Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция. Лекция мазмұны



10 лекция

1. Лекция тақырыбы:ПСИХОТЕРАПИЯ

2. Лекция жоспары:

1.Роционалды эмотивті терапия және экзистенционалды гуманистік дәстүрлі психология

2.Трансактілі талдау және топтық психотерапия, кездесу топтары.

3.Психодрама. Денеге бағытталған терапия.Өнер терапиясының топтары

4.Бастан кешіру теориясы және психотехникалық бірлік ұғымы.Тантотерапия.

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді психотерапия негіздерімен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

Психотерапия мен психокоррекция жайлы түсінгіктер уақыт өткен сайын өзгеруде. Ол практикалық тәжірибенің жинақталуымен, сондай-ақ практикалық психологияның теориялық негіздерінің дамуымен анықталады. Кейбір авторлар психотерапияның негізгі жайлы көзқарастардың динамикасын қайсыбір психотерапевтік жүйенің негізінде жатқан тұлға тұжырымдамасының өзгерісімен байланыстырады. Ол тұжырымдамалар, сонымен бірге психотерапия жайлы түсініктерде соңғы жүз жыл көлемінде дамудың үш кезеңін кешіреді.

Ерте кезеңде науқас жағдайлардың құрбаны болып, емдеудің барысында енжар қалуы тиіс деп есептелінген. Фрейд тұлғаның өте ерте балалық шақта соңғы рет қалыптасып, кейінгі өмірінің барысында адамдардың қылықтары тұлғаның тереңдігінде жатқандарының тек сыртқы көрінісі деп тұжырымдаған. Бала балалық шағында тұлға қалыпатсуының енжар объектісі ғана болғандықтан, психотерапия барысында да сол қалпында қалуы тиіс деп есептелінген. Психотерапевт науқастың сауығуына жауапты жалғыз адам болып табылады. Фрейд психотерапевті хирургпен, науқасты операциялық үстелде жатқан аурумен салыстырады. Науқастың өз тұлғасын өзгерту әрекеттері, тәуліктің барысын сағат тілдерінің айналу бағытына ықпал ету арқылы өзгерту әрекуеттеріндей мағынасыз. Алайда, психотерапевтер науқасты терапияның тек енжар қатысушысы деп есептеп, өздеріне мойындарына тым ауыр жүкті алғандары анықталды.

Осының айшықталуы психотерапияның ары қарай дамуына түрткі болды. Карен Хорни, Гарри Салливан және Эрих Фромм осы сатының орталық фигураларына айналды. Бұл ғалымдар науқастың күнделікті белсенділігі оның ішкі күйінің көрінісінен маңыздырақ деген қорытындыға келді. Олар науқас тұлғасының қалыптасуына оның дербес әрекеттерінің қуатты ықпал ететінін тұжырымдады. Науқастың айналадағылармен қарым-қатынастарының сипаты оның тұлғасына ықпал ететінін тұжырымдайтын теория тұлғааралық терапияда кеіңінен өріс алды. Науқас айналадағылардың махаббатына не жақтырмауына ие болады. Ол олардың өзіне деген қатынасына жауап береді. Не болмаса, ол өзіндік бағасы артқанда олардың арқауын сезінеді немесе адамдардың оған деген жақтырмаушы қатынастарының нәтижесінде бөлектену орын алады.

Карен Хорни науқастардың балалық шағында сенімсіздікті сезінуі, олардың кейіннен жағдайын одан бетер нашарлатуы мүмкін екендігін сипаттау үшін «кесірлі цикл» терминін енгізеді. Ол адам меңгерілген шаблондарды ұстанып, мақтанады, сенімсіздікті танытады да, ықтималды достарын алшақтатады. Қатынастар дамуының кесірлі циклі адамның өзіне деген төмен бағасын сақтап қалып, оның жағдайын біршама қиындатуы мүмкін.

Осы теорияның жақтастары психотерапевтік сеанстарды науқас үшін уақытты жағымды өткізу шарасына айналдыруға тырысқан. Психотерапевт науқасқа сенім, қолдау және жылы қатынастарды танытуға тырысып, оның сол маұқлдауды қабылдап, өзінің сеніміздігінің ақталмайтынына көзі жетіп, іштей жібіп, айналадағыларға басқаша қарай бастайды деп болжайды. Бұл оның өзіндік бағасының деңгейін арттырып, жағымды өзгерістер процесі іске қосылады.

