Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. НҚ жөндеу жүргізудің иердігерлік әдісі



       I. НҚ жөндеу жүргізудің иердігерлік әдісі

           Орындалған және акті бойынша қабылданған НҚ жөндеу жөніндегі жұмыстар үшін мердігерлердің шотын төлеуге келісім берілді, олар мынадай қызметтер көрсеткен:

· Күрделі құрылыс Д-т 2930 К-т 3310- 5,0;

· Негізгі өндіріс Д-т 8044/нө К-т 3310-280,0 ;

· Көмекші өндіріс Д-т 8044/ көм.ө. К-т 3310-62,0;

· Жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар Д-т 7210 К-т 3310;

· Тауарды сату орны Д-т 7110 К-т 3310.

1. ҚҚС сомасына (480,0-нен 14%) Д-т 1420 К-т 3310.

2. ҚҚС сомасы бюджет төлемдерін кемітуге жатқызылды (ҚҚС есепке алу) Д-т 3130 К-т 1420.

3. Орындалған жұмыстары үшін мердігілердің шоттары төленді Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020.

4. Жыл қорытындысы бойынша шығыстар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылады Д-т 5410 К-т 7110,7210.

II. Егер жөндеуді жөндеу цехы жүзеге асырса:

1. Күрделі құрылыстың негізгі құралдары бойынша Д-т 2930 К-т 8030

2. Негізгі өндірістің негізгі құралдары бойынша Д-т 8044/ нө К-т 8030

3. Көмекші өндірістің негізгі құралдары бойынша Д-т 8044 көм.ө. К-т 8030

4. Жалпышаруашылық мақсаттары негізгі құралдар бойынша Д-т 7210 К-т 8030

5. Сату процесіне қызмет көрсететін негізгі құралдар Д-т 7210 К-т

III. Егер жөндеуді жөндеу жүргізбейтін цех шаруашылық әдіспен жүзеге асырса:

Қозғалмайтын объектілерде (үйлерде, ғимаратттарда ) Д-т 7110,7210, 8044, К-т 1314,1315, 1317, 3350 және т.б.

Жалгер- кәсіпорынның негізгі құралдарының күрделі жөндеуге байланысты шығын дары шарт талаптарына сәйкес 2920- шотта (басқалар) ескеріледі (жинақталады).

Жалдық төлем – бұл жалға алынған мүлік үшін жалгер жалдау мерзімі ішінде төлейтін тұрақты төлемдер. Жалдау ақысының мөлшері мен оны төлеудің тәртібі жалдау шартында белгіленеді. Жерді және басқа табиғи ресурстарды жалдау жағдайларын қоспағанда, жалдау ақысы өзіне мүлік құнынан алынатын амортизациялық аударымдарды, жал мерзімі аяқталғаннан кейінгі жөндеу құралдарын, сондай- ақ жалдау пайызын қосады.

Жалдау пайызы – бұл жалданған мүліктің құнынан үлес немесе %. Жалдау шартында тіркелген сомалар түрінде белгіленеді. Экономикалық табиғаты бойынша, ол банк несиесін пайдалану процесіне ұқсас. Бас салық инспекциясының №37 Нұсқаулығына сәйкес жерді жалдау және сату, иелік ету құқы және пайдалану немесе салынған объектіні алғашқы сатуды қоспағанда, үйді жалдау мен сату ҚҚС- тан босатыладыс .

      Коммуналдық қызметтер, байланыс қызметі және үйді пайдалануға байланысты жалға беруші жалгерге ұсынылатын басқа қызметтер қосымша шығындарға жатады. Шығындардың аталған түрлеріне белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.