Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лекция мақсаты:Білімгерлерді психологиялық диагностика негіздерімен таныстыру.



6 лекция

1. Лекция тақырыбы:ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА.

2. Лекция жоспары:

1.Психодиагностика туралы жалпы түсінік

2. Психологиялық диагостика принциптері мен негізгі кезеңдері

3.Психологиялық диагностиканың тиімділігінің өлшем бірліктері.

4.Психологиялық диагностика жүргізуші психологтың этикалық нормалары және оған қойылатын жеке тұлғалық кәсіби талаптар

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді психологиялық диагностика негіздерімен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтығы әдіс деп аталады. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Оның бірі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету әдістері (кеңес беру, терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен өзара әрекеттестік сиқяты ұйымдастырушы мәселелерді шешуде қолданылатын ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар. Топтастырудың екінші тәсілі психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде, клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал-жағдайы мен мінез-құлқын өзгертуге ішкі қорларын табуға мүмкіндік беретін жақсы диагностиканың өзі –ақ жеткілікті. Неғұрлым күрделі жағдайда кеңес берген тиімді. Осыған сәйкес практикалық психологияның әдістері психодигностикалық, кеңес беруші және түзетуші әістерге жіктеледі.

 Психодиагностика бұл – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын проблемаға тереңдеп енуі.

Практикалық психологияда психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практкиалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, демек психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырыстары бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологотың клиентпен жүргізілетін жұмыстың міндетті сатылардың бірін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың пстихологқа айта келетін өмірлік қиындықтарының диагнозын жасауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдер мен процедуралардың кешеңін анықтайды. Психодигностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде оны теориялық пән ретінде қарастырады. Шынымен, идеялардың академиялық психологияда психологиялық тәжірибеге едәуір қарқынды жылжуына ықпал етіп, психодиагностикамен теориялық тұрғыда айналысуға болады.

Диагноисткалық әдістердің бернеше түрлері бар:

Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Практкиалық психологиядағы бақылау бұл – клиенттің психологпен қарым-қатаныасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты, жүйелі қабыладу.

Әңгімелесі – психологтың сыналушымен серіктес қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын зерттеу әдісі. Бұл әдіс көбінде психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімеселу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарланғанның барлығынбағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолдаланылады.

Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқын), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесу), тесттер, проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолдаланылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолдаланылады.

Диагностикалық процедуралар практикалық психологияның әртүрлі мектептерінде және бағыттарында қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өзбетінше ерекше көреді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып табылады. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын жеткілікті дәрежеде толық схемасын қарастырып көрелік. Схемада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар, әрі сол мәліметтерді алуға болатын сұрақтар болмайды.

1.Демографиялық мәліметтер (жасы, айналысатын іс-әрекеттерінің түрі, отбасылық жағдайы).

2.Проблеманың пайда болу тарихы:

а) клиент проблемаға қашан кездесті, ол уақытта тағы басқа не болды;

ә) проблема мінез-құлықтың, соматикалық деңгейде, күйзеліс пен қатынас деңгейінде қалай көрініс береді (ол оны қаншалықты мазалайды);

б) проблема қандай контекстінде, қандай оқиғаларға, адамдарға қатысты көрініс табады;

в) оның жағымды салдары қандай;

г) қандай қиыншылықтарды тудырады;

ғ) клиент оны қалай және қандай нәтижемен шешуге тырысты.

3. клиенттің психологқа немесе психиатрға өткен шақта барғаны – бармағаны. Бұл мәліметтер психологтың психотерапевтік немесе кеңес беруші стратегияны құрастыруда бастапқы ұстанымды қалыптасыруына көмектеседі.

4. Білім (сондай-ақ мектептегі, университеттегі құрастарымен, оқытушылармен қатынастары, оқу кезеңіндегі дау-дамайлары). Мұның барлығы клиенттің әлеуметтік интеллектісінің ерекшеліктерін анықтау үшін, сондай-ақ, білімін алудағы ықтималды жарақаттары жайлы жорамалды тексеру үшін қажет.

5. Жұмысының сипаты, жұмысына қанағаттануы, қызметтестерімен қатынастары, іс-әрекетімен байланысты едәуір маңызды стрессорлар. Мұндай мәліметтер клиент өміріндегі кәсіби іс-әрекеттің орнын бағалауға және жұмыстың оның өмірлік жолындағы әлсіз нәрсе емес пе екендігін анықтауда қолдаланылады.

