), жыл (тоқсан, ай) соңындағы қалдығы көрсетіледі. Осы деректердің негізінде негізгі құралдардың қолда бары және қозғалысы туралы есептеме жасалады. Субьектілердің цехтары (бөлімдері) шеңберіне материялдық жауапты адамдарға табысталған барлық негізгі құралдар НҚ №13 нысандағы негізгі құралдардың инвентарлы тізімдеріне енгізіледі. Тізімдер материялдық жауапты адамда болады және олар оны жедел мақсаттар үшін пайдаланады. Тізімдер мен инвентарлық карточкаларға негізгі құралдардың құны деректерге сәйкес келуі тиіс.

Тұрған жері бойынша негізгі құралдардың есебі бухгалтерия жазып беретін инвентарлық карточкалардың екінші даналарында жүргізіледі.

Бухгалтерия карточкаларының деректері мен пайдалану жеріндегі деректер бірдей болуы тиіс.

Талдамалы есеп негізгі құралдардың ел аумағындағы және шет елдегі қолда бары мен қозғалысы туралы деректер алу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.