Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция. Лекция мазмұны



3 лекция

1. Лекция тақырыбы:ӘЛЕУМЕТТІК - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРНИНГТЕР

2. Лекция жоспары:

1. Әлеуметтік-психологиялық тренингке тапсырыс және нтерперсоналдық қарым-қатынас мәні. Аутогенді жаттығу.

2.Әлуметтік-психологиялық тренинг әдістері.

3.Әлуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері

4.Әлуметтік-психологиялық тренингті жүргізуші (тренер) және қатысушы тұлғасы

5. Әлуметтік-психологиялық тренинг жобасын құру жолдары

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді әлеуметтік-психологиялық тренингтің өткізілу технологияларымен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

Психологиялық қызметтің бес бағыты жүргізілетіні белгілі: психодиагностика; психокоррекция; психоконсультация; психопрофилактика және психологиялық ағарту жұмыстары. Клиенттің психикалық даму деңгейі анықталған соң (бұл шара психодиагностика арқылы жүргізіледі) оның бойындағы қандай да бір психикалық, психологиялық ахуалды түзету, дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бұл-психокоррекциялық бағыттың міндеті.

Тренинг – психокоррекцияның негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның мағынасы, кәдімгі спорт саласында жиі қолданылатын «тренировка» (жаттығу) дегенді білдіреді. Айырмашылығы дене қимылдарының жаттығуы емес, психологиялық жаттығулар деген ұғым, «психотренинг» деп аталуы сондықтан.

Тәжірибе саласындағы психолог көбінесе нақты ұжыммен жұмыс істейді. Сол ұжымдағы психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасының сипатымен өлшенеді. Осыдан келіп, психологтың топтық қызметі пайда болады. Ұжымның еңбек көрсеткіші жоғары нәтиже беруі үшін ұжымда он психологиялық ахуал тудыру шарт. Психолог осы мақсатта ұжым мүддесі үшін топпен және жеке клиентпен (ұжым мүшесі) жұмыс істейді.

Тренинг, әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында қолданылатын топтық жұмыс формасы болып табылады. Оны жүргізуші психолог уақытша «тренер» (жаттықтырушы) ролін атқарады. Құрамдық ерекшелігіне қарай тренинг «психологиялық тренинг», «топтық тенинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» деп те атала береді.

Психотренингтік топ, ұжымның ішкі өмірін бейнелейтін және қолдан жасалатынн қарым-қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады.

Отбасында, қызмет орнында немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті серіктестіктердің ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлардың сипаты психокоррекциялық топтарда анықталып, оның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез-құлқына сәйкес жасанды қатынастар орнатылады. Нәтижесінде, арнайы қабылданған қатынастар мен жиналған тәжірибе ішкі өмірге айнала бастайды.

Топта жұмыс істеудің келесі артықшылығы – жеке адамның топтың басқа мүшелерімен кері байланыс орнықтыра алуы және өзін басқалардың қолдау мүмкіндігіне ие бола алуы. Топтағы өзара әрекеттер барысында топ мүшелерінің жеке бастық құндылықтары және оларға қажеттіліктер сезіледі. Топта жеке тұлға өзін басқаларды қабылдаушы, оларға сенім артушы, көмек көрсетуші және өзі де басқалармен қабылданушы ретінде сезіне алады.

Клиент, тренингтік топта тек оқиғаға қатысушы ғана емес, көрермен болуға да мүмкіндігі бар. Оқиғаның өрбуін бақылай отырып, клиент өзін белсенді қатысушымен салыстырып, оның құндылықтарын көріп-білуі арқылы өз бойындағы құндылықтарды ашып, бағалай алады.

