Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция. Лекция мазмұны



5 лекция

1. Лекция тақырыбы:ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТАНУ

2. Лекция жоспары:

1.Психологиялық сауаттанудың негізгі көрсеткіштері

2.Психолгиялық сауаттану әдістері

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді психолог сауаттану негіздерімен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

«Психология» мамандығы білімгерлердің кәсіптік тәжірибесі білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және жоғары сапалы психолог – мамандарды даярлауға бағытталған шаралар жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес, жоғарыда аталған мамандық бойынша екі түрлі кәсіптік тәжірибе ұйымдастырылып, өткізіледі:

- оқу-диагностикалық;

- оқу-өндірістік.

Диагностикалық тәжірибе 6-семестрде басталып, 2 апта уақытқа созылады; ал өндірістік тәжірибені 8-семестрде бастап, 7 аптада жүргізу көзделген.

Кәсіптік тәжірибелерді өткізу үшін, алдын-ала оқу жүктемесіне сәйкес, белгіленген топ жетекшісі (әдіскер) тәжірибені өткізу орнын даярлайды. Ол кафедра мен қала мектептері арасындағы байланыс туралы өзара келісімшарттар негізінде, белгілі бір мектептер базасы болып табылады. Психология кафедрасы қаланың №5, 30, 35, 39, 41, 44, 45, 49 т.б. мектептермен байланыс орнатқан.

Оқу-диагностикалық тәжірибенің мақсаты-психологиялық қызмет жүргізудегі бастауыш буын болып табылатын психологиялық диагностика саласы бойынша білім жетілдіру, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру. Ол үшін білімгерлердің оқу жоспарына сәкес оқытылған «Психодиагностика негіздері», «Жеке тұлғаның педагогикалық және психологиялық диагностикасы», «дифференциалды диагностика» пәндері бойынша алынған теориялық білімдерін тәжірибе барысында ұштау көзделеді. Екі апталық мерзімнің әр күнінің нақты міндеттері белгіленіп, ол алдын-ала топ жетекшілері арқылы білімгерлердің қолына тапсырылады. Бұдан кейін мектеп психологтары мен кафедра тарапынан жиі қадағалау негізінде білімгер – практикант бүкіл іс-әрекетін алға қойылған белгілі міндеттерді шешу жолына жұмсайды. Ал бұл міндеттердің мазмұны мынандай:

- Жеке тұлғаны (оқушы, мұғалім, ата-ана) педагогикалық және психологиялық жағынан тексеріп, оның даму деңгейін анықтау.

- Зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп, оны сандық және сапалық жағынан талдау, үйрену.

- Алынған деректер негізінде кәсіби кеңестер беру үшін рекомендация (нұсқау) даярлау.

- Өлшенетін нысан мен өлшеуші құрал арасындағы байланысты аңғару; ішкі және сыртқы валидтілікті сақтау.

Аталмыш міндеттердің шешілуі тәжірибе барысында белгілі бір қиындықтармен ұштасады. Ол қиындықтар табиғаты, біріншіден, психодиагностикалық құралдардың жағдайына байланысты. Психологиялық тексеру құралдары, негізінен, диагностикалық әдістемелер болып табылады. Қазақ тілінде тиісті әдебиеттердің жоқтығы салдарынан орыс тілінен аударылған әдебиеттер ешқандай бейімдеу жұмысы (эстетикалық, аймақтық, тідік, әлеуметтік, діни, мәдени) жүргізілместен, қолданысқа енеді. Ал мұндай құралдардың өлшеулік қызметінің беріктігі (валидтілік) шамалы. Нәтижеде, болмыс туралы ақиқат деректен гөрі, ауытқу деректеріне ие болу мүмкіндігі туындайды. Бұның, әрине, аса қажетсіз әрекет екендігі даусыз.

Екінші бір қиындықтар сипаты білімгерлердің теориялық білімдерінің жеткіліксіздігінен туындайтын жайттар. Мәселен, зерттеу барысында алынған мәліметтерді сапалық жағынан бұрын, әуелі сандық (статистикалық) талдаудан өткізу керек. Ол үшін сыналушылардың сандық көрсеткішетерін қарабайыр тәсілімен есептеу қажеті шамалы. Бүгінгі таңда электронды есептеу машиналарының көмегіне сүйенбеу күнә десе де болғандай! Компьютерде арнайы психологиялық мәліметтерді есептеу және өндеу бағдарламалары бар: «Stadia», «SyStat», SPSS, SAS, BMDP, «Stаtistika», «Мезозавр», «Эвриста».

