|
|||
ан липидтері,олардың анықтамасы№28.Қан липидтері,олардың анықтамасы Қан плазмасында липидтер негізінен май қышқылдары,триацилглицерин,холестерин,фосфолипидтер түрінде болады.Фосфолипидтер –олар жоғарғы активті ,қан ұю процесіне қатысады. Холестерин –органикалық қосылыс ,табиғи майлы спирт. Қандағы нормасы -4-4,5ммоль/литр. Айналымдағы қанға май ішектерден хиломикрондар түрінде,өкпеден және сүйек кемігінен бос май қышқылдары , ал бауырдан нәуызбен байланысқан майлар –липопротеидтер түрінде түседі. Хиломикрондар триглицеридтерден,холестериннің эфирлерінен ,ифосфолипидтерден тұрады. Олар 98 % майлардан және 2 % нәруыздан тұрады. Бауырдан қанға 3 түрлі липопротеидтер түседі. Оларды тығыздығы бойынша :Өте төмен тығыздықты липопротеидтер,төмен тығыздықты липопротеидтер,жоғары тығыздықты липопротеидтер деп ажыратылады. ӨТТЛП негізінен триглицеридтерден,ТТЛП холестериннен тұрады.ЖТЛП құрамы негізінен нәруыз бен фосфолипидтерден тұрады. Олар қан тамырларынан артық холестеринді бауырға тасымалдайды. Олардың қандағы жалпы мөлшері:4-8гл,май қышқылдары 0,3-0,8 ммоль,холестерин 4-10ммоль,ӨТТЛП-1,5-2 гр,Хиломикрондар 0-0,5. №29.Холестерин ,биосинтез,реттелуі.Гиперхолестеринемия,диагностикалық маңызы. Адам ағзасында холестериннің биосинтезі 18 молекула ацетил –КоА және 35 ферменттің қатысуымен жүретін анаболиттік процесс. Холестериннің биосинтезі 3 кезеңнен тұрады. 1. Мевалон қышқылының түзілуі: 3 молекула ацетил-КоА конденсацияланып в-гидрокси –в-метилглутарил-КоА түзіп,содан соң 2 молекула НАДН2,ГМГ-КоА редуктаза ферментінің қатысуымен,тотықсызданып, мевалон қышқылы түзіледі. 2.Скваленнің түзілуі: Мевалон қышқылы бірнеше өзгерістерге ұшырайды,яғни 3 моль АТФ-тың ,3 киназа ферменттінің қатысуымен 3 фосфо-5-пирофосфомевалин қышқылына,одан әрі карбоксил тобынан фосфор қышқылы қалдығынан айрылып изопентинилпирофосфат қышқылына айналады.3.Сквален холестеринге айналады. Скваленнің эпоксидке дейін тотығуы жүріп,сонан соң молекула ішінде жүретін өзгеріс 4 циклдің түзулуімен ланостериннің түзілуіне әкеп соқтырса,ланостерин әрі қарай холестеринге айналады.Реттелуі;1. Холестерин синтезіне қатысатын в-гидрокси –в-метилглутарил-КоА редуктаза аллостерлік реттеуші ферменттер қатарына жатады. 2. Редуктаза ферменттінің тежеуші рөлін холестерин,өт қышқылдары ,мевалон қышқылы атқарады. Гиперхолестеринемия-бұл қандағы холестериннің қалыпты мөлшерден жоғарылауы. Қандағы нормасы -4-4,5ммоль/литр.Бұл теріде ксантоматоз,өт қапшығында өтке тастың байлануы,қан тамыр қабырғасына холестериннің жиналуы атеросклероз туындатады. Холестериннің диагностикалық маңызы осы аурулардың алдын алуга кедергі жасау №30. Атеросклероздың биохимиясы. Атеросклероз-грек тіліндегі екі терминнен тұрады,ather –бидай ботқасы,scleros-қатты.Яғни атеросклероз кезінде қантамырларынң қабырғасы зақымданады,алғашқы кезде ботқа сияқты тұнбаға түскен холестерин кейін қатаяды. Аурудың туындауына көптеген факторлар әсер етеді,соның бірі ит қан тамыры мен қан тамыры.Атеросклероз кезінде қан тамырларында өзгерістер бірден пайда болмайды,сатылы түрде жүреді. 1.Май таңбасының немесе майлы нүктенің пайда болуы 2.Әртүрлі майлардың ,әсіресе холестериннен тұратын фиброзды төмпешіктердің пайда болып,қанның жүру жолын тарылтады.3.Фиброзды төмпешіктердің ары қарай өсіп,дәнекерт ұлпаларға айналуы. 4.Осы қалыңдаған жерлерде кальция тұздарының жиналып,қанның жүру жылдамдығы азаяды. Атеросклероздан жүрек аурулары пайда болады. Қан анализінде жалпы холестеринге анықтамасы: - 5,2-6,5 мм\л көтерілсе – қауіпті аймақ. - 6,5-8,0 мм\л көтерілсе – әлсіз гиперхолестеринемия. - 8,0 мм\л ден жоғары көтерілсе- ерекшеленген гиперхолестеринемия. Атеросклерозды анықтау үшін биохимиялық анализдері қажет.Олар:Жалпы қан анализі,жалпы зір анализі,қандағы белокты анықтау анализі,көмірсу ауысуының көрсеткіші,бауыр ферменті трансаминаз белсенділігін анықтау (АЛТ,АСТ).
|
|||
|