Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бауыр жасушалық жетіспеушіліктің биохимиялық механизмдері



№52.Бауыр жасушалық жетіспеушіліктің биохимиялық механизмдері

1. Бауыр-жасуша жетіспеушілігі  – негізінде гепатоциттердің функционалдық белсенділігінің төмендеуі жатыр. Бұл зат алмасудың барлық түрлерінің (ақуыздың (белоктық), май, көмірсудың, пигменттің және т.б.) бұзылуымен көрініс береді осының салдарынан энергияға бай қосылыстардың тапшылығы дамиды, ал гепатоциттердің биоэнергетикалық күші төмендейді. Альбумин, қан ұйыту факторларын (протромбин, проконвертин, проакцелерин, фибриноген және т.б.), әр түрлі витаминдерді синтездеу қабілеті бұзылады; глюкозаны, амин қышқылдарын, ақуызды, күрделі ақуыздық комплекстерге, биологиялық белсенді қосылыстардың синтезіне қолдану нашарлайды; қайта аминге айналу және дезаминдену баяулайды; конъюгирленген билирубиннің экскрециясы баяулайды, холестериннің эстерификациясы және көптеген қосылыстарының глюкуронизациясы – осының барлығы бауырдың детоксикациялық қызметінің күрт бұзылғанын дәлелдейді. Бауыр –жасушалық жетіспеушіліктің биохимиялық механизмдері.Бауыр — дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше. Ол қанды түрлі уыттардан тазартады, асқорытуды жақсартады, асқорыту кезінде ағзаны қажетті қуат көзімен қамтамасыз етеді әрі кейбір дәрумендер қорын толтырып отырады және сақтайды. Бауыр қабынуының белгілері суық тию мен тұмаудың белгілеріне ұқсас келеді. Көп жағдайда оны тұмаумен шатастырып, ауруды асқындырып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Яғни суық тиген сияқты мұнда да науқастың жұ­тынғанда тамағы ауы­рады, мұрнынан су ағып, тамағы қызарады, қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады, көңіл-күйі төмендейдейді, әлсірейді, тез шаршайды, мазасызданады. Жас бала­лардың іші өтеді. Вирус ағзаға түскеннен кейін біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері адам асқа тәбеті жоғалғанын, артық қимылдап, қозғалғысы келмейтінін сезеді. Діңкесі құрып тұрады, еш нәрсеге зауқы болмайды. Аурудың негізгі белгілері: дене қызуы көтеріледі, 2-4 күн өткеннен кейін науқас адамның зәрі қоңырланады, несеп сарғаяды, кейде сыраның немесе қою шәйдің түріндей болады. Нәжiстің түссізденуі немесе ағаруы мүмкiн, бірақ көп жағдайда несептің түсі өзгереді, көздiң сiлемейлi қабатының, ауыз қуысының, терi қабығының сарғаюы байқалады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.