Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция. лекция. Лекция мазмұны



7 лекция

1. Лекция тақырыбы:ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЛДЫН АЛУ.

2. Лекция жоспары:

1.Психологиялық алдын алу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

2.Әлеуметтік психологиялық алдын алу жұмыстары

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді психологиялық алдын алу негіздерімен таныстыру

4. Лекция мазмұны

Бұл жұмыстың негізгі қиындығы – пед. ұжымның психопрофилактиканың қажеттілігін түсінбеуінде. Мәселен әр түрлі проблема бастан асып жатса да, П. қайдағы бір тууы мүмкін қиындықтарды айтып, байбалам салғаны несі «Қиындық туса, туар. Тумаса-тумас. Біз қазіргі сәттегі шиеленістерді шешіп алсақ та жаман емес» - деп ойлауы мүмкін. П. Мұндай көзқарастардың жетегінде көптегені жөн П/лық қызмет сәттік проблемаларды шешу арқылы халық ағарту жүйесіне ешқандай пайда әкеле алмайды, ол болашақта тууы мүмкін күрделі құбылыстарды алдын-ала болжап, содан сақтандырып отыруыға міндетті.

Психопрофилактикаға басшылық толықтай психологтың қолында. Білімге сүйене отырып, ұжымда қалыпты дамуға қолайлы жағдай жасау үшін өзі ақыл кеңес беріп отырады.  

Мектеп психологының алдын –алу жұмыстарынның мазмұны:

1. Әр даму кезеңіндегі баланың психологиялық және даралық ерекшеліктерінің қалыпты жағдайда жетілуі үшін оқу тәрбие процестерін қадағалайды. (сабақтардың бағдарламаларға сай орындалуы, балалардың батылсыздығын жою).

2. Психологиялық климат.

3. Дағдарыс кезеңдеріне және дамудың 1- сатысы мен 2- сатысына өту уақытында тууы мүмкін қиындықтардың алдын –алу.

 

5. Бақылау сұрақтары:

1.Психологиялық алдын алу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

2.Әлеуметтік психологиялық алдын алу жұмыстары

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Психологиялық алдын алу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

2.Әлеуметтік психологиялық алдын алу жұмыстары

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.

8 лекция

1. Лекция тақырыбы:ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

2. Лекция жоспары:

1.Психологиялық кеңес беруге кіріспе

2.Психологиялық кеңес берудің тарихы және ұғымдары.

3.Психолгиялық кеңес берудің негізгікезеңдері (дайындық , жұмыс, қортынды кезеңдері)

4.Қазіргі кеңес берудің негізгі бағытары (психоаналитикалық дәстүр, К.Юнгтің, Адледің теориясы, бихивиоралды көзқарас)

5.Психологиялық кеңес берудің жүйелік тәсілдері (отбасылық кеңес беру)

6.Кеңес берудің теориялары мен тәжірбиесі саласындағы ғылыми зерттеулер.Қазіргі психологиялық кеңес берудің интергративті тенденциялары.

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді психологиялық кеңес берумен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

Психологиялық кеңес беру– клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын шеше алуы үшін мінез-құлықтың бейімсіз тәсілдерін, психологиялық қиыншылықтарды түсіндіретін психологиялық көмектің түрі. Кеңес беру бұл –адамның проблемаларын зерттеуге, кикілжіңдерін түсінуге, жағдайды меңгерудің жаңа тәсілдерін іздестіруге көмектеседі. Психолог жағдайды өзгерту процесін тікелей басқара алмайтын, бірақ өзгертуге әрекеттенгенде кеңес беріледі. Кеңес беру психологиясы психологиялық кеңес берудің теориялық негізін құрайды. Кеңес беру психологиясы – практикалық психологияның психотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмек көрсетудің тәсілдерін құрайтын саласы. Ол психолог-кеңесші мен клиенттің арасындағы арнайы құрылған қарым-қатынастың барысында психологиялық проблемаларды тудыратын себептер түсініктемесінің, сондай-ақ клиенттің ішкі және тұлғааралық проблемаларды неғұрлым епті шешуіне мүмкіндік беретін дістердің табылуынан бастау алады.

