Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІV. НҚ өтеусіз келіп түсуі



ІV. НҚ өтеусіз келіп түсуі

1-нұсқа. Егер НҚ демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды былайша кіріске алады: Д-т 2411-2417 К-т 6280-1200,0.

Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда:

А) Байланыстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6280-400,0;

Ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-800,0.

2-нұсқа. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан днмнуқаржы (субсидия) түрінде алынде алысса Д-т 2411-2417 К-т 6230-1 млн теңге , табыс етілген НҚ пайдалану боып , құжаттарында тозу құны көрсетілсе,онда:

А) баланстық құнына Д-Т 2411-2417 К-т 6230-600,0;

Ә) Тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-400,0.

Жыл қорытындысы бойынша 7-бөлімнің шоттарында көрсетілген табыстар жиынтық табыстың өсуіне жатады Д-т 6230, 6080 К-т 5410.

V. НҚ жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсу

1. Мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 5020 К-т 5010-5 млн теңге.

2. Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен НҚ келісім (келісілген) құнына сай келсе, онда:

А) баланстық, келісімді құнына Д-т 2411-2417 К-т 5020-2300,0;

Ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-1200,0.

3. Құрылтайшылар енгізген салымның қалған сомасына Д-т 2730, 1310-1314, 1317, 1320-1330,1040,1050,1010,1020 К-т 5020-1500,0.

VІ. Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде НҚ келіп түсу (тауар беріліп, орнына НҚ алынған).

1. Босатылған тауарлардың келісім құнына Д-т 7010 К-т 1330-1200,0.

2. ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім құнына (салық шот-фактурасына сәйкес) Д-т 1210 К-т 6010-1500,0.

3. ҚҚС сомасына (салық шот-фактрасы бойынша) Д-т 1210 К-т 3130-300,0.

4. Алынған НҚ баланстық құнына (егер құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе( Д-т 2412 К-т 3310-1500,0.

5. Тозу сомасына (қабылдау-өткізу құжаттары бойынша) Д-1 т 2413 К-т 2423-200,0.

6. ҚҚс сомасы (әріптестен алынған салық шоты бойынша) Д-т 1420 К-т 3310-300,0.

7. ҚҚС есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-300,0; 1210-1 800,0 (1500,0+300,0).

8. Жыл соңында:

а) шығындар жиынтық табысы кемітеді Д-т 5410 К-т 7010-1200,0;

ә) табыстар жиынтық табысты арттырады Д-т 6010 К-т 5410-1500,0.

Аталған операциядан алынатын табыс (571-шоттың кредиттік сальдосы)-300,0.

VІІ. НҚ түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар (келіп түскен кезде кіріске алынбағандары) мынадай бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Д-т 2411-2417 К-т 6280.

                                                                                    

4. Негізгі құралдардың талдамалы есебін ұйымдастыру.

Инвентарлық обьект НҚ есебінің обьектісі болып табылады, яғни оған тиесілі ейімдеулері және керек-жарақтарымен бірге аяқталған құрылғы немесе жеке оқшауланғанзат (заттар кешені) белгілі бір дербес функцияларды орындауға арналған. Инвентарлық обьектіге инвентарлық нөмір тағайындалады. Обьектінің нөмірлеуін әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша құрады.

Мысалы, үйлер үшін 0001-ден 0299-ға дейінгі ғимараттағы 0300-ден 0399-е дейінгі, беріліс құрылғылары үшін 0400-ден 0499-ге дейінгі нөмірлер бөлінген.

Инвентарлық нөмірлер НҚ № 1 нысанында және НҚ қолда бары мен қозғалысын есепке алу жөніндегі барлық тіркелімдер мен құжаттарда келтіріледі. Оларды тиісті обьектілерде темір жетондарды бекіту, бояу жағу немесе басқадай әдістермен белгілейді. Инвентарлық нөмір обьектінің пайдалануда болған барлық кезеңіне сақтайды, ал ол шығарылатын болса, жаңадан келіп түскендеріне ұзақ уақыт бойы (5 жылға дейін) қайтадан нөмір қоймайды. Бухгалтерлік есепте НҚ әр бір обьекті бойынша бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген сомамен ескеріледі.

НҚ талдамалы есебі екі нұсқамен ұйымдастырылуы мүмкін:

1.Негізгі құралдарының саны көп және есепті қол әдісімен жүргізетін ұйымдарда обьектілік, яғни НҚ талдамалы есебі инвентарлық біртектес заттарын, құрал- саймандарын және өндірістік немесе шаруашыдық мақсаты бір және техникалық сипаттамасы, құны бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұрған басқада заттарды қоспағанда , әрбір инвентарлық обьектіге ашылады.

Бұл заттарды бір инвентарлық карточкада ескеруге рұқсат етіледі. Негізгі құралдарың барлық түрлеріне ИНВЕНТАРЛЫҚ КАРТОЧКА НҚ №6 нысаны) деген бірегей типтік нысан белгіленген. Оны келіп түскен НҚ жасалған актінің, техникалық паспорттардың және басқа құжаттардың негізінде жасайды. Обьектілер мен олардың жекелеген құрамдас элементтерінің сипаттамасы қысқаша болып, обьектінің жекелеген ерекшеліктерін дәл көрсетуге және техникалық құжаттаманың деректерін толықтай қвйталамауға тиіс. Топтың есепке алу жағдайында карточка НҚ жекелеген обьектілерін позицияларын жазу жолымен толықтырылады. НҚ №3 нысандағы НҚ обьектілерін есептен шығарған кездегі НҚ №1 нысандағы акт НҚ обьектісін басқа субьектіге берген кезде НҚ шығарылғандығы, сондай-ақ НҚ обьектілерінің субьект ішіндегі қозғалысы туралы белгілер қоюға негіз болып табылады.Негізгі құралдарды салуды аяқтау, толығымен жабдықтау, қайта құру, жаңғырту, жөндеу жөніндегі аяқталған жұмыстар туралы жазбаны карточкаға НҚ №2 нысанындағы «Жөнделген, қайта құрылған, жаңғыртылған обьектілерді қабылдау-өткізу актісі» негізінде енгізеді. Толтырылған инвентарлық карточкалар бухгалтерияда НҚ №10 нысанындағы « Негізгі құралдарды есепке алу жөніндег инвентарлық карточкалардың тізімдемесінде» тіркеледі. Олар негізгі құралдардың әрбір жіктелім тобы бойынша бір данада жүргізіледі. Тіркеу кезінде карточканы нөмірлейді, сонан кейін арнайы карточкага орналастырады. Онда ол жүктелім тобы бойынша сақталады. Ал бұл топтардың ішінде- пайдаланылатын орындары мен материялды жауапты адамдар бойынша және негізі құралдардың түрлері бойынша сақталады. Карточкада мынадай бөлімдер болады:                                                                                                                                  

·пайдаланудағы негізгі құралдар (жіктелім топтар бойынша).                                                 

·ағымдағы айда түскендер;

· ағымдағы айда шығарылғандар;

·ішкі қозғалыс;

·жөндеуде;

·қорда (запаста);

·сақтауда (сонсервацияда);

·жалға берілген негізгі құралдар;

· ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдар;

·жалға алынған негізгі құралдар;

·архив (мұрағат);

Ай ішінде 4- бөлімнің каточкалары 12-бөлімінің (негізгі құралдар) шотында ескерілген салыстырғаннан кейін картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.