Әлеуметтік психологиялық тренинг – практикалық психологияның қарым-қатынастағы біліктілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық қызметтің белсенді тәсілдерін пайдалануға бағдарланған әдісі. Әлеуметтік психологиялық тренинг дені сау адамдарға көмек көрсету шеңберінде топ деңгейіндегі психологиялық ықпал ретінде қарастырылады. Оған: сензитивтілік, тұлғалық өсу тренингтерін және тренинг топтарының басқа да түрлерін жатқызады. Ол «белсенді әлеуметтік –психологиялық оқыту» сынды басқаша да аталуы мүмкін. Белсенді және ашық кері байланыс принциптері әлеуметтік психологиялық треингтің негізгі псинциптері ретінде бекітілген. Белсенділік дайын білімгерлердің емес жаңа коммуникативті дағдылардың дербес жасалуын болжайды. Кері ақпараттың ұсынылуы әлеуметтік реакцияларға деген сезімталдық пен біліктілік өсуінің негізгі шарты болып табылады. Әлеуметтік психологиялық тренинг басшыларды, педагогтарды сауда қызметкерлерін, практикалық психологтарды және іс-әрекетті қарым-қатынасқа негізделетін басқа да мамандарды даярлау жүйесінде кеңінен таралды.

Әлеуметтік – психологиялық тренинг-топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген, арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы болып табылады. Тренинг барысында жеке тұлғаның дамуы мәселесі барынша табысты шешіледі, коммуникативті (ауызша хабар алмасу-сөйлеу) дағдылары жетіледі, сондай-ақ топ мүшелері жеке басында бұрыннан қалыптасқан таптаурындарды (стереотип) қайта қарау, жөндеу мүмкіндіктеріне ие болады.

Тиісті әдебиеттерде тренингтік топтар шартты түрде «Т-топ» ретінде белгіленеді. Болашақ психологтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында оқу жосапарында бекітілген теориялық пәндер («практикалық психология», «психодиагностика негіздері», «дифференциалды диагностика» т.б.) білімгерлердің өндірістік практикаларында міндеттелетін пәндік тапсырмалар арқылы пысықталады.

Берілген оқу пәндерінде тренингтің міндеті, атқаратын қызметі, мақсатқа байланысты түрлері, тренинг өтетін орын, тренингтік залдың жабдықталуы, тренингтердің өту уақыты, ерекшелігі, тренерге қойылатын талаптар, типтік оқу бағдарламасына сәйкес беріледі. Бірақ, шығыстың ұлы ойшылы М.Сағади айтқандай «Сен теорияда қанша мықты болғанынымен, оны қолданбайынша, бәрібір надансың». Сондықтан да институт қабырғасында берілетін теориялық білімдер мен өндірістік тәжірибе процесінде үйретілетін дағдылар мен іскерліктер білімгерге кәсіби біліктіліті қалыптастыру жолындағы алғашқы баспалдақ қана. Осы жолда үлкен жетістіктерге жету үшін маңызды шарт – үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға қажеттілікті сезіну. Бұл қажеттіліктің мазмұны-клиенттердің кез-келген психолгиялық мәселелерін шешуге көмектесу үшін олардан ақыл-парасатының, дүниетанымының барынша жоғары болуы, асқан сезімталдық, ұстамдылық, өз-өзіне деген берік нық сенім. Тренер уақытты өте нәзік сезіне білуі шарт, бұдан шығатын қортынды-күнделікті өмірде болып жатқан өзгерістердің барлығын алдын-ала, тіпті болмаса дер кезінде байқап, біліп отыру. Сондай-ақ, клиентке нақты көмек көрсету үшін, оның өзіне сенімін тудыру қажет: клиент тренерді, тренер клиентті жатырқамай, бір-бірін бар болмысымен қабылдай алуы тиіс. Ол үшін тренен ашық, мейрімді, жанашыр әрі күнделікті күйбен тірліктің ұсақ-түйектерінен биік тұруы керек. Міне, осы шарттардың барлығы психологтың жеке басының тәртібіне, мәдениетіне, біліміне қойылатын талаптар. Адам бойындағы мұндай жоғары адамгершілік қасиеттер мен кәсіби шеберлік институт оқытушылары мен оқу пәндерінің мазмұны арқылы қалыптаспайды. Үнемі және әрдайым өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде тәжірибе барысында біртіндеп қалыптасатын процесс бұл!