Терапевтер психотерапия дамуының үшінші сатысында науқастың мінез-құлқына едәуір үлкен мән береді. Науқас тұлғасына өте қатты ықпал етеді -өзінің келбетін жақсартып, оған айналадағылардың жауап беру – бермеулеріне қарамастан мінез-құлқы өзіне ықпал ете бастайды. Олар тұлғаның бүкіл өмір барысында үздіксіз дамитынын айтады. Терапия адамның өмір және өзі жайлы түсініктерін қалайша өңдеп, мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырудың жаңа тәсілдерін қалайша ашатынын көруге көмектесуі қажет. Терапияның ендігі мақсаты - науқастың өздігінен сауығуына көмектесу.

Бұл тұрғының науқастарға барлығынан да жаса көмектесетінін тұжырымдайды. Психотерапевт науқастың сезімдер мен өмірді қабылдаудың ерекеліктерін түсінуге көмектесіп ғана қоймай, науқастың өзі жүзеге асыратын сипаттамалардың жаңаруын қабыладуға да көмектеседі.

Әдебиеттерде «психотерапия» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл көптеген психотерапевтік бағыттар мен әдістердің боуымен байланысты. Чех ғалымы Станислав Кратохвилуға тиесілі ең ортақө анықтама психотерапияның – психологиялық әдістердің көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу екендігіне нұсқайды. Ол аурулар психикалық процестер мен тұлғаға, сондай-ақ дене қызметтеріне де қатысты болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен, сөйлеу-тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері, қоршаған ортамен манипуляциялау жатады.

Психотерапияның ортақ мақсаты науқастарға ойлауы мен мінез-құлықөтарын өзгертуге, осыйлайша едәуін бақытты, өнімді болуға көмектесуде. Ол мақсатқа жету үшін терапевт неғұрлым жеке міндеттерді шешеді:

· науқастцң проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

· эмоциялы үйлесімсіздікті жояды;

· сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды;

· науқасты проблемаларды қалайша шешуге болатыны жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді;

· ойлау мен мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін терапевттік ситуациядан тыс тексеріп көруге көмектеседі.

Осындай міндеттердің шешілуінде терапевт негізгі үш әдістіқолданады.

Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен, науқасты көңіл қоя тыңдап, сын жағдайда оған есептелінген кеңес беруді білідреді. Қолдау науқастың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға көмектесуде анықталады.

Екіншіден, бейімсіз мінез-құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.

Үшіншіден, науқастың өзіндік ашылуына, инсайтқа жетуіне, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау-дамайлары мен құндылықтарынг жақсырақ түсінуге ықпал ету.

Психологиялық емдеу, теорияларда, мақсаттары мен процедураларында бір-бірінен ерекшеленсе де, барлығы да бір адамның басқасына көмектесуге тырысаты нын білдіреді. Барлық терапевтік жүйелердің ортақ құраушылары бар.

· Клинет пен науқас, яғни жапа шегіп, проблемасынан жетңілдеу жолдарын іздеген адам.

· Терапевт немесе емші – оқытудың немесе тәжірибенің арқасында көмек көрсетуге қабілетті адам.

· Науқастың проблемасын түсіндіруде қолданылатын теория. Өткен шақтың, кейде қазіргі заманның да кейбір мәдениеттерінде теория қарғыс, көз тию немесе қас рухтардың мойындалынатынын да қамтуы мүмкін. Ғылыми психотерапиядағы теория бұл – психоанализ, бихевиоризм, когнитивті психология және басқа да тұжырымдамалар.

· Науқастың проблемаларын шешуге арналған процедуралардың жиыны. Бұл процедуралар тікелей теориямен байланысты.

· Клиент пен психотерапевттің арасындағы ерекше қатынастар. Терапевт науқастың өз проблемаларының шешіміне оптимизммен қарауға мүмкіндік беретін ахуалды қалыпастыруға тырысады. Ол терапевтің пайдаланған әдістерінің оған көмектесетініне сенеді, соның салдарынан онда проблемалар жөнінде жұмыс жасау ниеті пайда болады.

Қазіргі заманғы психотерапия мен психокоррекцияда: психодинамикалық, феноменологиялық (экзистенциялы – гуманистік) және мінез-құлықтық (когнитивтік – мінез-құлықтық) атты негізгі үш бағыт бар. 