6. Денсаулығы (аурулары, нақ осы шақтағы денсаулығының едәуір маңызды проблемелары, ата-аналарының тарапынан және отбасында денсаулығына қамқор болуы, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, дәрі-дәрмектерді пайдалануы және т.с.с.). Мұндай мәліметтер клиеттің өзін-өзі бағалауын, атап айтқанда өзінің денсаулығына деген қатынасын анықтауға, сондай-ақ, денсаулығының нақ осы шақтағы күйінде психологиялық жұмысты жүргізудің қолайлығы жайлы мәселені шешуге мүмкіндік береді.

7. Әлеуметтік дамуы (өміріндегі неғұрлым маңызды оқиғалар, ерте естеліктер, ағымдағы өмірлік жағдай, күн тәртібі, жұмысы, айналысатын ісі, қарым-қатынастары, әуестіктері, құндылықтары, наным-сенімдері).

8. Отбасы, жанұясының әл-қуаты, қарама-қарсы жыныстағы адамдармен қарым-қатынастары, секс (ата-анасы жайлы мәліметтер, лоармен өткен және осы шақтағы қарым-қатынасы, ата-анасының клиентке қатысты қолданған жазалау шаралары, клиенттің өз ойынша оған әкесінен, шешесінен қандай қасиеттер дарыған, олармен бірлесіп орындаған істері, аға-бауырлары мен әпке-сіңілілері және олармен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер, клиенттер олардың қайсысын көбірек немесе азырақ жақсы көрген, әкесі (анасы) олардың қайсысын көбірек жақсы көрген, қайсысымен клиент өзін жақсы немесе жаман сезінген). Қарама-қарсы жыныстағы адамдармен қарым-қатынастары, сондай-ақ, сол қатынастардың ажырауына ықпал еткен себептер. Зайыбымен қарым-қатынастары. Балалары (саны, жасы). Клиентпен тағы кім бірег өмір сүреді. Сексуалды тәжірибесі, сексуалды белсенділігінің формалары.

       Аталмыш схема бойынша жүргізілген сұхбаттасу клиенттің психологиялық мәртебесін, жалпы өмірлік жағдайын, бағалауға, ұрынған проблемеларының сипаттамасын, негізгі қиыншылықтарын, оның психолгқа келуінің мотивациясын және проблеманы шешудегі мүмкіншіліктерін түсінуге жағдай жасайды. Ол анамнезді-тексерілуші және оның сырқатының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығын құрастыруға мүмкіндіктерін береді. Әрине, аталмыш сұхбаттасудың барлық ұстанымдарын пайдалану міндетті емес.

       Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепе-теңдігінің дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын қөабылдайды. Мұндай әңгіме нақты әрі қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал етеді.

       Сұхбатасуға психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі шағымдарына кездеседі.

1. Жасырын мазмұны бар шағым бұл-шынайы және жасырын мазмұны сәйкес келмейтін шағым. Күйеуі: «Әйелімнің тоғыз айлық баланы екі ұйықтатқаны дұрыс емес қой, бала дербес болуы тиіс». Аталмыш жағдайдағы жасырын шағым мынадай: «Мен әйелді баламнан қызғанамын: жұмыстан кейін үйіме шаршап келгенде ас үйде әйелімнің қолы босағанша күтуім қажет». Шынайы проблема әлсін ғана байқалады. Алайда, клиенттің қалағаны, әрі психологқа сенім артқаны белгісіз болған жағдайда оны бірден ашып айтуға болмайды. «Мен сізге бұл жайында айтқанның қиынға соғатыны сеземін» немесе «Мен сіздің нені айтып отырғаныңызды түсінемін» (егер де клиент шағымының жасырын мазмұнын сезінсе)-деп айтуға болады. Әйтпесе: «Мен сіздің әйеліңізге ызалы екніңізді, өзіңізді басқалардың түсінбегенін және ренжулі екеніңізді көріп отырмын»- деген вербалды анықталған реакцияға емес, клиенттің күйзелген эмоциясына деген зге реакция орын алуы мүмкін. Бұл – клиенттің өз күйзелістеріне енуге шақыру амалы.