Психологиялық кеңес берудің: клиникалық, басқарушы, ұйымдастырушы, педагогикалық сынды адамдардың тәжірибенің қандай саласында психологтың кеңесіне мұқтаж болуларына байланысты т.с.с. көптеген түрлері бар. Ағылшын психологы М.Херберт «сіз кеңесшілерді мектептерде, өндірістік кәсіпорындарда, ауруханаларда, әлеуметтік қызметтерде кездестіре аламыз; неке, ажырасу мәселелері жөнінен кеңесшілер болады; ата-аналарға, студенттерге, зейнеткерлерге кеңес беріледі».  

Клиент бастапқы диагностика үрдісінің өзінде-ақ нақты кеңес беруші көмекті алады. Сұхбаттасудың барлық кезеңдері клиентке түсініксіз мәселелердің жауабын алуға мүмкіндік береді. Алайды, проблеманың шешілуіне жауап беретін және психологтың мақсатты ықпалын қамтитын кеңес беру процесінің орталық бөлімі, алынып қойған диагностикалық мәліметтерге арқау етуді болжайды. Сұхбаттасудың аталмыш кезеңі қалаулы нәтиженің, яғни мақсаттың сезілуі ретінде белгіленеді. Психолог клиентпен бірге оның идеалын - оның қандай болғысы келетінін, өмірінде қандай жағдайлардың болатынын, проблемаларының қашан шешілетінін анықтайды. Клиент үшін кеңес беруші ықпал кезеңі ерекше болып көрінбейді. Сұхбаттасудың бүкіл барысы оны «инсайтқа» итермелейді. Оның бойында орын ала бастаған өзгерістер: «Барлығын мен өзім түсіндім» - деген оймен, дербес қуатының нәтижесі ретінде сезіледі.

Психологтар кеңес беру процесінде ықпал етудің сәйкес әдістерін қолданады.

Кері ақпараттың ұсынылуы – клиенттің өзінің әрекесттерінің, сезімдері мен ойларының нәтижелерін қабылдау және бағалау дағдыларын арттыруға негізделген әдіс. Ол клиентте өзінің мінез-құлқына деген әлеуметтік реакцияларына сезімталдығы төмендегенде немесе зақымданғанда, не болмаса ол әлеуметтік ортаның әлеуметтік үйреншікті ортасында тіршілік етсе ерекше пайдалы. Психологтың кері байланыс каналдары бойынша берілген жауаптары кеңес беру процесінде аса маңызды рөл ойнайды, олардың көмегімен клиенттің ақпаратты беру процесінде ықпал етіледі.

Кері байланыс әдісі американдық психолог К.Р.Роджерстің әрбір адамның шешетін негізгі міндеті деп атаған адам қажеттіліктерінің аса маңызды түріне сүйенеді. «...Мен әрбір клиенттің бір ғана сұрақты қоятынын аңғардым. Индивидтің шағымданған проблемаларды жағдайының, оқудағы, әйелімен, бастығымен проблемаларының, өзінің қадағаланбайтын немесе оғаш мінез-құлқындағы проблемаларының, үркітетін сезімдерінің астарында клиенттің негізгі ізденісін құрайтын нәрсе жатады. Меніңше, әрбір адам жанының тереңінде: Шын мәнінде мен кіммін? Мен өзімнің үстіртін мінез-құлқымның астарында жатқан «Меніммен» қалайша қатынасқа түсемін? Қалайша мен өз-өзіме келе аламын?»- деп сұрайды. Адамның бәрінен де артық жетуге тырысқан мақсаты, өзі саналы немесе бейсаналы көздейтін мақсатының өз-өзімен болуында».

Кері ақпараттың ұсынылуы нқты ережелерге бағынады:

· Мейлінше клиенттің нақты әрекеттерін еске алу;

· Оның әрекеттерін тудыратын сезімдерді сөз ету;

· Клиент мінез-құлқының жағымды әрі жағымсыз салдарын ескеру;

· Клиент тұлғасының оның өзінің құзырындағы қасиеттерін пайдалану.

