Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі құралдарды есепке алудың 2-нұсқасы



Негізгі құралдарды есепке алудың 2-нұсқасы

Шағын ұйымдарда талдамалы есептің тіркелімі ретінде «Негізгі құралдарды есепке алудың инвентарлық кітабы» атты НҚ №11 нысаны пайдаланылуы мүмкін. Ол жүктелім топтары, түрлері мен обьектілері бойынша ашылады. Әрбір обьектіге сипаттама, аталым, инвентарлық нөмір шыққан және пайдалануға берілген күні амортизация нормасы беріледі. Есепту кезеңдер бойынша негізгі құралдардың қолда бары (2411-2417-шоттар бойынша сальдо) мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін жіктелім топтар шеңберінде НҚ №12 карточкалары қолданылады. Бұл карточкалар 2411-2417-шоттар бойынша айналымды бас кітаппен салыстыру үшін пайдаланылады. Негізгі құралдардың есебі компьютерлер мен ЭЕМ-ді қолдану арқылы механикаландырылатын болса, негізгі құралдардың қозғалысын есепке алу карточкасын жүргізудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайдп негізгі құралдардың қозғалысы туралы есептеме жасау үшін ақпараттың машиналық тасығыштары пайдаланылады.

5. Негізгі құралдардың амортизациясыт мен тозуын есепке алу.

Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Тозу- бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.

Негізі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылан кезде жабдықтаң бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескеруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайладың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық процеспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруы мен бірге байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске не ғұрлым жетілген және үнемі машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін жануарлардың тұқымдарының, көп жылдық өсімдіктердің түрлері мен сипаттарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерінің жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.

Негізгі құралдарды моральдық жағынан тоздыратын факторлар:

1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстыру).

2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес).

3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз).

4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы.

5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістік географиялық орналысудағы өндірістер.

Олар өндіріс көлемін, пайданылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін.

6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларыңдағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральдық жағынан тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғаннан дейін негізгі құрал объетілерінің жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральдық жағынан тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы – моральды тозуға бейім.

Амартизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдық амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың жай және кеңейтілген қндірісіне айналдырудың объективті процесі.

Амортизациялық құн дегеніміз – бастапқы құн мен жоюы құнының арасындағы айырмашылық.Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.

Амортизация нормасы –бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдарының жылдық орташа құнына қатынасы.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсаты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтілуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың денгейі негізгі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі – еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерешіліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдардың нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына пайызбен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аударымдарының мөлшерін анықтау негізі құралдар құрамының қткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдарның толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқталады. Қайтадан құру мен техниналық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толвқтай тоқтатвлса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизацияға есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған НҚ бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттының талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.

№6 БЕС бойынша амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолдануы мүмкін:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.