Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ан плазмасының ақуыздары,анықтау әдістері.



№41.Қан плазмасының ақуыздары,анықтау әдістері.

Қан плазмасының ақуыздарына: альбумин ( қан плазмасының 40-45г/л. 4-5%); глобулин (20-30 г/л 2-3%);фибриноген (2-4 г/л ; 0.2-0.4%) жатады. Жалпы адам қанының плазмасында 65-85% ақуыз бар,яғни 65-80г/л. Қазіргі кездегі физикалы-химиялық және иммунды-химиялық әдістер қанның плазмасында 100-ге жуық ақуыздық фракция бар екендігін дәлелдейді. Қан плазмасы ақуыздарының синтезі бауырда және басқа ретикулды-эндотелиальды жүйелерде жүріп көптеген қызмет атқарады.

1) Ақуыздар коллоид болғандықтан,суды өзіне байланыстырып ,қанның коллоидты-осмостық қысымының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

2) Қанның тұтқырлығын қамтамасыз етіп, эритроциттер мен лейкоциттердің қан айналысындағы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

3) Қан плазмасындағы “МАМАНДАНҒАН”ерекше ақуыздар көмірсуларды,липидтерді, гормондарды, дәрі-дәрмектік заттарды пенициллин,салицилатты байланыстырып,оларды тасымалдауға қатысады.

4) Қанның рН-ның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Клиникалық зертханаларда қан плазмасының ақуыздарын электрофорез әдісі арқылы ажыратады. Қан сары суындағы ақуыздардың молекулалық салмағы,заряды,изоэлектрлік нүктесі әртүрлі болады да,

Электр кеңістігінде олар бір-бірінен ажырайды.Электрофорезді ерітіндіде,қағазда,гельде жүргізуге болады.Мұнан басқа иммунологиялық әдіс пен электрофорездік әдісті біріктіріп анықтыйтын иммунды-электрофорез әдістері бар.Осы әдістермен алынған электрофореграммалар қанның сары суы 5-ақуыздық фракциядан тұратындығын көрсетеді.Олар:

1)альбуминдер 50-61%;

2)α1-глобулин 3-7%;

3)α2-глобулиндер 5-8%;

4)β-глобулиндер 11-13%;

5)γ-глобулиндер 15-22%;

№42. Патологиялық жағдайлардағы қан спектірінінің ақуыздық өзгерістері.

Адам ағзасында жүретін патологиялық процестерге байланысты ақуыздың мөлшері төмендеуін гипопротеинемия, ал жоғарылауынан гиперпротеинемия дамиды.Қандағы белок көрсеткішінің төмендеуі гепатитте, ағзадағы қабыну процестерінде, созылмалы протеинурияда, интоксикацияда байқалады. Физиологиялық гипопротеинемия жүктіліктің соңғы айларында,ұзақ уақыт физикалық күш түскенде және бір  орында қозғалмай жататын науқастарда байқалады.

Гипопротеинемия келесі аурулардың көрсеткіші болып табылады: асқорыту жолдарының аурулары панкреатит, энтероколит. Бауыр аурулары цирроз, гепатит, бауыр ісіктері. Гломерулонефрит, тиреотоксикоз, қантты диабет.

 

Қандағы ақуыз мөлшерінің жоғарылауы гиперпротеинемия сирек кездеседі.Бұл өзгерісинфекциялық ауруларда, Вальденстрем макроглобулинемиясы, миеломды аурулар, жүйелік қызылжегі, ревмотоидтық артритте, лимфогранулематозда, циррозда, созылмалы гепатитте.Физиологиялық гиперпротеинемия көп мөлшерде ағзаның сусыздануы: құсуда, іш өтуде және қантсыз диабет пен нефритте кездесуі мүмкін.

Қандағы ақуыз мөлшеріне әсер ететін дәрілік заттар: кортикостероидтар, бромсульфалеин – гиперпротеинемияға алып келеді.Эстрогенді гормондар гипопротеинемияға алып келеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.