Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»



22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»

Мақсаты:ішекке жиналған газды шығару

Көрсеткіші:іш кебу

Қарсы көрсеткіштер:ішектен қан кету, тік ішектің қабынуы, тік ішектегі жара

 Құрал - жабдықтар:өсімдік майы, стерильді емесрезеңке қолғап,алжапқыш,клеенка,жөргек,стерильді  жел шығаратын түтікше (№1-6),суы бар ыдыс, стерильді мақта, стерильді дәкелер, дез ерітіндісі бар ыдыс, горшок, ҚЖК.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіңіз.

2. Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

3. Керекті құралдарды дайындаңыз.

4. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып құрғатыңыз, стерильді емес резеңке қолғап және алжапқыш киіңіз.

5. Жөргектеу үстеліне клеенка, оның үстіне жөргекті төсеңіз.

6. Жел шығаратын түтікшенің енгізу тереңдігін белгілеңіз:

- 1 жасқа дейін 5-8см

- 1-3жас 8-10см

- 3-7жас 10-15см

- 7 жастан жоғары 20см

7. Жел шығарғышты түтікшкнің бітеу жағын өсімдік майымен майлаңыз.

8. Алты айға дейінгі баланы арқасына, алтын айдан кейінгі баланы сол жақ қырына,тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызыңыз. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпты бекітіп ұстаңыз.

9. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстаңыз. Ақырындап,күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжытыңыз: 1-2см кіндікке қарай,одан әрі омыртқа жотасының бойымен.

10. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салыңыз.

11. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастаңыз.

12. Жел шығаратын түтікшені 30-60минутқа қалдырыңыз.

13. Жел шығаратын түтікшені орау арқылы салфеткамен сүртіп, шығарыңыз, дез ертіндіге салыңыз.

14. Клеенка және жөргекті алып дез.ертіндіге салыңыз.

15. Дәкемен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлаңыз.

16. Алжапқышты шешіңіз, дез.ертіндіге салыңыз.

17. Қоғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

18. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.