Кері ақпараттың бағалар, кеңестер мен тиымдар түрінде ұсынылуы, сондай-ақ тұлғаның маңызды қасиеттерінде нұсқау, пікірлердің сыншылдығы кеңес беру процесін біршама қиындатады және оны ажыратуды да мүмкін.

Сонымен қатар кері байланысқа деген дұрыс қатынасқа үйрету шаралары да жүзеге асырылады.

Өз кезегінде психолог оған клиенттің білдірген кері байланыстың белгілерінде кәсіби сезімтал болуы тиіс.

Интерпретация – кеңес берудің келесі әдісі болып табылады. Бұл клиенттің теорияның немесе психологтың жеке тәжірибесінің негізінде жағдайды жаңаша альтернативті елестетуі. Интерпретация клиенттің айтқандарына немесе көрсеткендеріне, сондай-ақ қарым-қатынас процесінде диагностикалық әдістемелер мен процедуралардың көмегімен анықталғандарға жаңаша түсініктеме беру – талқылау түрінде жүзеге асуы мүмкін.

Интерпретация кеңес берудің басқа әдістерінің негізі болып табылады. Сондай-ақ ол клиент көңіл –күйі мен мінез-құлқының өзгеруіне де ықпал етеді. Кейбір жағдайларда интерпретация симптомды клиенттің өзіне түсініксіз кедергіден, шешуге болатын және шешілуі тиіс анықталған міндетке айналыдрып, оның мазасыздығын төмендету мақсатында қолданылады.

Интерпретацияның барысында күйзелістер ен әрекеттердің, ойлар мен сезімдердің, адамдарға деген қатынастар мен олардың реакциялардың арасындағы себеп-салдарлы байланыстар айғақталады. Сонымен бірге, мұнда клиенттің шығармашылығын, психологиялық міндетті шешу тәсілдерін өз бетінше іздеуін ынталындартын ұқсастықтар, бейнелер мен теңеулер қолдаланылады.

Интерпретация жүйеленген және теориялық анықталған дәлелдерді, диагностикалық зерттеудің нәтижелерін қолданса, оның сенімділігі арта түседі. Клиенттің деректерді, ойлар мен сезімдерді өз бетінше интерпретациялағаны да орынды.

Интерпретация адамдардың дербес әрекетерін раионализациялау қажетіліктеріне негізделеді. Алайда, ондай ақыл-ой қызметінің клиенттермен орындалғаны маңызды: «Ондай ойды мен өзім айттым, сондықтан, мен оған сенуім керек. Мен оны нақты мақсатты жүзеге асыру үшін жасағаныма сенуім керек».

Себептердің ақиқатқа сай түсіндірілуі және проблеманың ықтималды шешімдерінің ұсынылуы кеңес беруің маңызды әдісі болып табылады. Ықттмалды шешімдердің ұсынылуы – тиімді кеңес берудің негізгі талабы болып табылады. Адамдардың неліктен көмек сұрайтындарының көптеген себептерінің ішінен екі себеп неғұрлым жиі кездеседі. Адамдар проблемаларды және оның себептерін түсінбейді, не болмаса оның шешімін таппайды. Кеңес беру жүйесі клиентті дұрыс көзқарасқа бағыттау механизміне ие. 

Кеңесшінің бұйрықшыл емес ұстанымы жан –жақты негізделсе де клиент түсіндірмелер мен ықтималды шешімдерді табуда оған сұраныс береді. Егер шешімнің пісіп жетілу сатысында клиенттің дербес қорытындыға келе алатынының сенімділігі болмаса да оны клиентке қолайлы үлгіде ұсынған жөн.

Кеңес бұл – шешімге әкелетін шешімдерді немесе әрекеттерінді ұсыну. Адам оған неғұрлым мұқтаж болса, ол соғұрлым жақсы қабылданады. Егер клиент кеңес сұрай келсе, оған оны беру қажет, ал кеңес берудің орайы болмаса, үндемеу керек деген ереже бар. «Еегр клиент сізден проблеманың шешімін талап етсе, сіз өзіңіздің оның орнында емес екендігіңізді әрі тек оның өзі ғана жалғыз дұрыс шешімді қабылдай алатынын түсіндіріңіз. Егер клиент табандап ұрып алса, өз ойыңызды жасырмай айтып, сіздің ол емес екендігіңізді ерекше айтып өтіңіз. Ал егер сіздің кеңесіңіз клиентке көмектесіп, рұхтандырса, оған кеңес беріңіз».

