Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





НҚ жетіспеушілігі. Тауар айырбасы операцияларының нәтижесінде шығарылуы. Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртудың есебі.



НҚ жетіспеушілігі

1. Бұрын есептелген тозу сомасына Д-т 2421 – 2429 К-т 2411 – 2417 – 300,0.

2. Жетіспейтін НҚ баланстық құнына Д-т 8048 (құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушілік немесе ысырап) К-т 2411 – 2417 – 700,0.

3. Жетіспеушілікке кінәлі адам белгілі болғанда немесе оны сот шешімімен анықтағанда:

а) НҚ баланстық құнына Д-т 1254 (материалдық зиянды өтеу жөніндегі шығыстар) К-т 2180 (жетіспеушілік және ысырап) – 700,0;

ә) жетіспейтін НҚ нарықтық және баланстық құндарының арасындағы айырмаға Д-т 1254 (материалдық зиянды өтеу жөніндегі шығыстар) К-т 3520 – 500,0;

б) жетіспеушілікті өтеудің тәртібін сот органы немесе кінәлі адам мен шаруашылық субъектінің арасындағы келісім белгілейді. Жетіспеушілікті өтеу шамасына қарай Д-т 1010, 3350 К-т 1254 (материалдық зиянды өтеу жөніндегі шығыстар).

Сонымен, бір мезгілде құндардағы айырмашылықтың бөлігіне Д-т 3520 К-т 6210;

        в) егер кінәлі адам анықталмаса немесе өтеуін алудан сот бас тартса Д-т 7210 К-т 2180 – 700,0.

Жыл соңында ысыраптар жиынтық кірістің кемуіне жатқызылады Д-т 5410 К-т 7210 – 700,0.

Тауар айырбасы операцияларының нәтижесінде шығарылуы

1. Баланстық құнға Д-т 7410 К-т 2411 – 2417 – 800,0.

2. Бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2421 – 2429 К-т 2411 – 2417 – 200,0.

3. Берілген НҚ келісім (келісілген) құнына, ҚҚС-сыз Д-т 1210 К-т 6210 – 1 500,0.

4. ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 – 300,0.

5. Берілген НҚ орнына алынған тауар кірістелгенде (ҚҚС-сыз келісім құны) Д-т 1330 К-т 3310 – 1 500,0.

6. Өтелетін ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310 – 300,0.

7. ҚҚС-ты есепке алу Д-т 3130 К-т 1420 – 300,0.

8. Өзара міндеттемелерді есепке алу Д-т 3310 К-т 1210 – 1 500,0.

9. Жыл қорытындысы бойынша:

а) шығыстар Д-т 5410 К-т 7410 – 800,0.

ә) кірістер Д-т 6210 К-т 5410 – 1 500,0. Кіріс 700,0 теңге құрады.

 

8. Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртудың есебі.

Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі машиналардың, жабдықтардың, үйлердің және НҚ басқа түрлерінің жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу:

а) күрделі жөндеу;

ә) шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу дегеніміз – жалпы объектіні салыстырғанда тозу мерзімі аз НҚ жекелеген бөлшектерін қалпына келтіру.

Бір жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін, нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін, алмастырылатын немесе тозған барлық тетіктері мен желілері қалпына келтірілетін, агрегат жинақталатын және сынақтан өтетін жөндеу машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының күрделі жөндеуі болып саналады, Машинаның агрегаттарына (қозғалтқышқа, шестеріне, қозғалу қорабына) күрделі жөндеу машина маркасына байланысты белгіленген жүрістен кейін жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөнделуі, әдетте жөнделетін объектілерді шамалап қайта құрумен ұштасады, мұндай кезде тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. Шамалап қайта құру немесе жаңғырту НҚ бастапқы құнын өсірмейді, №6 БЕС-ке сәйкес НҚ объектілерінің бастапқы құнын өсіру кейінгі күрделі салымдардың нәтижесінде объект күйі жақсаратын жағдайларда ғана жүргізіледі. Мұндай кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік көрсеткіштері: қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Объектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында НҚ жөндеуге жұмсалған шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.

