Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция. Лекция мазмұны



4лекция

1. Лекция тақырыбы:ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРЕНИНГТЕРДІҢ ТҮРЛІ ФОРМАТТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2. Лекция жоспары:

1.Әлуметтік-психологиялық теренингтердің топтасуының түрлі мен ерекшеліктері

2.Әлуметтік-психологиялық терапияның түрлері мен ерекшеліктері

3.Ертедегі тұлғалық диагностика және ертегі тераписы онымен жұмыс жасау заңдылықтары

4.Тренингтегі психогимнастика

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді әлеуметтік-психологиялық тренингтің өткізілу технологияларымен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

қолданбалы дау-дамайды меңгеру үшін конфликтіні, жағдаятты тұлғаның конструктивті әрекеттерін дамытудың тренингті формасын ұсынамыз. Дау-дамай тренингтері оқытудың белдсенді топтық түрлерін және шығармашылық кестедегі жұмыста тұлғалық дамуды білдіреді, дау-дамайларды шешу мен алдын-алуда кәсіби дамуға мүмкіндік береді. Тренингтердің құндылығы мынада:

· Дау-дамайды шешу және олардың жағымсыз салдарының алдын –алу техникаларын меңгеруде;

· әрекеттерді күшейту, қарым-қатынастағы тұлғалық кедергілерді шешу;

· тұлғаның вербалды және вербалы емес жолдарымен өзін-өзі көрсете білудің әлеуетін ашу.

· Күрделі дау-дамайлы жағдаяттарда құрастырмалы қарым-қатынасқа түзету жүргізуде, тәжірибелік жұмыстардың тренингті түрі кәсіби білімдер мен біліктіліктерді көтеруге, тұлғаның әлеуметтік – перцептивті мүмкіндіктері мен қарым-қатынасты қабылдаудың рефлекциясында, жеке стильден көрініс беретін сензитивті бейімділіктер мен эмтапияны дамытуға, дау-дамайларды шешу техникасына іскер және тұлғааралық қарым-қатынастағы құзіреттілікті жоғарылатуға негізделген.

Топтық психокоррекцияны тренингті түрде жүргізген тиімді. Белсенді оқыту техникасында тренингтік тәжірибелердің 3 психологиялық бағыты мен түрі бар:

1. әрекет тренингі;

2. тұлғалық даму тренингі;

3. қайта құру тренингі.

Әрекет тренингі іс-әрекеттің белгілі бір түрінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруге, мінез-құлықтың техникалық стратегиялары мен тактикаларына, жаңа өмірін болашаққа негізделген. Әрекет тренингінің міндеті – іс-әрекеттің белгілі бір саласында, көбінесе қарым-қатынастық салада жаңа әлеуметтік тәжірибеге ие болу.

       Дау-дамай тренингтері әрекет тренингіне жатады. Оларды: топтық пікірталастар, рөлдік ойындар және психодраманы қолдану арқылы жүргізеді. Психодрама техникалары сыртқы және ішкі дау-дамайларды шешуге бағытталған.

       Драмаландыру элементтерімен рөлге ену және топтық пікірталас тренингті жұмысының басты әдістері болып табылады. Тренингтерге қатысушылар тұлға үшін маңызды болып табылатын даму-дамайлы жағдаяттармен бетпе-бет келеді. Мінез-құлықтың таптаурынды бағдарларын өзгерту таным сапасын және коммуникативті іс-әрекет тәжірибесін кеңейтуге жағдай жасайды, бұлар оларды шешуде өте маңызды. Деструктивті әрекеттерді саналы түсіну, рөлдің мағыналық мазмұның уайымдау үрдісінде өзін-өзі түзету іске асады. Пікірталаста, яғни әрбір топ мүшесі өзін басты кейіпкердің орнына қоюға тырысқанда психокоррекция мен өзін-өзін түзету іске асады. Бұл дау-дамайларлар жол білу тәжірибесін кеңейтеді.

Топтық пікірталас – мәселені әртүрлі көзқараспен талдау арқылы топтық шешімді табу және өңдеу үрдісі. Бұл ізденіс әртүрлі мақсатта жүреді: дау-дамайлы жағдаятты шешу немесе тұлғаралық қарым-қатынасты орнату. Пірікталас дау-дамайды шешуде маңызды орын алады, ынталандыруды жоғарылатады.

       Топтық пірікталас әдісі дау-дамайлы жағдаятты модельдеуге, пайда болған жағдаятты талдаулардағы құрінеттіліктті жоғарылатуға және мәселені шешуді оңтайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.

       Тренинг барысында инновациялық тәжірибелермен екі жақты байланыс жүреді. Дәлірек айтқанда, мәліметті өнімді түрде беру және жаңа білімді өз бетінше талдау мен меңгеру мақсатында тұлға санасында жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді орнықтыру. Сонымен қатар, іштей уайымдар, әлеуметтік маңызға ие болады. Осы уайымдар үрдісінде құбылыстың жасырын мағыналары ашылады.          

5. Бақылау сұрақтары:

1.Әлуметтік-психологиялық теренингтердің топтасуының түрлі мен ерекшеліктері

2.Әлуметтік-психологиялық терапияның түрлері мен ерекшеліктері

3.Ертедегі тұлғалық диагностика және ертегі тераписы онымен жұмыс жасау заңдылықтары

4.Тренингтегі психогимнастика

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Әлуметтік-психологиялық теренингтердің топтасуының түрлі мен ерекшеліктері

2.Әлуметтік-психологиялық терапияның түрлері мен ерекшеліктері

3.Ертедегі тұлғалық диагностика және ертегі тераписы онымен жұмыс жасау заңдылықтары

4.Тренингтегі психогимнастика

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.