Әйтсе де, ұстаз өзін оқулық пен білімгер арасындағы білімді тасымалдаушы тұлға ретінде ғана сезінсе, ол сыртқы қалыпты ғана ұстанатын ішкі мазмұнды жете түсінбейтін шалажансар оқытушы. Болашақ психолог бойында жоғарыда айтылған кәсіби сапалардың қалыптасуына оны баулушы, психологиялық қызметтің қыр-сырымен таныстырушы оқытушының жеке басы үлгі болуы шарт. Сонда ғана ол толық мәнінде ұстаз атана алады; сонда ғана ол білімгер алдында бүгін ғана емес, мәңгілікке сыйлы, әрі құрметті; сонда ғана ол шын мәнінде шебер!

Білімгер психолгтың клиентті рецептімен емес, өзінің жеке басымен емдейтінін түсінуі керек.

Ең соңында білімгер психологиялық тренингтің принциптерін жете білгені абзал деп, оны жіктеп көрсету ұйғарылды.

 

Тренингтік орта құру принциптері Тренингке қатысушылар тәртібінің пинциптері Ұйымдастырушылық ринциптері Эстетикалық принциптер
Жүйелік детерминация Белсенділік, зерттеушілік және шығармашылық. Ашық-жарқын болу. Топты құру, жабдықтау Жарияламау. Тренинг мақсатының мазмұнына сәйкес келуі.
Нақтылық Өзара қарым-қатынас Кеңістік-уақыттық ұйымдастыру Зиян келтірмеу
Жіткілікті Шынайлылық «қазір және осында»    

Аутотренинг –аутогендік жаттығулардың пайда болуымен енгізілуі неміс психотерапевті Н.Г.Шульстің есімімен тығыз байланысты. Оның еңбектерінің арқасында барлық елдерде аутогендік жаттығу ең алдымен ағзадағы әртүрлі невроз және функционалдық бұзылуларды емдеу және алдын –алу әдісі ретінде кең тарады. Аутогендік жаттығу психогенетиканың және психопроффилактиканың, сонымен қатар іс-әрекеттің экстремалдік жағдайларда адамды басқарудың тиімді әдісі болып табылады.

Бұл әдістің психогигиенаның және психопроффилактиканың тиімді құралы ретінде кеңінен таралуы, адам өмірі ырғағының жеделдеп, адамның жүйке жүйесіне ауыртпалығының өсуімен байланысты. Қазір аутогендік жаттығулар спортшыларды даярлау жүйесіне берік енді, психогигиеналық –эмоционалдық жеңілдету тәсілі ретінде өндіріс ұжымдарында кеңінен қолданады.

Коррекциялық әдістер.Қазіргі психология әртүрлі жолдармен адамдардың практикалық іс-әрекетіне әсер етеді. Психологиялық көмек кездесетін объективтік ахуалда ғана емес, сонымен қатар субъективтік бастан кешірген қолайсыздық жағдайларда да, жиі және тиімді түрде беріледі. Қолайсыздық өткір болуы мүмкін. 

5. Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік-психологиялық тренингке тапсырыс және нтерперсоналдық қарым-қатынас мәні. Аутогенді жаттығу.

2.Әлуметтік-психологиялық тренинг әдістері.

3.Әлуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері

4.Әлуметтік-психологиялық тренингті жүргізуші (тренер) және қатысушы тұлғасы

5. Әлуметтік-психологиялық тренинг жобасын құру жолдары

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1. Аутогенді жаттығу.

2.Әлуметтік-психологиялық тренинг әдістері.

3.Әлуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері

4.Әлуметтік-психологиялық тренингті жүргізуші (тренер) және қатысушы тұлғасы

5. Әлуметтік-психологиялық тренинг жобасын құру жолдары

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.