Зерттеу барысында алынған деректер базасын осы бағдарламаларды пайдалана отырып, өңдеуге білімгерлердің «батылы» жетпейді. Ал бұл «батылсыздық» тамыры кафедраның материалдық-техникалық базасының «қарын аштырар» жағдайымен ұштасады. Зертханалық сабақтарды өткізуге қажетті құралдардың жоқтығы, оқытушылардың біліктілік деңгейі, пәнаралық байланыстардың өз дәрежесінде сақталмауы – білімгерлердің қажетті теориялық білімдерді толық меңгере алмауына және қарапайым жаттығу дағдыларының болмауына әкеп соғады.

Диагностикалық тәжірибені ұйымдастырып, өткізудегі осы екі қиындық та бір ғана кафедраның немесе факультеттің күшімен шешілетін мәселе емес? Бір жағынан, айтылған проблемалар психология ғылымының дамуындағы дағдарыс пен Республикамыздың дамуы мен мемлекеттік тіліміздің мәртеібесіне байланысты туындап отырған уақытша дағдарыстарға байланысты заңдылық та! Ал заңдылық қандай да бір күш жұмсаумен бірге, міндетті түрде уақыт ағымына бағынатын құбылыс екендігі белгілі.

«Психология» мамандығының білімгерлері диагностикалық тәжірибе қортындысы бойынша келесі құжаттар даярлайды: күнделік, психологиялық тексерулердің хаттамалары және тәжірибе барысы туралы есеп. Тәжірибенің аяқталуына байланысты қорытынды конференция кафедра көлемінде жүргізіліп, білімгерлердің тәжірибесі топ әдіскерлерінің практика барысындағы тыңғылықты қадағалауы мен бақылауы, талдауы және құжаттарды тексеруі мектеп психологтарының мінездеме-пікірлері негізінде бағаланады.

«Психология» мамандығына байланысты кафедраның оқу жоспарында бекітілген екінші бір тәжірибе түрі «өндірістік тәжірибе». Ол кейде «диплом алдындағы тәжірибе» деп те аталады. Себебі мұнда шешілуі тиіс негізгі міндеттердің бірі-білімгерлердің дипломдық жұмыстарының эксперименттерін жүргізіп, практикалық материал жинақтау болып табылады. Өндірістік тәжірибенің бұдан өзге міндеттері мыналар: арнайы пәндерді оқу барысында алынған білімдерді бекіту, тереңдету, кеңейту және жүйелеу: сондай-ақ білім беру саласындағы психолог әрекетін зерттеп, талдау арқылы болашақ маманының кәсіби даярлаған анықтау.

Белгілінген міндеттердің шешімі тәжірибе барысында білімгерлердің келесі қызметтерді атқаруы арқылы жүзеге асады: мектеп ерекшелігіне байланысты базамен және психолог қызметімен танысу; оқушылардың жеке карталарымен (даму деңгейі туралы медициналық және психологиялық тексеру қортындылары) танысып, талдау; диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізіп, хаттамаларды рәсімдеу; психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын, оның белсенді әдістері; психогимнастика, психотренингті қолдана отырып, жүргізу; өз бетінше психологиялық сабақтар беру; жолдастарының сабақтарына қатысып, талдау; диагностикалық түзету жұмыстарына қажетті көрнекі және әдістемелік материалдар даярлау; ұжым мүшесі ретіндегі бір оқушыға және сынып ұжымына психологиялық мінездеме жасау; психологиялық ағарту шараларын (лекция, семинар, әңгіме түрінде) ұйымдастыру.

Білімгер тәжірибе барысында психологиялық қызметтің психолгиялық кеңес беру және алдын-алу шараларын жүргізуден ғана босатылады. Себебі бұл шаралар клиентпен тікелей қарым-қатынаста жүзеге асырылатын, жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін жұмыстар болып табылады.

Өндірістік тәжірибе соңында білімгерлер жоғарыда көрсетілген шаралардың барлық түрінің атқарылғандығы туралы мәлімет беретін құжаттар тапсырып, топ жетекшісінің кешенді талдауы негізінде бағаландады. Білімгерді бағалау процесіне мектеп психолгы және дипломдық жұмысының жетекшісі ішінара қатысты болып табылады.

Өндірістік тәжірибені ұйымдастырып, өткізу барысында, бүгінгі таңлда белең алып отырған қиындықтар, негізінен, тәжірибе базаларында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуының толықтай жолға қойылмағандығымен сипатталады.

5. Бақылау сұрақтары:

1.Психологиялық сауаттанудың негізгі көрсеткіштерін ата.

2.Психолгиялық сауаттану әдістерін ата

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Психологиялық сауаттанудың негізгі көрсеткіштері

2.Психолгиялық сауаттану әдістері

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.