Клиенттердің еш қарсылықсыз және бөлшектеп ойластырмай кеңесшінің көзқарасын қабылдауға бұлтартпастан дайын болатынына сенген аңғырттық болар еді. Олар түсініктікті және проблеманың өздеріне қажет шешімін іздейді. Психологтың пікірі клиенттерге рационалды шешімді өз бетінше іздеудің бастапқы нүктесі ретінде қажет.

Алайда, барлық шешімдер қолайлы бола бермейді. Шешімнің әрекетшіл болуы үшін ол клиенттің кеңеске алып келген өмір философиясымен салыстырғанда жақсы үлгісін ұсынуы тиіс.

Психологтар кеңес беру барысында клиенттің проблеманы өз бетінше шеше алатынына деген сенімділікті қалыптастыру үшін «оған өз таңдауы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға көмектесу» деп аталатын әдісті қолданады. Психолог – кеңесшінің басты мақсаты – клиенттің проблеманы өз бетінше шешуіне көмектесуінде. Әрине, психолог проблеманың ықтималды шешімдерін көрсете алады, алайда шешім клиенттің өзіне тиесілі болуы қажет – клиент оны өзі жасап, оған өз бетінше келіп, сенуі тиіс.

Клиенттің жасалынған таңдауға жауапкершілікті қабылдауына дайындалуға көмектесу үшін оның аталмыш таңдауға деген даярлығының өлшемін сезіну қажет. Әртүрлі адамдар ол мезетке әрқилы жолдармен келеді:

· кейбіреулері проблеманың шешіміне деген жауапкершілікті мойындарына алмайды;

· басқалары жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындайды;

· үшіншідері, жауапкершілікті мойындарына ала аламын деп ойласа да, шын мәнінде олай жасамайды;

· төртіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, оны маңызы жоқ жерлерде жасайды;

· бесіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін мойындарына алса да, ол маңызды деп есептелінуі үшін жеткіліксіз болады;

· тек кейбіреулері ғана мойындарына толықтай жауапкершілікті алса да, өздерін тыңдап көмектесетін адамға мұқтаж болады.

Тізімнің соңындағылар түсінікке мұқтаж болса, басына таяулары проблемасының шешіміне деген жауапкерілікті өздерінің мойындарына алу қажет екендігі жайлы сенімділікке зәру болады. Клиент проблемасының шешіміне деген жауапкершілікті өзінің мойынына алса, оның оларды қайтара шешетіні кеңес берудің жетекші принципі болып табылады. Оның проблеманың шешілетініне сенуі қажет.

 

5. Бақылау сұрақтары:

1.Психологиялық кеңес беру дегеніміз не?

2.Психологиялық кеңес берудің тарихы және ұғымдары.

3.Психолгиялық кеңес берудің негізгікезеңдері (дайындық , жұмыс, қортынды кезеңдері)

4.Қазіргі кеңес берудің негізгі бағытарын (психоаналитикалық дәстүр, К.Юнгтің, Адледің теориясы, бихивиоралды көзқарас) атаңыз.

5.Психологиялық кеңес берудің жүйелік тәсілдерні (отбасылық кеңес беру) атаңыз.

 

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Психологиялық кеңес беруге кіріспе

2.Психологиялық кеңес берудің тарихы және ұғымдары.

3.Психолгиялық кеңес берудің негізгікезеңдері (дайындық , жұмыс, қортынды кезеңдері)

4.Қазіргі кеңес берудің негізгі бағытары (психоаналитикалық дәстүр, К.Юнгтің, Адледің теориясы, бихивиоралды көзқарас)

5.Психологиялық кеңес берудің жүйелік тәсілдері (отбасылық кеңес беру)

6.Кеңес берудің теориялары мен тәжірбиесі саласындағы ғылыми зерттеулер.Қазіргі психологиялық кеңес берудің интергративті тенденциялары.

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.