Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»



25.Алгоритм: «Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»

Анықтама:Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:

Анафилактикалық шокқа қарсы жиынтық:

1. Эпинефрин 0,18% - 1,0мл, амп.

2. Натрия хлорид 0,9% - 400 мл, фл.

3. Натрия хлорид 0,9% - 5,0 мл, амп.

4. Преднизолон 30 мг, амп.

5. Кислород, м3

6. Атропина сульфат 0,1% - 1,0 мл, амп.

7. Допамин 0,5% - 5 мл, амп.

8. Жгут

9. Стерильді шприцтер

10. 70% этил спирті

1. Еңгізіліп жатқан препаратты тоқтатыңыз,егер препарат көк тамырға енгізілсе инені шығармай келесі ем шаралар сол ине арқылы жүзеге асырылады.

2. Аллергеннің организмге түсу уақытын, науқастың шағымдарын және клиникалық белгілерін белгілеңіз.

3.  Дәрігерді шақырыңыз.

4. Пациенттің аяқ жағын көтеріп, басын бір жағына бұрып жатқызыңыз.

5. Науқастың жағдайын бағалаңыз. Пульсін, АҚҚ, температурасын өлшеңіз, тері және шырышты қабатын қараңыз. АҚҚ жасының көрсеткішінен 20% төмендесе анафилактикалық реакция пайда болуына күмәндануға болады.

6. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз немесе оттегін беріңіз.

7. Егер иньекция қолына салынса, жгутты жоғарырақ байлаңыз

8. Иньекция орнына мұзды мұйық қойыңыз.

9. Аллергиялық препарат мұрын немесе көз арқылы енгізілсе, сумен шайып, 1-2 тамшы 0.1% адреналин ерітіндісін енгізіңіз.

10. Препарат тері астына енгізілсе сол жердің маңайына 0,1% адреналин ерітіндісін айналдыра шаншып салыңыз (1мл 0.1% адреналин ерітіндісін 10мл физиологиялық ерітіндісіне).

11. Дәрігер келгенше 400мл физиологиялық ерітіндіге 2мл, 5мл 5-6 дана шприц, адреналин, глюкокартикостероидтар дайындаңыз.

12. Дәрігердің нұсқауымен баланың 1жасына 1мл 0.1% ерітіндісін физиологиялық ерітіндіге ерітіп тамшылатып енгізіңіз. Гипотония сақталса 20мин кейін қайталаңыз.

13. Айналымдағы қан көлемін физиологиялық ерітіндісімен толтырып отырыңыз. Сағатына 20-40мг/кг. АҚҚ нормаға келгенде инфузия енгізу жылдамдығын төмендетіңіз.

14. Глюкокортикоидтар: преднизалон 5-10мг/кг немесе гидрокартизон 10-15мг/кг.

15. Реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматологпен бірге, үнемі инфузия жүргізіп және өмірге маңызды көрсеткіштерін бағалай отырып жеткізіңіз.

 

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

26. Алгоритм: «Гипертермия кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»                                                                     Мақсаты: дене қызуын түсіру.                                                                                                                                       Іс – шара алгоритмі:

1.Баланың төсекке жатқызыңыз..                                                                                  

2. Кеудесін қысып тұрған, киімін шешіп босатыңыз.                                                                                                3.Таза ауамен қамтымасыз етіңіз.                                                                                                                            4.Дене қызуын өлшеңіз:

а) егер дене қызуы 37,0 – 37,5С болса, көп мөлшерде сұйықтық ішкізіңіз;

б) егер дене қызуы 37,5 – 38,0 С болса:

- баланы шешіндіріп, физмкалық суыту жүргізіңіз: 1:1 қатнаста спирті сумен араластырып, баланың денесін сүртіп, жауып қойыңыз;

- маңдайына суық компресс қойыңыз;

в) егер дене қызуы 38,0 – 38,5 С немесе одан жоғары болса, - дене қызуын түсіретін препараттар беріңіз – панадол, парацетамол, ибупрофен т.б.                                                  

5. Оксигенотерапия жүргізіңіз..

6. Көмек көрсетіліп басталғаннан алғашқы 20 – 30 минут ішінде баланың зәр шығаруын қамтамасыз етіңіз.                                                                

7. Әр 20 – 30 минут ішінде дене қызуын өлшеп тұрыңыз.

8. Қайталау термометрияның көрсеткішіне байланысты, көрсетілген көмекті бағалаңыз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.