Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лекция тақырыбы: Психолог, клиент және тапсырыс беруші ұғымдары



2 лекция

1. Лекция тақырыбы: Психолог, клиент және тапсырыс беруші ұғымдары

2. Лекция жоспары:

1.Идеалды психолог» ұғымымының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы

2.«Идеалды клиент», «потенциалды тапсырыс беруші» ұғымдарының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерді психолог, клиент және тапсырыс беруші ұғымдарымен таныстыру.

4. Лекция мазмұны

Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты болып, кәсіби қызметтердің аталмыш түріне деген әлеуметтік тапсырыстың көрініс беру формасын білдіреді. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс әрекеттің аталмыш формасының қажеттілігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады. Жалпы, бұндай таппсырыс күрделі ішкі немесе тұлғаралық проблемеға қатынасты кеңес қажет болған психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине психологқа проблемаларын өз бетінше шеше алатын өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуынан алдын ала сақтандыра алатын адамдар келмейді. Алайда, оның іс-әрекетіндегі немесе өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психоогиялық көмекке деген қажеттілігі тудыруы мүмкін.

 Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл - психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті боып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге, клиент психологиялық ақпаратты алушы ла болып табылады, яғни дәл клиенттің проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.

Оқушыларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата-аналар, қызметкерлерге қатысты ұйымдардың басшылығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілердің қатарына жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен тәуелсіз «клиентпен» - тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады.

Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңінен танылатын тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата-аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы келмей, қабілеттерін жүзеге асыруға ниет білдірмеулеріне, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгерімдеріне байланысты. Оқушылар өздерін нақты сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.

Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз-өзіне сенмісіздігі, мінез-құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан қатарластарымен, әсіресе қарама-қарсы жыныстағы құрдастарымен қатым-қатынастарындағы, мұғалімдермен және ата-аналармен өзара қатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен бол балалар нақты қасиеттерін қалай дамтыуға болатының, қандай мамандықты таңдауға болатының сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балалармен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата-аналар мен балалардың, оқушылардың арасындағы даулардың\ қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата-аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.

Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылығына байланысты тапсырыстар да келеді. 

Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет еткен әлеуметтік тапсырысты өзінің күнделікті міндеттерін бастамашылдықпенжәне шығармашылықпен орындау арқылы жүзеге асады. Ол өзінің жоспары бойынша жұмыс жасай отыра, дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына қолын көтеріп, сенімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз аулайды. Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сипаттауда сол қызды өте қабілеттілердің бірі деп атайды. Алайда, кеесі математика сабағында ол өз-өзіне ұқсамайтындай: пысықтығы жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпаейді, ал егер сұраса сенімсіз түрде жасқаншақтықпен жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не жатыр? – деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған вербалданбаған, көркемделмеген тапсырыстың негізінде психологиялық проблеманы құрастыруы қажет.

Жалпы, клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге, одан кеңес алуға немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Ала     алайда, кейбір жағдайларда (жабық мектептерде, түрмелерде, клиникаларда) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды. Әрине, осындай жағдайда өзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру қиынға соғады.

Клиенке қарағанда, тапсырыс беруші, психолог пен клиенттің арасындағы делдал іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына психологиялық көмектің қажет екендігін сезінетін, алайда оны өз күшімен жасай алмайтын интуитивті психолог рөліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта өңдеу іс-шараларын шешу жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс-шаралардың бастамасы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен тапсырыс беруші бір адам болуы мүмкін. Ондай жағдай психологқа түскен жеке-дара көмек, топтық (тұлға ралық) психодиагностика мен кеңеске ұласып, өзара қатынастардағы дау-дамайлардың шешілуін болжағанда орын алады. Егер де, адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және о жайында талқылау үшін келдім» деп көмек сұрай келсе, психолог проблеманың орталық үзбелісі балалар болмаса да, олар жайлы тақырыпты елемей қоя алмайды.

Тапсырыс беруші психологқа клиенттің әлеуметтік мәртебесінің, проблемасының өзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол көздеген психологиялық көмектің мерзіміне, көлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатынасты жағдайлар жөнінде алдын ала ескертеді.

Он төрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсырыс берушісі бола алмайды, өйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес өз әрекеттеріне заңды жауап бере алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңдерді қалыптастырады. Сондай-ақ бұл – практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы мәселе. Егер де клиент он төрт жасқа дейінгі бала болса, ол жайлы психологиялық ақпарат оған жауапты адамдарға хабарланады. Ата-аналар немесе қамқоршылар сірә, ол ақпаратты баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар.

Ересек адамға оның өзі пайдаланып, проблемасын қабылдап, шеше алатын психологиялық ақпарат хабарланады. Клиенттің психологиялық проблемасының шешімі қандай тиімді болса да, ол тек психоогтың ойында ғана келсе, оны клиентке таңуға тырысудың қажеті жоқ. Мұнда адамдардың психолгиялық мәдениеті нақты қызметіндегі психологиялық ақпаратты алу, ұсыну және пайдалану қиыншылықтарының алдын алады.  

 

5. Бақылау сұрақтары:

1. «Идеалды психолог» ұғымымының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы

2.«Идеалды клиент», «потенциалды тапсырыс беруші» ұғымдарының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1. Идеалды психолог. ұғымымының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы

2.«Идеалды клиент», «потенциалды тапсырыс беруші» ұғымдарының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы

3. Психолог имеджі

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.