Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Толығымен амортизацияланған НҚ бойынша амортизация есептейді.



Толығымен амортизацияланған НҚ бойынша амортизация есептейді.

    Егер НҚ объектісі бойынша тозуды есептеу тоқтатылса, онда НҚ есепке алудың НҚ №6 нысанындағы инвертарлық карточкадағы амортизация нормасы түрлі-түсті қаламмен сызылып тасталады және амортизация есептеудің қай мезгілден бастап тоқтатылғаны көрсетіледі.

НҚ №13 нысанындағы НҚ тұрған немесе пайдаланған жері бойынша инвертарлық тізімде “тозған” деген белгі қойылады. Өндірістік шоттарда 8040 - “Үстеме шығындар” бөлімшесінің 8045 - “НҚ тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы” шоты бөлек көрсетіледі. Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың тозуы 7210 - “Жалпы және әкімшілік шығындар” шотында ескеріледі. Тауарлардың сатылатын жерінде сақтауға арналған НҚ 7110 - “Туарларды сату жөніндегі шығындар” шотында ескеріледі. 8045 және 8040-шоттарға өндіріс түрлері бойынша субшоттар ашу қажет.

Операциялар:

1. Негізгі өндірісте қолданылатын НҚ бойынша тозу есептеледі:

а) Д-т 8045/н.ө К-т 2421-2429 – 150,0.

ә) Д-т 8040/н.ө К-т 8045/н.ө – 150,0.

б) Д-т 8014 К-т 8040/н.ө – 150,0.

в) Д-т 8010 К-т 8014 – 150,0.

2. Көмекші өндірісте қолданылатын НҚ бойынша тозу есептеледі:

а) Д-т 8045/көм.ө К-т 2421-2429 – 50,0.

ә) Д-т 8040/көм.ө К-т 8045/көм.ө – 50,0.

в) Д-т 8034 К-т 8040/көм.ө – 50,0.

г) Д-т 8030 К-т 8034 – 50,0.

3. Жалпышаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың НҚ бойынша тозуы есептелді: Д-т 7210 К-т 2421-2429 – 80,0.

Жыл соңында Д-т 5410 К-т 7210

4.Тауарларды сатылатын жерінде сақтауға пайдаланатын НҚ бойынша тозу есептеледі: Д-т 7110 К-т 2421-2429 – 30,0. 

Жыл соңында Д-т 5410 К-т 7110.

5. Ағымдағы жалға берілген НҚ бойынша жалға беруші тозуды есептегенде: Д-т 7470 К-т 2421-2429 – 40,0.

6. Ұзақ мерзімді жалға алынған НҚ жалгер тозуды есептеген: Д-т 7110, 7210, К-т 2421-2429/2-ші.

7. Жыл мерзімі аяқталып, ұзақ мерзімге жалданған НҚ жалгердің меншігіне өткен кезде есептелген тозу түзетіледі. Д-т 2421-2429/2-ші К-т 2421-2429/1-ші.

 

               6. Негізгі құралдардың есептеген шығарылуының есебі

НҚ объектілері ұйымның бухгалтерлік балансынан:

1. Физикалық және моральдық жағынан тозғанда.

2. Шаруашылық қызметте пайдаланылмаған объетілер сатылғанда.

3. Жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге берілгенде.

4. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде.

5. Қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде.

Кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.

Шаруашылық ұйымдары қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және мүліктерді басқа субъектілерді беруге,    айырбастауға, жалға беру, тегін уақытша пайдалануға немесе ғарызға беруге, егер заңдарда және субъектінің жарғысында өзгедей көзделмесе, сондай-ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы. Кәсіпорындардың, цехтар мен басқа объектілердің құрылысына, кеңейтілуіне және техникалық қайта жарақтануына байланысты физикалық және моральды тозуы бойынша таратылған кезде; табиғи апаттардың, аварияның, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуынын нәтижесінде негізі табыннан малдарды ақау ретінде шығарып тастағанда; шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындар ортақ кәсіпорынға баланыстан шығару арқылы өтеусіз бергенде, сыйлағанда, табыс еткенде (сатқанда), өткізгенде және аиырбастағанда НҚ шығарылады.

     Тарату толық немесе ішінара (объект қайта жабдықталғанда және жаңғыртылғанда) болады. Ғимараттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозуы салдарынан толық ескірген өндірістік уй, егер бұл объектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субъектілеріне өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субъект балансынан есептен шығарылады.