2. «Қу» шағын психологпен манипуляциялауды көздейді. Оның екі қатпарлы мазмұны бар. Оның айқын бөлімі психотерапевті шатыстырып, мінез-құлықтың қабылданған стилін дәлелдеуді мақсат етеді. Мәселен, әйел жүрек талмаларының ауруларына шалдыққандықтан дем алудың үйлесімсіздігінен жапа шегеді. Терапевтерде бірнеше жыл емделгенмен ол еш сәтті болмады. Оның күйеуін қызғанатыны, ал жүрек ауруы-күйеуін қадағалаудың керемет тәсілі екендігі белгілі болды. Ол әйелін жұмысқа шығарып салып, күтіп алады. Күйеуінің адамгершілік нормалары әйелдің мінез-құлықтың пайдаланатын маңызды реттеуші болып табылады. Сірә, ол ауруының дәлелдерін іздеуде («Күйеуіме менің қатты ауыратынымды айтыңызшы» деген жасырын сұрақ).

3. Басқаға шағымдану. Ол клиенттің ойынша өздерін дұрыс ұстамайтын айнадағыларды өзгерту тілегін білдіреді. «Маған жұмыста өте ауыр-деп жылайды әйел-мен бастығыммен тіл табыса алмаймын. Ол ауыр мінезді ақылсыз адам, оны жұмыс мүлде қызықтырмайды». Мұндай жағдайда клиент әйел проблемаға деген жауапкершілікті өзінен бастығына жүктейді. Бұл-психолог жеткілікті дәрежеде қиын міндет, өйткені клиент сірә, өзінің жағдайын және мінез-құлқын қабылдауын өзгертуге дайын болмауы мүмкін.

       Көптеген клиенттердің психологқа белгілі бір сенімсіздікпен келіп: психолог сенуге болар-болмастығын тексереді. «Сенімділіктің» дәрежесі мен өлшемдерін тексерудің алты тәсілі бар.

а) Психологтың проблемаға қатысты салада өмірлік тәжірибесінің бар-жоқтығын анықтау. Мәселен клиент: «Сіз өзіңіз үйленгенсіз бе?»-деп сұрайды. Ол: «Ия, мен үйленгенмін. Сіз үшін бұл Сізді жақсырақ түсінетінімнің белгісі болар?»-деген жауапты естісе қанағаттанар.

ә) Өз-өзіңізді айқындаудың қаншалықты қауіпсіз екендігін анықтау. Клиент психологқа өзі жайлы жақсы көрінбейтін бір нәрсені айтып: «Мұны жақындарым мен достарымнан ешкім білмейді»-деп қосып, психологпен маңызды ақпаратпен бөліседі. Ол конфеденциалдылықтың дәлелін алғысы келеді.

б) Психологтың міндеттілігін тексеру. Мәселен, клиент кітапты алып келуін сұрайды. Берілген сөздің жүзеге асуы немесе негізделген бас тарту амалы сенімге артылған қатынастарды сақтап қалуға ықпал етеді.

г) Қатынастардың беріктігін тексеру. Мәселен клиент қолайлы жағдайдың шекарасын тексеріп, белгіленгенін кездесуге кешігуі мүмкін. Ол қалыптасқан қатынастардың сақталғанына көзін жеткізгенде ғана сірә, өзін балаша тыныштырақ сезіндер. Сондықтан, психотерапевт ондай әрекеттерді зейінсіз қалдырмай қатынастардың тұрақтылығын көрсетеді.

ғ) «Сіз айтылғандардың барлығын қалай есіңізде сақтайсыз?»; «Сірә, сіз мен сияқтыклиенттерден шаршаған шығарсыз?»; «Сіздің бұған қуатыңыз қалай жетеді?» - деген типтегі сұрақтардың көмегімен психологтың бірігіп жұмыс жасау үрдісіне тұлғалық ену қабілетін тексеру. Клиентке өзіне деген шынайы қызығушылықтың туғаны қажет.

Мұндай тәсілдерге клиенттің психологтың жалпы интеллектісін ықтималды «тестілеуін» де қосу қажет. Оған проблемаларымен келген адамның қаншалықты даналы, тапқыр екендігін және дамығандықтан білген, одан басқа онымен клиент позициясынан манипуляциялауға болар-болмастығын ла білген маңызды.

Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Сұрақтардың ашық және жабық түрлері бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сөздерден басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын өз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе «жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» -деген қарсы сұрақты қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін тудырады. Сұрақтар тым көбейгенде де қорғаныс белсендіріледі.

Жабық сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар клиенттің ұсынылған нұсқалардың біреуін таңдайтынындай құрастырылады. Мәселен: «Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немесе екі жыл бұрын пайда болды ма? Мұндай сұрақтар талқылау бөлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық сұрақ бұл – конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтылығының мерзімі екі жылдан аспайтыныалдын ала анықталғанда жағдайды нақтылауға көмектеседі.