Психодинамикалық бағыт Зигмунд Фрейдтің психоанализ теориясы мен тәжірибесінен бастау алады. Психонализ – клиенттің қарсыласуы мен ассоциацияларының талдамасы арқылы психологиялық зақымдайтын факторды сезіну арқылы жүйке дау-дамайын шешу әдісі болып табылады.Фрейдтің теориясы адамның ойлары, сезімдері мен мінез-құлқы көбінде бір-бірімен келісе бермей, қақтығысатын инстинктілерінің (ид), ақылдың (эго) және моральдың (суперэго)арасындағы психодинамикалық дау-дамайлармен себептелген деп тұжырымдайды. Мұнда «ид» (ол) – либидо, тұлғаның негізгі құрылымы, бейсаналы қуаттың қоры болып табылады. Дау-дамайлар мен оларды шешу жолдары тұлғаны бір қалыпқа келтіреді және де мінез-құлықтың көптеген қырларын анықтайды. Қалыпты жағдайдағы адамның мінез-құлқы дау-дамайлардың аз мөлшерін қамтитындықтан немесе олардың тиімді шешіуінен бейімді болып табылады. Сан рет қайталанған, ауыр да нашар басқарылатын дау-дамайлар созылмалы эмоциялы үйлесімсіздікке, тұлғалық немесе психикалық бұзылыстарға әкеледі.

Психоаналитикалық теория бұл – тұлғаішілік дау-дамайлардың табиғатын, мазмұны мен динамикасын ашатын әдістердің жиынтығы. О әдістер еркін ассоциациялардың, түстердің, күнделікті мінез-құлықтың жорылуын, алмастырылудың, қарсыласудың және бесқа да психотерапевтік феномендердің талдамасын қамтиды. Олар науқастың дау-дамайын сезінуіне және де дау-дамайдың қалайша ішкі әрі тұлғааралық қиындықтарды тудыратынын бақылауға мүмкіндік береді. Психоаналитик науқасқа бейсаналы дау-дамайдың және онымен байланысты қорғаныс механизмдерінің қалайша тұлғааралық проблемаларды сезінуге көмектеседі. Мәселен, науқастың бастығына, аға қызметкерге немесе басқа да «ата-ана түрінде ықпал ететін фигураға» қастығы оның ата-анасымен балалық шақтағы дау-дамайларына бейсаналы, символды түрде жауап берушінің нышаны екендігі анықталуы мүмкін.

Қазіргі таңда психотерапияда психодинамикалық бағыттың көптеген түрлері белгілі. Бұл жеке-даралық терапия (Альфред Адлер), аналитикалық психотерапия (К.Юнг), эгопсихология (Анна Фрейд), неофрейдизм (Карен Хорни, Эрих Фромм, Гарри Салливан). Аталған мектептердің барлығында «эгоға», тұлға дамуының әлеуметтік жағдайлары мен өміріне баса назар аударылып, адам мінез-құлқының қозғаушы күштері неғұрлым кең тұрғыда қарастырылады.

Феноменологиялық бағыт әрбір адамның әлемді өз бетінше қабылдап, интерпретациялаудың бірегей қабілетіне ие деген болжамнан бастау алады. Осы бағыттың жақтастары адамның мінез-құлқы инстинктермен, ішкі кикілжіңдермен немесе сыртқы стимулдармен емес, оның ақиқатты жеке-дара қабылдауымен себептелетініне сенімді. Адамдар өздерін өздері қадағалайды, олардың мінез-құлқы таңдау, ойлау және жасау қабілеттерімен анықталады. Ол таңдаулар адамның әлемді бірегей қабылдауымен жасалынады. Мәселен, егер ол әлемдлі достық және мойындаушы қалыпта қабылдаса, дұрысы, ол өзін қауіпсіз сезінеді. Егер де әлем қатерлі де қауіпті деп қабылданса, сірә оның салдары ретінде мазасыздық пен қорғаныс реакцияларына бейімдік туындайды.

Феноменологиялық бағыт адамның: сана, өзіндік сана сезім, креативтілік, жоспарларды құру, шешімдерді қабылдау және оларға  жауапкершілікті мойынына алу қабілеті сияқты айрықша қасиеттеріне шоғырланады.

