Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»



29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»

 

Жүрек өкпе реанимациясы АВС сатысы Софара ережесі бойынша жүргізіледі.

А сатысы– тыныс алу жолдарының өткізгіштігін орнына келтіру

В сатысы – өкпеге жасанды дем беру

С сатысы – жүрекке тікелей емес массаж

А сатысы:

1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызыңыз. Көмекке шақырыңыз.

2. Иық астына валик салыңыз, басын артқа шалқайтып, иегін төмен тарту.

3. Ауыз қуысын шырыш, құсық массасынан тазарту: электроотсоспен, резенке балонмен немесе дәкемен.

В сатысы:

4. Баланың аузына және мұрнына дәке салыңыз.

5. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузының және мұрынының үстіне (бір жасқа дейінгі балаларға);баланың аузының немесе мұрнының үстіне (ересек жастағы балаларға)

6. Жеткілікті мөлшердегі ауа көлемі баланың кеудесі ақырын көтерілгенге дейін.

7. Қайталап дем беруді өздігінен дем алғанға дейін жалғастырады.

С сатысы:

8. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызыңыз.

9. Қолды төс сүйегіне орналастыру орны:

а) жаңа туған балаға – үлкен       

   басбармақтың алақан бетін төске,

   басқа саусақтарын арқасына қою;

б) 1-12 айлық балаға - 2 және 3 саусақ

   ұштарын төске қояды;

в) 6-7 жастағы балаға – бір алақанның

    проксимальды бөлігін төске қояды;

г) 7 жастан жоғары балаға – екі алақаның

   проксимальды бөліктерін, айқастырып, көбелек тәрізді төс сүйегіне қояды.

10. Төс сүйегіне төмен басу арқылы 0.5 сек ұстап тұрыңыз.

11. Жүрекке тікелей емес массаждың нәтижесін бір минут ішінде бағаланады (нәтижесі оң болса, жүрек соғысы қалыпқа келеді, қарашықтары кеңійеді, цианоз жойылады)

12. Балаға ылғалды оттегін беріңіз.

Ескерту. Жүрекке тікелей емес массажды жасанды дем берумен қатар өткізген жағдайда: екі мейіргер 1:5 қатнаста, бір мейіргер 2:10 қатынаста жүргізеді.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.