Практикалық психологияның кейбір мектептері клиент жайлы ақпаратты сұрақтарсыз алғанды қалайды. Бұл мақсатта қарым-қатынастардың арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді сипаттау, резюме сияқты әдістері немесе рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары қолданылады.

Арқау болу – адамға оны тыңдап отырғаныңды көрсету. Ондай жағдайда айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», «солай» ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтыңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлеміне оны аса мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондай-ақ, дыбыстық белгілер, ұқсас әсер етеді.

Қайталау бұл – тыңдаушының серігініңтайтқандарынан қайсыбір сөзді қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сөзді таңдау қажет екендігін психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағытарының бірін алдын ала анықтайды.

Қайта әңгімеселу  клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, түсіндірілгеніне сенімді етіп, екеуіне де пайдалы болады. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын шатасудан және сөздегі, ойдағы қарама-қайшылықтардан тазартып, суреттелген көріністің тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді. Сезімдердің сәулеленуі бұл - ең алдымен, клиенттің сөздерінде немесе вербалды емес мінез-құлқында көрінген күйзелістері жайлы сөзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы айтқанда мен оны сеземін...». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің өткен шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын таңу қабілеті аталмыш шағын тхниканы қолданудың алғышарты болып табылады.

Резюме - әңгіме бөлшектерінің тұтастыққа біріктірілуі, алынған нәтижелердің айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның айтқандарының деректері мен тарлық мазмұнын реттейді. Резюме өзекті деректер мен идеяларлы тіркейді, клиентке деген назарды көрсетеді және де мақсатты құрастырудың негізін даярлайды.

Клиенттің вербалды емес мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сөз арқылы жеткізілген мінез-құлқынан құндылығы төмен болмайтын ақпаратты қамтитын, практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болыпп табылатын бақылау сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды.

Практикалық психологтың жұмысы көптеген вербалды емес интеракцияларды қамтиды. Ым – ишара тілі бұл – кеңес беру, психологиялық түзету және психотерапия құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада қабылданғанды, яғни оның сөздеріне назар аудармай, оның өзін қалай ұстайтынынан, ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды өте құнды деп емептеймін» - деп жазған.

Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну – практикалық психологтың қажетті кәсіби дағдылары болып табылады. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады.

1. Өзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинеттін безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да бөлшектер.

2. Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ым-ишаралары, сөздегі интонациялары) сөз турасындағы ақтандақтарды өзгентетін маңызды ақпаратқа ие.

3. Вербалды емес қатынасуды интерпретациялаудың жеке-дара тәсілі: бір ғана белгілер өзге мәдениетке жататын адамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі өзгеше болуы мүмкін. Сәйкес зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының, дауыс тембрінің кейбір клиенттермен жұмыста мүлдем жарамсыз екендігін көрсетті.

Визуалды қатынас. Көздердің қозғалысы – клиенттің басында болып жатқандардың кілті. Клиент ыңғайсыз тақырыпты әңгімелей бастағанда визуалды қатынас тоқтайды. Көптеген клиенттер секс, өшпенділік, балалық реніштер сияқты кейбір тақырыптардан қорқып, сол тақырыптар қозғалғанда көздерін алып кетеді. Психологтың шетін мәселелер жайлы айтып отырған адамды тыңдаудағы визуалды қатынасы орынсыз болуы мүмкін. Кейде ондай жағдайларда клиенттің көзіне тесіліп қарап алмай, оны алып кеткен дана шешім болуы ықтимал. Дегенмен, вербалды емес хабарлар турасында нақты бағдарлар бар. Алайда индивидтердің және мәдениеттердің арасында айырмашылықтар бар.

Дене тілі. Дене ылдиындағы өзгерістер дене тілінде неғұрлым ақпаратшыл болып табылады. Клиент еркін отырып, кейін еш себепсіз алақандарын түйіп, аяқтарын айқастырып немесе креслоның шетіне отыруы мүмкін. Көбінде бұндай аса маңызды емес өзгерістер ішкі кикілжіңнің көрсеткіштері болып табылады. Сол мезетте айтылған әрі сезілген нәрсе ортақ бір нәрсені меңзей қоймайды.