Мысал: автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашиналар құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылды, оң жақ қапталы 45 000 теңгеге алмастырылды. Қозғалтқышты алмастыру нәтижесінде қызмет мерзім/ 2 жылға артады, сөйтіп, 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсірді, ал 45 000 сомадағы шығындар ағымдағы шығындар ретінде танылады.

Ағымдағы жөндеу НҚ жұмыс жағдайында ұстау үшін оның тозған тетіктерін алмастырудан немесе түзетуден тұрады. Оны НҚ пайдалану процесінде жүргізеді. НҚ сақтандыру мақсатымен белгіленген мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы-ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ.                                                                                                                                                                                      Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті. Жөндеуді үш әдіспен жүргізеді:

1. Мердігерлік.

2. Шаруашылық.

3. Аралас.

1* Мердігерлік әдіс кезінде негізгі құралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу, жөндеу-шаруашылық субъектілері) жөндейді.

2* Шаруашылық әдісі кезінде жөндеу субъектінің өз күші және қаражаттарымен жүзеге асырылады.

3* Аралас әдіс кезінде жөндеу жұмыстарының бір бөлігін өз күштерімен, екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.

Мердігерлік ұйымдармен шарт негізінде мердігерлік әдіспен орындалған НҚ күрделі және ағымдағы жөндеуі кезінде кәсіпорын жөнделетін объектілерді жөнделетін жерге және кері қарай жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, объектіні жөндеу жөніндегі аяқталған жұмыстарды төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жөндегені үшін мердігерлермен есеп айырысуды жалпы объект бойынша аяқталған жұмыстар үшін толықтай жүргізеді. НҚ күрделі жөндеуден, қайта құрудан және жаңғыртудан қабылдау-өткізу (НҚ) №2 нысанындағы Жөнделген, қайта құрылған және жаңғартылған объектілерді қабылдау- өткізу актісімен “ ресімделеді. Субъектінің НҚ қабылдауға уәкілетті қызметкері мен жөндеуді жүргізген субъектінің өкілі қол қойған акт бухгалтерияға өткізіледі. Акт екі данада жасалып, бас бухгалтер қол қояды және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Негізгі қорлардың жөнделген объектісінің техникалық паспортына күрделі жөндеуді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізуге байланысты объект сипатындағы қажетті өзгерістерді енгізу керек.

    Жұмыстарды жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде НҚ ақау ведомосы жасалады. Оның негізінде НҚ жөндеу жүргізуге наряд- тапсырыс жасалады. Кәсіпорынның жөндеу цехтарына (ЖЦ, РММ, РСУ) әрбір жөнделетін объектіге көпбағандық карточкалар ашылып, онда жөңдеудің шығындары жинақталады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін (НҚ) №2 нысаны бойынша объектілер тапсырыс берушілерге табыс етіледі. НҚ объектілерін жөндеуден мерзімінде алуды бақылау мақсатында (НҚ) №6 нысанындағы инвентарлық карточкаларды объектілерді жөндеу кезінде картотеканың “жөндеуде” деген бөліміне орналастырылады. Жөндеу карточкаларын бұл бөлімнен НҚ топтары бойынша картотеканың тиісті бөлімдеріне көшіреді.

      Өндірістік негізгі қорларды жөндеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу үшін 8044- шот (негізгі құралдарды жөндеу) қолданылады. Жалпы шаруашылық мақсаттағы НК, жөндеу шығындары 7210- шотта (жалпы және әкімшілік шығындар), тауарларды сататын жерінде сақтауға арналған НҚ жөндеу шығындары – 7110- шотта (тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі шығындар) көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жөндеуге жұмсалған шығындарды өнімнің, жұмыстың және қызметтің құнына біркелкі енуін қамтамасыз етуі үшін субъектілер жөндеудің барлық түрлері мен оның ұзақтығына жұмсалатын шығындардың жылдық сметасына орай ай сайын аударымдар жасап, жөндеу қорын (резерв) құра алады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.