Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бауыр бұзылыстарының дифференциалды және биохимиялық диагностикасы.



№53.Бауыр бұзылыстарының дифференциалды және биохимиялық диагностикасы.

Бауыр қабынуының диагнозын аурудың белгілеріне қарап, яғни интоксикация белгілері (жалпы жағдайы, өзін қалай сезінуі), диспепсия (асқорыту жүйесінің бұзылуы), безгек болуы (дене қызуы, тершеңдік, қалтырау, дірілдеу), тері, көз, тырнақ, тілдің сарғыш тартуына, несеп пен нәжіс түсінің өзгеруіне қарап, сондай-ақ науқастан сары аурумен ауырған адамдармен байланыста болғандығы жайлы мәліметтер жинау ( яғни адам соңғы ай ішінде қайда болды, не жеді, қандай су ішті, сары аурумен ауыратын адамнан қарым-қатынаста болды ма, сол жайлы сұрақтар қойып, науқастың берген жауабына қарап) арқылы қоюға болады.

Емдеуде ең алдымен адамның аурумен күресу иммунитеті жоғары болуы шарт. Ем-дом шаралары уыттар концентрациясын төмендетуге бағытталады және қалпына келтіру үшін бауыр жасушасын қуат көздерімен, дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сондықтан уытсыздандыру ерітіндісі, глюкоза, дәрумен, бауыр жасушаларын қорғайтын гепатопротектор енгізіледі. Қазіргі кезде сары ауруды дезинтоксикациялық, яғни уытсыздандыру терапиясы арқылы емдейді. Ол бауыр қызметі бұзылуының уыттануын төмендетеді. Сондай-ақ симптоматикалық терапия. Бұл ауру белгілерін жойып, науқастың жалпы жағдайын жақсартады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.