Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі құралдардың ағымдағы жал операцияларының есебі



9. Негізгі құралдардың ағымдағы жал операцияларының есебі

Жалдау –бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді,өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді,қайтарымды түрде пайдалануы.Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болды.

Жалға беруші –жалдау шарты мулікті жалға беретін меншік иесі.Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.

Жалгер -бұл жалдау шарты бойынша мулікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға.Заңды және жеке тұлғалар,біріккен кәсіпорындар,шетелдік заңды тұлғалар,халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.

Жалдау шарты -бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім.Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.

Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар:

1. Ұзақ мерзімді жал(лизинг) - бұл мүлікті үш жылдан артық мерзімге жалдау.Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық(қаржыландыратын) болып бөлінеді.

Жай лизинг-жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздейді.

Қаржылық (қаржыландырылатын) лизинг – жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің нысаны.

Жалгер мүлік құнын жалдық төлем арқылы өтейді. Қаржылық лизингтің үш нысаны болады:

А)”стандарт” лизинг-мұндай кезде жабдықты әзірлеуші оны қаржыландырушы қоғамға береді.Ол өзінің лизингтік фирмасы арқылы оны тұтынушыға жалға береді;

Ә)”Лиз-бек” лизингі-мұндайда жабдық иесі оны лизингтік фирмаға сатады жіне сонымен бірге одан жалға алады(жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту әдісі);

Б)”Жеткізушіге” лизингі-мұндай кезде негізгі құралдарды сатушы»Лиз-бек»лизингідегі сияқты жалгерге айналады,жалданған жабдықты ол емес,басқа жалгерлер пайдаланады.

Қазақстан Республикасының шаруашылық практикасында жай лизинг кеңінен таралған.

2. Орташа мерзімді жал(хайринг)- бұл жалгердің мүлікке меншік құқынсыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі мүлікті жалдауы.

3. Қысқа мерзімді жал(рейтинг,чартер)- мүлікті жалгердің кейінгі сатып алу құқынсыз жалдау, жалдау мерзімі 1 жылға дейін созылады.

Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда төмендеу. Чартер әдетте рейсті, кезекті бірнеше рейсті, белгілі бір мерзімге (тайм – чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чартерлер алдын ала немесе шұғыл тәртіппен (промтчартер) және тіпті кейде жедел тиеуге дайындықпен (спорпромт) жасалуы мүмкін.

Экономикалық жағдайлары бойынша жал ағымдағы және қаржыланатын болып бөлінеді. 17 – “Жалдау есебі” БЕС-ына сәйкес негізгі құралдардың ағымдағы жалы негізгі құралдардың жалға берушіге міндетті түрде қайтарылуын көздейді, яғни жалдау кезеңінде жалгерге жалданған негізгі құралдарға иелік ету және олардың пайдалануы мен жалға берушіге уақтылы қайтарылуын бақылау құқы ғана өтеді. Талдамалы есебі журналда жүргізіледі, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткіштер болады. Қысқа мерзімге жалданатын негізгі құралдар жалгерде баланстан тыс 001 – шотта ескеріледі. Қысқа мерзімді жалға берілген НҚ жалға берушіде 2411 – 2417 – шоттарда ескеріледі. Оған “Меншікті НҚ” және “Жалға берілген НҚ” деген субшоттар ашылады.

  Дербес (интеллектуалды) меншік– бұл әртістердің, орындаушылардың, дыбыс жазушылардың, радио және теле бағдарламалардың қызметіне қатысты авторлық құқықты, өнер табысы және патенттік құқыққа, ғылыми жаңалық құқына, фирмалық атауға және коммерциялық белгілеуге теріс ниетті бәсекелестерден қорғаныс және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым. Дербес меншіктің объектілері былайша жіктелінуі мүмкін:

   ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310.

  1. Бірегейленетіндері, яғни дербес меншіктің басқа кәсіпорындарға сатылуы, берілуі мүмкін түрлері (патенттер, сауда белгісі, маркілер, өндірістік үлгілер).
  2. Бірегейленбейтіндері, яғни аталған кәсіпорынға бөлінбейтін және дербес түрде сатылмайтын дербес меншіктің түрлері. Оған иелік ететін кісіпорындар ғана оны сата алады (фирмалық атау).

Дербес меншікті бағалау сараптау жолымен жүргізіледі. Дербес меншікті бағалау және балансқа қабылдау – бұл оның капиталдану процесі.

Капиталдану – бұл тіркелген капиталды құру, яғни дербес меншіктің кәсіпорынның материалдық емес активіне айналу процесі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.