Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





нды біркелкі есептен шығару әдісі



1. Құнды біркелкі есептен шығару әдісі

Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:

Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай күйі, жөндеу және техникрлық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Мысалы: Станоктың құны =20 000 теңге. Болжамды жоюы құны =2 000 теңге,пайдалану мерзімі 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны = 20 000- 2 000 =18 000 теңге. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы 18 00/ 10-1 800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы – 1 800/12 =150 теңге.

НҚ ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді НҚ күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына әкеліп соғады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде өызмет мерзімі қысқарылаы.

Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты станоктың үтымды қызмет мерзімі 7 жыл болып белгіленіп, жою құны 3 000 теңге мөлшерінде белгіленсе, онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы қалған 3 жылға (20 000- (1 800 х 4) – 3 000)3 000=3 267 теңге немесе ай сайын 272 теңге болады.

Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі бір келкі жүзеге асады деп пайданылады.

2. Өндірістік әдіс.

Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бқлігінің нәтижесі ғана болып табылыды деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетің әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінәі құны оның көмегімен осы қнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объетілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

Мысалы: Құны 240 000 теңге болотын станок 6 000 бұйымды өндеуге қабілетті, жоюв құны 18 000. 1 бұйымға амортизация нормасы - (240 – 18)/6 =37 теңге.

Егер 2002 ж. Мамыр айында 45 бұйым өндірілсе, онда амортизация сомасы 45х37 =1 665 теңгеге тең.

2002 ж. Маусыи айындағы 52 бұйымға амортизация срмасы 52х37=1 924 теңге.

2002 ж. Шілдедегі 48 бұйымға амортизация сомасы 48х37=1 776теңге.

Техникалық паспорт бойынша жұмвс пен өтелген сағат саны көзделуі мүмкін, мысалы: 10 мың сағат: Л/ат. 1 сағ.=(240 - 18)/10=22,2.

Егер станоктың мамыр айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация сомасы 224х22=4 928 теңгеге тең.

НҚ жекеленген түрлері пайдалану бастаған сәтте неғұрлым тиімді әрекет етеді, бұған қоса, технология жетілген сайын жабдық тез моральды тоза бастайды, сондықтан қаржы жағдайын жасау мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске өндіру жылдамдату және НҚ жаңарту мүдделігін арттыру үшін субъектілер амортизация есептеудің үдемелі әдістерін қолдану мүмкін. №6 БЕС мұндай 2 әдісті ұсынады: Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығаруәдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған снның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады.

Пайдаланудың алғашқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарақанда едәуір жоғары болады.

Мысалы: станоктың қызмет мерзімі 6 жыл, кулмулятивтік сан = 7+2+3+4+ 5+6 = 27. Бұл орайда станоктың бастапқы құны = 240,0 жоюы құны – 18,0, амортизациялық құны – 240,0 – 18,0 = 222,0 болуға тиіс.

Жыл Кулмулятивтік сан Амортизация нормасы Бір жылдағы Амортизация сомасы Айға шаққанда
1-ші       1    6/21 222,0х6/21=5285 63 429/12=5286
2-ші        3       5/21         222,0x5/21=5285      4 405
3-ші        6       4/21         42 286      3 524
4-ші        10       3/21         31 714      2 643
5-ші        15       2/21         21 143      1 762
6-ші        21         1/21         10 571        881

 

Куммулятивтік санды тез арада анықтау үшін мынадай формуланы қолданылады:

                                  S=N(N+1)/2

Мұндағы S – сома

             N – ұтымды қызметтің болжамды мерзімі

Бұл әдіс кезінде амортизация сомасы объетіні пайдаланудың 1-ші жылы қарқындап өсіп, кейінгі жылдары азая бастайды.

Кемелі қалдықәдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей ідіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылдың қоспағанда, жоюы құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жоюы құнына дейінгі кемітілу үшін ішкі қажеттілікпен шектелген болады.

Мысалы: станоктың бастапқы құны 260,0, жоюы құны – 80,0, пайдалану мерзімі – 5 жыл, амортизация нормасы – 20%.  

 

Жыл  НҚ объектісінің құны 1-ші   жыл, бастапқысы, соңғы Амортизация нормасы Жыл ішіндегі амортизация сомасы Айға шаққанда 
        260 000  20%   52000  4333
2. 260 000 – 52 000=208 000       20%    41 600 3467
3. 208000 – 41 600 =166 400    20%     33280   2773
4.                133 120    20%       26624 2219
5.     106 496 – 80 000          26496 2208

 

Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде НҚ әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әртүрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъек таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.

НҚ тозуын есепке алу үшін “НҚ тозуы” деген XIII бөлімшенің пассивтік шоттары қолданылады, онда мынадай жинақтамалы шоттар бар:

2421 – үйлер мен ғимараттардың тозуы;

2423 – машиналардың, жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы;

2425 – көлік құралдарының тозуы;

2429 – офистік жиһаздар мен өндіріс жабдықтарының тозуы.

Аталған шоттардың әрқайсысына субшоттар ашылуы мүмкін:

1. Меншікті НҚ тозуы;

Ұзақ мерзімді жалға алған НҚ тозуы.

Жер өндіріс құралы ретінде – еңбек процесіне қажетті материалдық кепілдік, оның ең маңызды заттық факторларының бірі. Сату бағасы бола тұра және субъектінің балансында ескерілмеген тозбайды. НҚ тозуын меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер есептейді. Олар мыналардан басқа барлық қалған НҚ түрлеріне есептейді:

1. Өнім беретін малдар, қгіздер, буйвлодар, бұғылар.

2. Жер.

3. Кітапхана қорлары, фильм қорлары.

4. Мұражай және қылқалам құндылықтары.

5. Сәулет пен өнердің ескерткіштері.

6. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.