Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау.



2.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады.Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін,құрылымын,тозуын анықтап,қайта өндіруді жоспарлауға иүмкіндік береді.№БЕС бойынша бастапқы,ағымдағы,баланстық құндарды,сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі.Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар,негізгі құралдарды орнатужәне сатып алу щығындары,соның ішінде:

1.Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар(үйлер,жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж).

2.Жеткізу,монтаждау,орнату,пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.

3.Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар.

4.Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:

1.Шотта көрсетілген сату бағасы.

2.Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы.

3.Сатып алу-сату құжаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеикен қызметін төлеу.

4.Салықтар мен алымдар.

5.Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар(үйлерді бұзу,тазалау,тегістеу).

Альтаир”ЖШС-і аумағында 1 200 000 теңгенің құрылысы орналасқан жер учаскесін сатып алды.Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттің көрсеткен қызметінің құны- 23 0001 теңге,шарт жасау жөніндегі заңгер көрсеткен қызмет құны-15 600 теңге,құрылысты бұзу шығындары 35000 теңге,үйді бұзудан алынған табыс 12 300 теңге,учаскені тазалау және тегістеу жөніндегі шығындар 7 000 теңге.

Учаскенің бастапқы құны:1 200 000+23 000+15 600+(35 000-12 300)+7 000=1 268 300теңге құрайды.Д-т 2411(жер) К-т 3310(жеткізушіоемен есеп айрысу).Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:

1Сатып алу бағасы.

2.Тасымалдау шығындары(тасымалдау уақытындағы сақтандыру).

3.Монтаждау.

4.Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.

Үйлер мен ғимаратттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:

1.Материалдар.

2.Еңбекақы төлеу.

3.Үстеме шығындардың тиісті үлесі.

4.Сәулетшінің,заңгердің қызметін төлеу.

5.Құрылыс кезіндегі сақтандыру шығындары.Құрылыс кезеңіне берілген кредиттер бойынша ппайыздар.Құрылыс жүргізуге рұқсаи алуға жұмсауға арналған шығыстар.

Негізінде табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлдетудің нақты өзіндік құнынан құралады.Негізгі табындарды қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша-жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу,күту,суару,тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады(пайдалану бағасы бойынша алынған өнімнің құнын немесе егу сәтінен бастап өсімдіктерді пайдалануға беруге дейінгі өткізілуін шегергенде).

Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу №1нысандағы актімен рәсімделеді.Ол жекелеген обьектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін,олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін,негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін,негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін,сондай-ақ басқа субьектіге беру мақсатында (жарғылық капиталға салымдар,өтеусіз беру) НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады.Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеген кезде басша тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке обьектіге бір дана акт жасайды.НҚ бірнеше обьектілерін қабылдайдан өткізуді рәсімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын,құрал-саймандарын,жабдықтарын есепке алған кезде ,егер бұл обьектілер біртектес болса,құндары бірдей болса және күнтізбелік айда қабылданған болса,рұқсат етіледі.Акт рәсімделгеннен кейін осы обьектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі.Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субьект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді.НҚ ішкі қозғалысын рәсімдеген кезде акт екі данада жасалады.НҚ басқа обьектіге сатылған кезде үш данада жасалады,оның екеуі қткізуші субьектіде қалады,үшіншісі НҚ қаьылдайтын тұлғаға беріледі.Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды пайдалануға беру актісімен рәсімделеді.Акт берілгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухгалтерияға тапсырылады.

Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі.Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды рәсімдеуде қолданылады.

Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жсаған топқа ауыстыру актісімен рәсімделеді.Егер негізгі табынға ірі қара малдар,ұрғашы шошқалар,биелер,айғырлар ауысатын болса,онда актіде әрбір жануардың инвентарлық нөмірі,туған уақыты,жынысы,сыныбы,түр-түсі және басқа белгілері көрсетіліп,бөлек жазылады.Ешкі,қой және басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін көрсету арқылы жалпы санын жазады.

Негізгі құралдардың есебі активтік 2411-2417-шоттарда жүргізіледі,оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі.Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2421-2429- шоттар арналған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.