Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(ААР)



20.Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(ААР)

Мақсаты:сусызданымен күресу және оның алдын - алу

Көрсеткіші:диарея

Ауыз арқылы регидратация (ААР )бұрышы –бұл медицина мекемесіндегі, балалардағы диареяны емдеу мақсатында, ауыз арқылы регидратация жүргізетін арнайы орын.

Іс – шара алгоритмі:

1. ААР бұрышын медицина қызметкерлеріне науқас баланы бақылауға, анасына кеңес беруге және қодауға ыңғайлы жерде ұйымдастырыңыз.

2. ААР бұрышы жақсы желдетілетін және дәретхана мен қолжуғышқа жақын орналасуы қажет.

3. ААР бұрышын жабдықтаңыз:

- балаға арналған төсек;

- сұйықтықтар дайындауға және керекті заттарға арналған стол;

- анасына арналған орындық;

- медициналық таразыға арналған тумбочка;

- ыңғайлы кішірек стол немесе тумбочка, анасы ыдыспен ААР арналған сұйықтықтар қоятын, қағаз және қалам;

- жыбдықтарға арналған шкаф ( пакеттер, ААР арналған дәрілік заттар,бір литрлік банкалар, өлшегіш стакандар, кесе, қасықтар и т. д.);

- раковина және қол жууға арналған сұйық сабын;

- ҚЖК.

4. Анасының ААР бұрышында өткізген уақытын санитарлық ағарту жұмысына арнаңыз:

А) ақпарат плакатрын іліңіз;

- диареяның және сусызданудың алдын алу, емдеу жайлы;

- ААР бұрышы жайлы, таза су пайдалану туралы, ана сүтімен тамақтандыру жөнінде;

- ана сүтінің артықшылықтары жайлы;

- қашан баламен медицина мекемесіне қайтып келу жөнінде;

Б) анаға арналған ескертумен, анасын таныстыру.

 

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.