Сөйлеу тілінің интонациясы мен ырғағы. Адам сөйлеу – тілінің интонациясы мен ырғағы ол жайында, атап айтқанда оның эмоциялы күйі жайлы көп айтады. Жеке сөйлемдердің қаншалықты қатты немесе ақырын айтылғаны сезімдер қуатының индикаторы ретінде қызмет етуі мүмкін. Тездетілген сөйлеу – тілі невроздылықпен және гипербелсенділікпен аоцияланады; баяу сөз енжарлық пен сарыуайымды көрсетуі мүмкін. Дене ылдиы мен визуалды қатынастағыдай, нақты проблемаларды әңгімелеудегі дауыстың өзгеруін де тіркеп отырыуы қажет. Интонация бұл – қатынастар жылулығының индикаторы.

Тақырыптың өзгеруі. Клиенттің бір тақырыптан басқасына күтпеген жерден ауысуы онда бірнеше проблемасының бар екенін айшықтайды. Әңгіме тақырыбының өзгергенін байқау іскерлігі психологиялық көмекті жетістікке әкелетін маңызды кәсіби қасиет болып табылады. Сонымен бірге, клиенттің соңынан ілескен орынды, өйткені психологиялық зақымдайтын тақырыпқа уақытша көшу амалы, клиенттің сенімін нығайтып, кейінірек бастапқы тақырыпқа қайта оралуға мүмкіндік береді.

Вербалды емес мінез-құлықтың сәулеленуі. Сәулелендіру клиенттің вербалды емес көріністерін қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады. Психолог вербалды тілді түсінбегенде оның клиентпен ара қашықтығы ұлғая бастайды. Өзге тұлғаны жақсырақ түсінуге үйрену үшін вербалды емес реакцияларды сәулелендірген пайдалы. Егер де психолог клиенттің отырысын жаңғыртып, тү.йсіктеріне құлақ салса эмпатия деңгейінің артқанын көруге болады.

Психолог пен клиенттің арасындағы сәтті, баяу сұхбаттауда үйлескен, симметриялы қозғалыстар орын алады. Клиент фразаның ортасынла тоқтап қалса, кеңесші басымен изейді де , клиент оны аяқтайды. Психолог пен клиенттің қозғалыстары ір ырғақта жүріп жатады. Психолог пен клиент бейсаналы түрде бір позада отырады; әдетте олар бір-бірінің көзіне қарап отырады; олардың қолдары мен аяқтары үйлесімді қозғалады. Психологтың вербалды емес мінез-құлықты айнадағыдай сәулелендіруі оны клиенттің сезімдерін неғұрлым тереңірек сезінуіне әкеледі.

Сөйлеу - тілі құрылымының жорылуы психодиагностикадағы сұхбаттасу мен бақылаудың арасындағы аралық орынға ие. Қарапайым сөйлемдердің грамматикалық құрылымы психолог пен клиент жайлы көп сыр шертеді. Едәуір күрделі сөйлемдердегі сөздердің іріктелуі индивидтің қалай ойлайтыны жайлы ақпаратты табыс етеді. Сйөлемнің үстіртін және терең құрылымдарының тұжырымдамасы клиенттің алып келген проблемаларынан неғұрлым тереңірек қиындықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 

 Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады.

      Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы.

   Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады.

  Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау; 3) ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) психолог жүргізетін психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу және оқыту жүйесіне салыстырмалы психологиялық талдау жасау; 6) психологиялық ағартудың өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т.б.

   Мектептегі психологиялық қызмет шеңберінде түзету, дамыту, диагностика секілді әдістер бөлек жүргізілмейді. Олар мектепте бір кезеңде атқарылатын жұмыс болып табылады. Мысалы; диагностикалық - коррекциялық немесе диагностикалық - дамытушы жұмыстар.

      Мектеп психологының жұмысы диагноз қойып, тұлғаны дамыту бағдарламасын жасаумен шектелмейді. Ол балалардың дамуын зерттеп, ұсыныстардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар психологиялық, түзетушілік, тәрбиелік жұмыстың басым бөлігін өзі атқарады.

5. Бақылау сұрақтары:

1.Психодиагностика туралы жалпы түсінік.

2. Психологиялық диагостика принциптері мен негізгі кезеңдерін атаңыз.

3.Психологиялық диагностиканың тиімділігінің өлшем бірліктері.

4.Психологиялық диагностика жүргізуші психологтың этикалық нормалары және оған қойылатын жеке тұлғалық кәсіби талаптар

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Психодиагностика туралы жалпы түсінік

2. Психологиялық диагостика принциптері мен негізгі кезеңдері

3.Психологиялық диагностиканың тиімділігінің өлшем бірліктері.

4.Психологиялық диагностика жүргізуші психологтың этикалық нормалары және оған қойылатын жеке тұлғалық кәсіби талаптар

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.