Феноменологиялық бағыт гуманистік деп те аталады. Эмоциялы бұзылыстар қабылдаудың бұрмалануынан немесе сезімдердің жеткілікті сезілмеуінен тежелген қажеттіліктер өсуінің нәтижесі ретінде қарастырылуы бағыттың солайша бағалануының маңызды негіздемесі болып табылады. Гуманистік психотерапия дәрігердің жазып берген дәрі-дәрмегі емес әртүрлі адамдардың кездесуі – терапия деп тұжырымдайды. Ол науқастың табиғи өсуін қалпына келтіруге, өзінің шын мәніндегі келбетіне сәйкес және басқалардың ойынша қандай болуы тиіс екендігінен тәуелсіз қалай бола алатынын сезініп әрекет етуіне көмектеседі.

Феноменологиялық терапия да инсайттың туындауына ықпал етеді, алайда мұндағы инсайт бұл – бейсаналы шиеленістердің емес, дербес сезімдер мен түсініктердің сезілуі.

Роджерстің: шартсыз жағымды қатынас, эмпатия, конгруэнттілік атты танымал «триадасы» терапияның ең жақсы тәсілі болып табылады. Карл Роджерс психодинамикалық терапияда тәжірибеленуде биресми тұрғының едәуір тиімді екендігіне көзін жеткізіп, «бұйрықшыл емес терапияны» қодана бастайды. Ол өзінің тарапынан бағыттамай, бағаламай, интерпретацияламай науқастарының не жайында және қашан айтатынын шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғы қазіргі кезде «клиенке орталықтанған терапия» деп аталады. Оның негізінде маңызды үш принцип жатыр.

«Шартсыз жағымды қатынас». Терапевт өзінің клиентті шын көңілімен қамқорға алатынын, оны адам ретінде қабылдап, өзгеру қабілетіне сенетінін көрсетеді. Бұл клиенттің айтқандары қандай «жаман», «оғаш» немесе «ер жүректі» көрінсе де, оны үзбей тыңдау даярлығын білдіреді. Терапевтің клиенттің барлық айтқандарын мақұлдауы міндетті емес, бірақ ол оны бағаланушы адамның шынайы бөлігі ретінде мойындауы тиіс. Сонымен бірге, терапевт клиенттердің проблемаларын өз беттерінше шешулеріне сенім артуы тиіс, яғни ол кеңес бермейді. Кеңес, дейді Роджерс клиенттің біліксіздігі немесе тепе-тең еместігі жайлы жасырын хабарламаны береді, бұл – оны өз-өзіне сенімсіз және едәуір тәуелді етеді.

Эмаптия.Терапияның көптеген түрлері клиентке сырт келбетінен қарауды ұсынады. Эмпатия ішкі көзқарасты, оның нені ойлай және сезіне алатынына шоғырлануды талап етеді. Терапевт клиентке дигностикалық жарлықты ілуге ұмтылған сырттай бақылаушы ретінде емес, әлемнің оның ойынша қалай көрінетінін түсінгісі келетін адам ретінде әрекет етеді.

Эмпатия жайлы: «Мен түсінемін», «Мен сіздің қазір қандай сезімде екендігіңізді білемін» деген сөздермен хабарлауға болмайды. Терапевт клиентті белсенді тыңдап отырғанын көрсетіп, эмпатияны вербалды емес түрде жеткізеді. Терапевтер шебер сұхбаттасушылар ретінде клиентпен көзбен түйісіп, оның сөйлеуге даярлығын ыммен қолдап отырады, оның сөйлеуге даярлығын ыммен қолдап отырады, кері ақпаратты жеткізудің вербалды емес құралдарының барлық арсеналын қолданады. Кейде бұл амал рефлексия деп аталады. Клиенттердің көпшілігі эмпатиялық рефлексияға өз сезімдеріне мұқият назар аударумен жауап береді. Рефлексия –адамның дербес әрекеттері мен күйлерін ойластыруға, өзінің рухани әлемін тануына бағытталған ішкі психикалық іс-әрекеті.

Конгруэнттілік бұл – терапевттің сезінгені мен оның клиентке қатысты өзін қалай ұстайтынының арасындағы үйлесімдік. Бұл терапевттің шартсыз жағымды қатынасының және эмпатиясының шынайы екендігінің белгісі. Терапевттің конгруэнттілігі клиенттің ашық –жарқындылық пен шыншылдықтың адам қатынастарының негізі болуы мүмкін екендігіне көзін жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы тұрғылардың шебер жүзеге асуы адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады. Клиентбірден терапевттің оған оның өзінен гөрі көбірек сенім артатынын сезеді. Бұл жағымды психотерапевттік нышандарды табыс етеді: клиенттер өз-өздеріне сенімді болып қана қоймай, шынайы сезімдерін жақсырақ сезіне бастайды, өздерін жақсырақ қабылдай бастайды, өзін басқа адамдармен неғұрлым ыңғайлы да табиғи түрде ұстай бастайды, басқалардың көзқарастарына арқау еткеннен гөрі, өздерінің бағасына сүйене бастайды, едәуір өнімді де тыныш бола бастайды.

