|
|||
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары ⇐ ПредыдущаяСтр 10 из 10 11 Лекция 1. Лекция тақырыбы:Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикалық нормалары 2. Лекция жоспары: 1. Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекетке дайындығы, бейімделуі, кәсіби біліктілігі. 2. Психологтың міндеттері мен құқықтары. 3. Психолог қызметінің принциптері мен ережелері. 3. Лекция мақсаты:Білімгерлерді психологтың кәсіби шеберлігі мен этикалық нормаларымен таныстыру. 4. Лекция мазмұны: 1. Психологтың тұлғасы: психологтың кәсібилігі, білітілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті, қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беруі, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке-дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығармашылық қатынасы оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып табылады. Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізімі клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілетінен басталады. Кәсіби-әдептілік қағидалар практикалық психологтың кәісіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс-әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммен, клиенттермен және өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылатын ортақ талаптар. Мектепке келген психолог әуелі жан-жақты бағдарлап алуы керек. Психолог жұмысының бірінші кезеңін шартты түрде бейімделу кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде психолог мектеп әкімшілігімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен, оқытушылармен әңгімелесу керек, оқу-тәрбие үдерісіне қатысып көруі қажет, ата-аналар жиналыстарына, педагогикалық ұжымның кеңесіне қатысып, құжаттарымен танысу керек. Осы әңгіме, жиналыстарда мектеп психологы жұмысының негізгі міндеттерімен таныстыруы қажет.
2. Өзінің кәсіптік әрекетінде психолог міндетті: 1. Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындауға. 2. Кәсіптік білімін арттыруға. 3. Балалардың психъикалық дамуын ескеруге. 4. Шешім қабылдауда кәсіптік шеберлік шеңберінен аспауға. 5. Баланың психикалық дамуын шешуде мектеп ұжымына қажетті көмекті көрсету. 6. Кәсіптік құпияны сақтауға. 7. Барлық жұмыс түрлерін жазып, тіркеп отыруға. Психолог құқықты: 1. Балалармен жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, сол жұмыстың формасы мен әдістерін дербес таңдауға және жұмыстардың кезегін анықтауға. 2. Кәсіптік міндеттерді орындауда мектеп әкімшілігінен қажетті жағдайда жасалуын талап етуге. 3. Жоғары жақтан түскен нұсқаулар, этикалық принциптерге қайшы келген жағдайда, оны орындаудан бастартуға. 4. Құжаттармен танысуға. 5. Медициналық және дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға. 6. Баланың келешектегі тағдырын шешу үшін медициналық- педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңестеріне қатынасуға. 7. Психодиагностиканың, психокоррекцияның жаңа әдістерін дайындау жұмысына. 8. Мектепте топтық және жеке зерттеулер жүргізуге. 9. Тәжірибе бөлісу мақсатында ғылыми көпшілік журналдарына материалдар жариялауға. 10. 240 сағат көлемінде оқу және факультатив сабақтар алуға (кәсібіне байланысты). 11. Психологиялық-педагогикалық білімдерді лекция, әңгіме жолдарымен насихаттау. 12. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруге.
3. Психолог қызметінің принциптері: 1. Жауапкершілік. Психолог- психологиялық көмектің ұйымдастыруына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты. 2. Конфеденциалдылық (жасырындылық, құпиялық). Сеанстың кезінде орын алған барлық жағдайларды құпияда ұстау іскерлігі практикалық психологияның маңызды қағидасы болып табылады. 3. Эмпатия бұл қағида клиентті бар қалпында қабылдау қатынасына байланысты. Психолог қызметінің ережелері: 1. Жас мүмкіншілігін ескеру және даму резерві. 2. Әр жастағы балалардың даралық ерекшеліктерін дамыту. 3. Психологиялық климат (ахуал). Балалар мен үлкендердің, ұжым мүшелері мен құрдастарымен жемісті қарым-қатынастарымен анықталады. Қарым-қатынастың ұнамды, ұнамсыз және қақтығысты бөліп үшке бөлінеді. 5. Бақылау сұрақтары: 1. Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекетке дайындығы, бейімделуі, кәсіби біліктілігі. 2. Психологтың міндеттері мен құқықтары. 3. Психолог қызметінің принциптері мен ережелері. 6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары 1. Мектеп психологы жұмысының негізгі түрлері. 2. Психологтың міндеттері мен құқықтары. 3. Психолог қызмет туралы жалпы жағдай. 4. Психолог құжаттары. 7. Қажетті әдебиеттер тізімі: 1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017. 2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019. 3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013. 4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014. 5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж. 6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011. 7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013. 8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014 9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә. 10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В. 11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э. 12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.
|
|||
|