      НҚ жарамсыздығынан, оларды қалпына келтірудің мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ НҚ есептен шығаруға қажетті құжаттарды ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша (құрылтайшылардың немесе өкілеттілердің жиналысының шешімі) құрамында:

1.Бас инженер немесе субъект басшысының орынбасары.

2.Бас бухгалтер немесе оның орынбасары.

3.НҚ үшін жауапкершілік артылған материалды жауапты тұлға.

4.Меншік иесінің немесе өкілетті мемлекеттік органының өкілі.

5.МАИ өкілі (көлік құралдарын есептен шығарғанда) бар тұрақты қызмет ететін комиссия құрылады.

      НҚ жекелеген түрлерін баланстан есептен шығарғанда комиссияға: механиктер, энергетиктер, гидротехниктер, жылу техниктері, технологтар, мал дәрігерлері, зоотехниктер сияқты тиісті мамандар енгізіледі.

 Бұл комиссиялар:

1. Есептен шығарылатын объектіге тікелей байқау жүргізеді және оның қалпына

келтіруге және одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды.

2. Объектіні есептен шығарудың нақты себептерін анықтайды (тозу, қайта құру, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуы, авария және басқалар).

3. НҚ пайдаланудан ерте шығып қалуына кінәлі адамдарды анықтайды және оларды жауапқа тартуға ұсыныс жасайды.

4. Есептен шығарылатын объектінің жекелеген тетіктерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін анықтайды және оларды бағалайды.

5. Есептен шығарылғанның пайдалануға жарамды тетіктерін, бөлшектерін, түрлі-түсті және қымбат бағалы металдарын алуға бақылау жасайды, олардың саны мен салмағын анықтайды және олардың қоймаға өткізілуін бақылайды.

6. НҚ объектілерін есептеп шығаруды НҚ №3 нысанындағы «НҚ есептен шығару актісімен» және НҚ №4 нысанындағы «Автокөлік қуралдарын есептен шығару актісімен» (2 дана) ресімделеді, Оның біріншісі бухгалтерияға беріледі, екіншісі материалдық жауапты адамда қалып, қалған тауарлы-материалдық құндылықтарды есептен шығаруға негіздеме болып табылады.                                                                                                                                                                                                  

 НҚ №3 және НҚ №4 нысандарындағы актілерде жасалған немесе салынған жылы, кәсіпорынға келіп түскен күні, пайдалануға берілген уақыты, объектінің бастапқы (ағымдық) құны, есептелген тозу сомасы, жөндеулердің саны көрсетіледі. Акті кәсіпорын басшысы бекіткеннен кейін ғана объектіні таратуға кіріседі. Актінің келесі жағында объектіні тарату жөніндегі шығындар мен НҚ таратудан алынған материалдық құндылықтардың түсімі көрсетіледі. Материалдық құндылықтарды қоймаға өткізу жүкқұжатпен ресімделеді (кіріске алу пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша жүзеге асырылады). Негізгі табыннан жануарлардың жарамсызын шығаруды негізгі табындағы жануарға арналған актімен ресімдейді (бір жануарға №57 нысан, топқа №57а нысаны).

Баланстан есептен шығарылған көпжылдық өсімдіктер көпжылдық өсімдіктерді есептен шығаруға арналған №58 нысандағы актімен ресімделеді.

Малдардың сойылғаны мен өлім-жітімі малдар мен құстардың шығарылуына арналған №100 нысандағы актімен ресімделеді. Оны субъект басшысы тағайындаған арнайы комиссия өлім-жітім, сойыс болған күні жасайды. Жекелеген тұлғалардың кінәсі бойынша мал өлетін болса, актінің негізінде келтірілген зиянды өтеудің мөлшері туралы шешім қабылданады. Осы актілердің негізінде инвентарлық карточкаларда, инвентарлық карточкалардың тізімдемесінде және олардың тұрған жері бойынша НҚ инвентарлық тізімдерінде НҚ шығарылғандығы туралы белгілер қойылады. Бір субъектінің екіншісіне НҚ табыс етуі НҚ №1 актісімен ресімделеді, ол екі данада жасалады. Актінің негізінде инвентарлық карточкаларда және инвентарлық тізімдерде негізгі құралдардың шығарылғандығы туралы белгілер қойылады. НҚ субъект ішіндегі-бір цехтан екінші цехқа ауысуы НҚ №1 нысандағы актімен ресімделеді. Оның негізінде НҚ орналасқан жері бойынша инвентарлық карточкалар мен инвентарлық тізімдерде құралдардың қозғалысы туралы белгілер қойылады.

                  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.