Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс-9,10. Негізгі құралдардың есебі



Дәріс-9,10. Негізгі құралдардың есебі

9.1. Экономикалық мәні және жіктемесі.

9.2. Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау.

9.3. Негізгі құралдардың келіп түсуі.

9.4. Негізгі құралдардың талдамалы есебін ұйымдастыру.

9.5. Негізгі құралдардың амортизациясыт мен тозуын есепке алу.

9.6. Негізгі құралдардың есептеген шығарылуының есебі.  

9.7. Негізгі құралдар объектілерінің есептен шығарылуы (есептен шығуы.

9.8. Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртудың есебі.

9.9. Негізгі құралдардың ағымдағы жал операцияларының есебі.

9.10. Қаржылық жалдау жөніндегі операциялардың есебі.

9.11. Негізгі құралдарды түгендеу.

1. Экономикалық мәні және жіктемесі

 Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,олар:

 1)еңбек заттары (шикізат,материалдар,сатып алынатын жартылай фабрикаттар)

 2)еңбек құралдары (станоктар,машиналар)болып бөлінеді.

Қандай да болмасын заттарды-еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілермен емес,солардың еңбек процесінде атқаратын рөлімен анықталады.

 №6 БЕС бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материялдық өндіріс саласында,сондай-ақ өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойы қолданыста болатын материялдық активтер.

Негізгі құралдарға мыналар жатады:жылжымайтын мүліктер(жер учаскелері,үйлер,ғимараттар,көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты,қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа обьектілер),кқлік құралдары,жабдықтар,аулау аспаптары,өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар,үлкен өнім беретін малдар,арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар(кітапхана қорлары,мұражай құндылықтары,жануарлар әлемінің экспонаттары,автомобиль жолдары және т.б.)

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады,қасиеті мен нысанын сақтай отырып,жанама түрде тозады,озінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің ққнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

    1.Расталған есептік мәліметтердің,техникалық паспорттардың,басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.

2.Негізгі құралдардың келіп түсуін,шығарылуын,қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.

3.Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру жіне қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

4.Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді,қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.

5.Моральді және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел анықтау.

6.Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жсау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалып тастыру.

Негізгі құралдардың ғылыми негіделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады.Жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша,тозу қарқыны,қызмет мерзімі,жөндеудің ерекшелігі,икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:өндірістік-бұл өндірістік процеске тікелей байланысты.

Беріліс құрылғылары-электранды,жылулық және механикалық қуатты беруге арналған құрылғылар(электр тарату желісі ,трансмиссияларр,құбырғы өткізгіштер).

Машиналар мен жабдықтар.Әрбір машина,егер оның құрамына кіретін саймандарды,керек-жарақтарды,аспаптарды,қоршауларды,іргетастарды қоса алғанда ,басқа инвентардың бөлігі болмаса,инвентарлық обьект болып табылады.

Негізгі құралдардың бұл тобы 5ішкі топтан тұрады:

1.Күш беретін машиналар мен жабдық-машиналар,жылу және электр қуатын өндіретін генеторлар,әртүрлі қуаттарды механикалыққа,яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина-қозғалтқыштар(тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер,турбинаның бу қозғалтқыштары,іштей жану қозғалтқыштары,электроқозғалтқыш).

2.Жұмысшы машиналар мен жабдықтар-бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық,термикалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар,аппараттар және жабдықтар(токарьлық темір жонғыш станоктар,насостар,электрлі моторлар,экскаваторлар,грейдерлер).

3.Өлшеу және реттеу аспаптары,құрылғылар мен зертхана жабдықтары-бұл өндіріс процестерін өлшеумен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар(дизаторлар,амперметрлер,микроскоптар,су өлшегіштер,монометрлер).

4.Есептеу техникасы –процесті жылдамту мен автоматтандыруға арналған машиналар,құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары).

5.Өзге де машиналар мен жабдықтар(телефон станцияларының,радио станцияларының,радио желілерінің жабдықтары,өрт машиналары).

6.Көлік құралдары-адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (автомобиль,теміржол,су көлігінің қозғалмалы құрамы).

7.Инвентарлық обьект-барлық тиесілі керек-жарақтармен және керек заттарымен бірге жекеленген обьект.

8.Құрал-сайман темірді,ағашты өңдеуді арналған,қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар(кесетін,ұратын,қысатын жіне тығыздайтын еңбек құралдары).

9.Инвестициялық обьект-басқа инвентарлық обьектінің құрамына кірмейтін заттар.

Өндірістік инвентарь және керек-жарақтар –өндірісиік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар.

Түгендеу обьектісі –қандай да бір инвентарлық обьектінің бөлігі болып табылмайтын және озіндік мәні бар заттар.

10.Шаруашылық инвентарь-кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар(үстелдер,шкафтар,кілемдер жіне т.б).

Жұмысқа қолданылатын және өнім беретін малдар.

Өнім беретін малдар-бұл ірі қалалар,айғырлар,асыл тұқымды биелер,аталық түйелер мен ұрғашылары,бұғылар-ұрғашы маралдар- еркек,саулық қойлар,қошқарлар.

Инвентарьлық обьект -әрбір ересек жануар.

11.Көпжылдық өсімдіктер-жасыны қарамастан қолдан егілетін көпжылдық өсімдіктер(жеміс-жидектер,жүзімдіктер,көпжылдық гүл өсімдіктері,раушан плантациялары,тірі қоршаулар,қорғаныш өсімдіктер ).

Жас өсімдіктер толық дамыған өсімдіктерден бөлек ескеріледі(ұрықтанудың,тамырласудың басы).

12.Жерлерді(ғимаратсыз)жақсарту жөніндегі күрделі шығындар-бұл ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған,инвентарлық сипаты жоқ шығындар(жер учаскелерін жоспарлау,тамырлардан тазарту,егістікке жер бөлу,жерлерді тастардан тазарту ).

13.Өзге де негізгі құралдар-бұл кітапхана қорлары,спорт жабдықтары,мұражай құндылықтары.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.