Карл Роджерстің «клиентке орталықтанған терапиясы» және Фредерик Перлздің «гештальт терапиясы» феноменологиялық терапияның едәуір танымал түрлері болып табылады.

Психотерапиядағы мінез-құлыққа бағдарланған бағыт бихевиоризмнің шеңберінде қалыптасқан үйретудің қазіргі заманғы теорияларына негізделеді. Мінез-құлыққа бағдарланған бағыт – психотерапияның мінез- құлықтың қажет компоненттерімен релаксациялық процедураларды жасаумен қатар, топтық жұмыстың модельденген жағдайларында өңделуге бағытталған әдісі. Ол бейімсізмінез-құлықты өзгерту үшін үйретудің экспериментті қалыптасқан принциптерін қолданылуын сипаттайды. Бейімсіз әдеттер әлсіреп, жойылады, бейімді әдеттер пайда болып, күшейеді. Мінез-құлыққа бағдарланған терапевттер адамның невроздары мен тұлғаның аномалияларын өткен шақтағы бейімсіз мінез-құлықтың дағдыларын меңгерудің салдары ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, бұзылыстар дамуының күрделі психикалық себептерінің анықталуы емге аса көмектесе қоймайды, сондықтан артық деп есептелінеді. Г.Ю.Айзенк адамды симптомдарынан арылтса болды, невроз жойылады деп есептеген.

Психотерапияның мінез-құлыққа бағдарланған бағыты теорияның біртіндеп дамуынан және практикалық тәжірибенің жинақталуынан когнитивті психологияның идеяларымен және әдістерімен жақындаса бастайды.

Психотерапиядағы когнитивті бағыт. Когнитивті терапияның бастамасы Джордж Келлидің іс-әрекеттерімен байланыстырады. Келли өзінің клиникалық қызметінде сандырақ деп есептеген фрейдттік тұжырымдамаларды науқастарының жеңіл қабылданғандарына таңырқайды. Эксперимент ретінде Келли әртүрлі психодинамикалық мектептердің интерпретацияларын құбылта бастады.

Науқастардың ұсынылған принциптердің көпшілігін қабылдап, өмірлерін соған лайық өзгертуге даяр екендері анықталды. Келли Фрейд интерпретацияларының науқасқа үйреншікті ойлау тәсілін қозғап, олардың жаңаша ойлауларына мүмкіндік беретіндіктен тиімді болғанын қорытындылайды.

Келли бойынша психотерапияның жетістіктері адамдардың өз тәжірибелерін интерпретациялайтын амалдарды өзгертуге болатындығына байланысты. Адамдар ойларында тепе-тең келмейтін категорияларды пайдаланатындықтан, депрессивті де мазасыз бола бастайды. Мәселен, кейбір адамдар белсенді адамдарды әрдайым дұрыс айтады деп есептейтіндіктен, белсенді фигураның тарапынан туындаған кез келген сын оларға жаман әсер етеді.

Келли ойлаудың тепе-тең болмайтын әдістерін тікелей түзетудің техникаларын жасауды ойластырады. Ол науқастарға сенімдерін сезініп, тексеруді ұсынады. Мәселен, мазасыз, сарыуайымшыл науқас әйел күйеуінің көзқарастарынан ерекшеленетін ойларының оның үлкен ашуы мен агрессиясын тудыратынына сенімді. Келли оның күйеуіне өз ойын айтуға тырысып көруіне кеңес береді. Науқас тапсырманы орындап, оның қауіпті емес екендігіне көзін жеткізеді. Осындай үйтапсырмалары Келлидің тәжірибелерінде үйреншікті әдістерге айналады. Кейде Келли науқастарға алдымен терапия сеанстарында, кейін шынайы өмірде олардың өздеріне және басқаларға деген жаңа көзқарастарды қамтыған жаңа тұлғаның рөлін де ұсынады. Сондай-ақ, олрөлдік ойындарды да пайдаланады.

