Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»



15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»              

Мақсаты:емдеу (асқазадағы токсикалық еселі заттарды шаю)

Көрсеткіштері:баланың улануы.

Құрал - жабдықтар: залалсыдандырылған асқазан зонды №6,8,10 пинцет, салфеткалар, фартук, лотоктар, ыдыста қайнатылған су 20 – 22 С , Жане шприцы, жайалық, стерильді емес қолғап, шайынды суға арналған ыдыс, ҚЖК, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық әдіспен жуып, құрғатып, стерильді емес резенке қолғап киіңіз.

4. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.

5. Пинцетпен зондты қорабынан алып, жарамдылығын тексеріп, зондты еңгізетін терендігін аңықтаңыз- құлақтың бүртігінен құрының ұшына дейін және семсер тәрізді өсіндіге дейін, лейкопластырмен белгі қойыңыз.

6. Балаға ауыр жағдайда болса алжапқыш тағып, бір қырынан етбетіне қаратынқырап жатқызыңыз.

7. Зондты ұшынан 7 – 8 см қашықтықта қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала қақалып, ентігіп, жөтеліп  жатса зондты алып тастап, кейін процедураны қайталаңыз).

8. Баланың аяқ жағына шайынды суға арналған ыдысты қойыңыз.

9. Шприцке (Жане шприцына) 20-80 мл қайнатылған t-20-22 С сорып алып,зондқа жалғаңыз, шприцті жоғары көтеріп, суды ақырын асқазанға еңғізініз.

10. Зондтың екінші жаған шприцпен бірге төменге қарай түсіріңіз, асқазандағы шайынды суды шприцпен сорып алыңыз да, ыдысқа төгіңіз.

11. Бұл әрекетті асқазаннан таза су шыққанша қайталаңыз.

12. Зонтты шприцтен ажыратып, салфетка арқылы асқазаннан алып тастаңыз.

13. Алжапқышты шешіп, аузын салфеткамен сүртіп баланы анасына беріңіз.

14. Зондты контейнерге тастаңыз, пинцетті дез. ерітіндіге салыңыз.

15. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

16. Қолды жуып, кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

16.Алгоритм: Аңқадан және мұрыннан жағынды алу техникасы.                                                                          Мақсаты: ауа-тамшы індеттерінің қоздырғышын анықтау.                                                                                                                               Көрсеткіші:тұмау, ЖРВИ, менингококкты жұқпалы аурулар.

Қарама-қарсы көрсеткіш: жоқ.                                                                                                     Болатын асқынулар:жоқ.

Құрал жабдықтар:

Ілмекке арналған анжысы бар залалсыздандырылған шыны түтіктер;

шпатель;

жолдама;                                                                                                                                            

дәке салфеткасы;   

ҚЖҚ;

 стерильді емес қолғап;                                                                                                                           

 қызметкерге арналған қорғаныс киім.                                                                                                                                       Әрекет алгоритмі:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.