Келли бейімсіз мінез-құлықтың невроздардың өзегі болып табылатынын қорытындылайды. Невротиктердің проблемалары ойлаудың өткен шақтағы емес осы шақтағы тәсілдерінде жатыр. Ойлаудың қайғыларға әкелетін бейсаналы категорияларын анықтап, ойлаудың жаңа амалдарына үйрету терапевтің міндетіне енеді. Келли тікелей науқастардың ойын өзгертуге тырысқан алғашқы психотерапевттердің бірі болып табылады. Бұл мақсат «танымдық терапия» ұғымымен біріктірілетін қазіргі заманғы көптеген терапевтік тұрғылардың негізінде жатыр.

Психотерапиядағы танымдық – мінез-құлыққа бағдарланған бағыт, теориялық және практикалық психологиядағы: бихевиоризм және танымдық психология сынды екі мектептің синтезі болып табылады. Мінез-құлыққа бағдарланған терапевттер әрдайым науқастарының танымдық мүмкіндіктеріне, мәселен, науқастың қиялдау қабілетіне (десенсибилизация кезінде) сүйенеді. Әлеуметтік іскерліктер тренингі, шын мәнінде, стимулдарға айрықша жауап беруге емес, қорқыныш жағдайларын жеңуге қажет амалдардың жиынына үйретуді сипаттайды.

Мінез-құлыққа бағдарланған және танымдық терапевтердің бірқатар ортақ бітістері бар:

1. Олар клиенттердің өткен шағына емес, осы шағына орталықтанады: мінез-құлыққа, ал танымдық терапевттер адамның өзі және осы шақтағы әлем жайындағы не ойлайтынына шоғырланады.

2. Олар терапияға үйрету процесі ретінде, ал терапевтке мұғалім ретінде қарайды. Мінез-құлыққа бағдарланған терапевттер мінез-құлықтың жаңа тәсіліне үйретсе, танымдық терапевтер ойлаудың жаңа тәсідеріне үйретеді.

3. Олар науқастың терапия сеанстарында алғандарын терапевтік ортадан тыс жасап көрулері үшін үй тапсырмаларын береді.

4. Екеуі де тұғаның күрделі теорияларын жүктемеден практикалық тұрғыны қалайды.

Аарон Бек сарыуайымға шалдыққан науқастардың күйзелістерінде ылғи да жеңілу, шарасыздық және тепе-теңдік тақырыптарының айтылатынына назар аударады. Ол депрессияның әлемді жағымсыз үш категориялда қабылдайтын адамдарда дамитынын анықтайды, олар:

1) болып жатқандардың жағымсыз жақтарына шоғырлану, осы шаққа деген жағымсыз көзқарас;

2) болашаққа қатысты шарасыздық, онда тек күңгірт оқиғаларды көруге деген бейімділік;

3) ар-намысының төмендеген сезімі, өзін қауқарсыз, лайықсыз да әлсіз адам ретінде қабылдау.

Осылайша күнделікті депрессивті күйзелістерді тудыратын жағымсыз танымдық құрылымды өзгерту қажет.

Танымдық – мінез-құлыққа бағдарланған бағыттың басқа бір өкілі Альберт Эллис мазасыздықтың, кінә сезімінің, депрессияның және басқа да проблемалардың адамдардың кейбір оқиғалары мен жағдайларды психологиялық зақымдайтын деп қабылдауларынан (олар шын мәнінде ондай болмаса да) туындайды деген ұстанымдарды негізге алады. Студент емтиханның сәтсіздігін қабілетсізділігінің дәлелі ретінде есептейтіндіктен, оны сәтсіз тапсырғаннан кейін көңілі бұзылады.

Психотерапия мен психокоррекцияның басқа да мектептері кеңінен дамыды.

 

5. Бақылау сұрақтары:

1.Роционалды эмотивті терапия және экзистенционалды гуманистік дәстүрлі психология

2.Трансактілі талдау және топтық психотерапия, кездесу топтары.

3.Психодрама. Денеге бағытталған терапия.Өнер терапиясының топтары

4.Бастан кешіру теориясы және психотехникалық бірлік ұғымы.Тантотерапия.

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Роционалды эмотивті терапия және экзистенционалды гуманистік дәстүрлі психология

2.Трансактілі талдау және топтық психотерапия, кездесу топтары.

3.Психодрама.

4..Тантотерапия.

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.